---
title: "ЖАҒДАЙ ҚИЫНДАП БАРАДЫ"
description: "Ойда-жоқта сырттан онкилондардың дауыс салғаны естілді де, барабан дүңгірлеп қоя берді. Жертөлесін..."
author: "kitap28"
published: "2016-04-13T06:07:15+00:00"
modified: "2016-04-14T13:47:44+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zha-day-iyndap-barady-688998"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zha-day-iyndap-barady-688998/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖАҒДАЙ ҚИЫНДАП БАРАДЫ

> Ойда-жоқта сырттан онкилондардың дауыс салғаны естілді де, барабан дүңгірлеп қоя берді. Жертөлесін...

Ойда-жоқта сырттан онкилондардың дауыс салғаны

естілді де, барабан дүңгірлеп қоя берді. Жертөлесінен жүгіре

шыққан жиһангездер онкилондардың қатын-қалаш, бала-

шағасымен түгел Амнундак үйінің алдына жиналғанын көрді.

Іңір қараңғысы мен қалың тұман олардың не істеп, не

қойғанын көрсетпесе, не айтып жатқанын дүңгірлеген барабан

даусы естіртпейді. Олар солай қарай беттей беріп еді, жүгіріп

келе жатқан Аннуирға бетпе-бет жолығып тоқтай қалды.

– Олай қарай бармаңдар, – деді ол алқынып. – Әзір

әйелдер жоқта үйімізге бара тұрайық.

Осыны айтып ол алға жүгіріп кетті де, жиһангездер

соңынан ерді. Жертөлеге кірген соң Аннуир болған жайды

бастан-аяқ баяндады. Жиһангездерді іздей шыққан

жауынгерлер қасиетті көлдің суалып қалғанын көріпті, оның

түбіндегі тақта тастан ақ адамдардың табанының ізін тауыпты.

Тас бетіндегі жұмсақ құм-қайраңға түскен із тәжірибелі

ізшілердің назарынан тыс қалмапты. Олар ізінше қайтып

оралып, көрген-баққанын, ақ адамдардың қасиетті көлге220

барып суалтып кеткенін асығыс Амнундакқа жеткізіпті. Осыған

орай жұрт зар еңіреп, қатерлі хабарды барабан барлық тұраққа

таратып жатыр.

– Олай қарай онкилондарсыз бекер барғансыңдар, –

деді кінә таға сөйлеп шошынған Горохов. – Енді олар көлді

сендер суалтпады дегенге өлсе сенбейді.

– Олар сонда не жасағалы жатыр? – деп сұрады Ордин.

– Олар не амал істерін өздері де білмейді, бәрінде де

зәре-құт жоқ. Жауынгерлер барлық жердің жарылып кеткенін

және көріп келіпті, – деп жауап берді Аннуир. – Көсем

бақсыға кісі жіберіп, құрмалдық бұғыны алып келуге әмір

берді.

– Демек, түнгі тәуеп, рухтарға жалбарыну басталады да!

– деді Горюнов. – Бақсының рухтардан алатын ақыл-кеңесі

қандай болатыны және белгісіз. Бәлкім, ол рухтарға мейірімі

түссін деп ақ адамдарды құрбандыққа шал дейтін шығар.

– Онкилондар адамды құрбан шалмайды, – деді Горохов.

– Одан біздің қорқатын ештеңеміз жоқ. Меніңше, бақсы біз

жедел кетсін дейтін шығар.

– Жарайды, бұл онша қатер емес қой. Теңіз әлі шалқып

жатыр, мұзбен жүрердей бола қойған жоқ, сонда да кетуге

болар, – деді Горюнов.

– Иә, қазір жол жүрер уақыт емес, ешқайда кетуіміздің

жөні жоқ, – деді Горохов. – Мен олармен сөйлесіп көрейін,

бәлкім, беті оңғарылар.

Ол жертөледен шыға жөнелді. Ордин құлағына бірдеңе

сыбырлап еді, Аннуир да оның ізінше зып берді.

Горохов пен келіншектердің жоқтығын пайдаланып

Горюнов Ординге күндізгі Никитаға байланысты әңгіменің

ұзын-ырғасын жеткізді. Ордин де жатжерліктер жағына

жаныға шығып, қалған әйелдермен керісіп қалғаны үшін

Аннуирға шынында да қатты ұрысқанын айтты. Ол оған

жатжерліктердің мүддесі үшін өз тұқымымен түс

шайыспауын, әйтсе олар мұның көзінше ештеңе айтпайтынын,

ал онкилондармен қарым-қатынас шиеленісіп, алакөздік болып221

тұрғанда арасында ойы мен жоспарын алдын ала біліп

отыратын бір адам керек екенін тұспалдап түсіндірді.

Алайда Аннуир әділдігіне көзі жеткен сөгіс үшін емес,

таяу күндері жатжерліктердің кетіп қалғалы тұрғанына

жылапты. Екі дайда қай жағына шығарын білмей, ол әлі де

әрі-сәрі еді: тайпасына деген туыстық сезім күшті, ал жат ел

жөніндегі ой қорқынышты.

– Енді ол бұл мәселені жақсылап тұрып ойластыратын

болады, – деді ол сөзін тұжырымдай келіп. – Ойы жетелесе,

бізбен бірге кетеді. Ол мені жанындай сүйеді, мен де оны

сүйемін, ажырасу дегенің аса ауыр соғатын түрі бар.

– Ал, Горохов, көр де тұр, осы арада өзі қалады, – деп

сөз қосты Горюнов. – Оған мынау тоқ тұрмыс, тыныш өмір

қатты ұнап қалған.

– Оқиға алда да осылай өрби беретін болса, тыныш өмір,

дегенің бұл жердің көзінен бұлбұл ұшар деп ойлаймын, –

деп Ордин және бір ойдың ұштығын шығарып қойды.

– Сондағы топшылайтыныңыз не?

– Аннуир екеуміздің қайда болғанымызды білесіздер

ме? Біз келесі алаңқайға, сағатына екі мәрте бу атқылайтын

көбікті көлге бардық. Жағасында сағаттан артық отырдық,

бірақ не бу атқанын, не көпіршігенін көрғеніміз жоқ.

– Міне, гәп қайда!

– Осыны қасиетті көлдің құрып кетуімен, жер

қыртысындағы сан-сапалақ жарықпен салыстырсақ, бұл

ойпаттың жерасты жүйесін жер сілкіну әбден бұзып кетті

деген қорытынды шығару қиын емес. Осыдан мен қатты

шошимын...

– Сонда онкилондар қалай күн көрмек! – деп мырс етіп

сөзді бөлді Костяков. – Бір көл суалып, бір көл бу атпаса,

одан бізге келіп-кетер не бар! Басқалары бәрі қаз қалпында

емес пе.

–Күлмей тұра тұр! Келіп-кетер неге болмасын, – деп

Ордин сөзін салмақтай түсті. – Поляр мұзының ортасындағы

осынау ойпаттың жылылығы неден деп ойлайсыздар? Ол

сөнген жанартаудың қойнауынан шығып жатқан жерасты222

жылуынан. Бұл жылусыз ойпат қалың мұз бен қаасат қарға

көміліп, сіреу боп сіреседі де қалады.

– Ә-ә-ә! – деді даусын созып Костяков, жүзі де байсал

тартты.

– Иә! Жерасты режимін бұзып жер қойнауынан жылу

тартатын жарықтарды бітеп, жер сілкіну таяу уақытта

ойпаттың ауа райын шұғыл өзгертіп жіберуі кәдік...

– Күллі жан-жануар, өсімдік түгел құриды де, – деп

оның сөзін бөлді Горюнов.

– Иә, жан иесінің бәрі осы алдағы қыста-ақ құрып бітеді.

Біз бұл араның қысы қандай жұмсақ болғанын, жануарлар

өз азығын қар астынан тауып жегенін жақсы білеміз.

– Ыстықтың денін осы көпіршіген көлдер емес, ойпаттың

терістік бөлегі бермейтін бе еді? Бәлкім, о жақ бәз қалпында

қалған шығар.

– Шүбәм бар. Алғашқы жер сілкінуін біз сонда көрдік.

Мүмкін, ыстық су мен бу шығаратын жарықшақтың бәрі

бірдей бітелмеген де болар. Олай болса, табиғат та шұғыл

өзгермесе керек. Бірақ келесі бір жер сілкіну бәрін тып-

типыл етпесіне кім кепіл?!

– Біле білсеңіздер, Мыңтүтін алқабына тағы бір барып,

не болғанын анықтап қайтуымыз керек.

– Әрине, бұл пайдалы болар еді. Бірақ Амнундак

жібермей қоя ма деп қорқамыы.

– Неге?

– Неге екені, біз тұп-тура сонда болғанымызда жер

сілкінді. Ал онкилондардың соқыр сенімі деген...

– Түсінемін. Онда жасырынып бару керек – бәрібір

онкилондармен достық бүлінді, енді бұдан жаман

бұзылмайды.

– Жауынгерлерсіз және қатерлі. Вампулармен кездесіп

қалуымыз мүмкін, – деп қауіп айтты Костяков.

– Олар алғашқы атылған мылтық даусынан-ақ тығылып

қашады, ал түнде иттер күзетеді. Онша артынып-тартынбасақ,

соңғы судың басында бір түнеп, екі күнде оралып келуге223

болады. Мыңтүтін алқабына ен бойлап, әрі барудың қажеті

жоқ, қайнаған су мен будың атқылап жатқаны бірден-ақ

көрінеді.

– Дұрыс! – деді Горюнов. – Ертең жолға ертерек шығу

керек. Гороховты, әрине, әйелдермен осында тағы да тастап

кетуіміз керек.

– Жоқ, менің Аннуирді бірге алып жүргім келеді.

– Керегі не? Аяғымызға бөгет болып еркін көсілтпейді.

– Бөгет болмайды, жүре беруге жалықпайтын жан. Оның

үстіне біз жекеленсек, басып өткен мекендеріміз қашып бара

ма деп күдіктенуі мүмкін. Ал Аннуир бізді бақылап жүргендей

болып көрінеді.

– Үш еркекке бір қатын бақылаушы дегенге ешкім сене

қоймас, – деп күлді Костяков.

– Мейлі, онкилондардың тыңшысы де, жол басшысы да

– қалай атасаңдар да мейілдерің білсін. Әзір өзге тұрақ-

мекендерде біздің Амнундакпен ара қатынасымыз

бұзылғанын білмейді. Оның үстіне Аннуир сол шеткі рудан,

жолын көзін жұмып қойып табады, яғни жақсы жолбасшы

болады. Жақсы жолбасшың болса уақыт та зая кетпейді.

– Сіздің, сөзіңіз бұл жолы да дұрыс! Яғни мәселе шешілді:

ертең ерте жолға шығамыз. Аннуирға айт, ақырындап бізге

жол азығын камдай береін.

– Ал Гороховқа тістеріңнен шығара көрме! Қазір ешкім

жоқта қоржын мен мылтықтарды сайлап қоялық.

Жиһангездер жиналып бола бергенде жертөлеге алқынып

Аннуир жүгіріп кірді.

– Амнундак пен жауынгерлерге Никита көп түсіндірді,

– деді ол асығып-аптығып. – Жердің қайтып сілкінбейтінін,

жарылмайтынын, қасиетті көлдің қалпына келетінін, бәрі де

баяғыдай жақсы болатынын айтты. Әрине, ақ адамдардың

бұл не қылғаны деп онкилондар ашулы. «Біз бәрі-бәрін: азық-

түлік, жақсы жай, жас келіншек бердік, ал олардың бізге

жақсылық жасағысы келмейді» деп бұрқылдайды. Ал

әйелдер болса: «Олардың жасыны мен нажағайын сыпырып224

алып, келген жағына қоя беру керек. Оларсыз тып-тыныш-

ақ өмір сүріп едік», – деп байбалам салады. Никита қайта

түсіндірсе де, олар өз айтқанын жөптеп болмайды. Ақыры,

Амнундак: бақсы келсін, балын ашсын, ол не айтса, сол

болады деген байлам жасады.

– Никита абайламай оларға қайтып болмайтын дүниені

уәде еткен екен – деді Горюнов.

– Қалай десе, олай десін, Никитаның уәдесіне қарамай-

ақ істі түптеп келгенде бақсы шешеді ғой, – деп пікір қосты

Костяков.

– Меніңше, сол бақсы да «халық үніне» құлақ асуы керек,

– деді Ордин. – Бұл бір қу шал көрінеді. Естеріңізде ме,

біз келген күні зікір салып, бал ашқаны: рухтардың атынан

сөйлеген болып ақ адамдар онкилондармен қала тұрған кезде

апат басталмауы мүмкін деді ғой. Ол солай жол тауып

жалтарып кетіп еді, онысы дұрыс та болып шыққан жоқ па!

Горохов сөйлей кірді.

– Мен оларды аздап басқан болдым, әуелі бәрі өре тұрып

еді, артынан сабасына түсті-ау. Қиғылықты көбіне қатындар

салды: «желкелеп қуып жіберу керек оларды, яғни бізді»

деп бет бақтырмайды бәтшағарлар. «Біз, дейді, оларға азық-

түлік, ыдыс-аяқ бердік, басына жақсы үй, қойнына таңдаулы

қыз салып бердік, мына істеп отырғандары соның ақысы

ма?!» Не керек, осылай бір дәуірлеп кетті дейсің!.. Бақсы

келіп үкімін өзі айтады деп Амнундак зорға басты. Бақсы

жаңа ғана келді де, мені жүре берсін деді.

– Зікір салып, дұға оқығанына қатысатын шығармыз деп

жүрсем... – деді Горюнов.

– Жоқ, қатысуға болмайды, – деп шынын айтты Горохов.

– Бақсы келіп, мені көрісімен Амнундакқа, тәуеп еткенде

бірде-бір ақ адам болмасын деп ескертті.

– Демек, сот сотталушылар жағында болғаны ғой, – деп

мырс етті Костяков. – Ал келіншектер ше?225

– Олар сонда отыр. Бақсының не байламға келгенін

солардан білеміз.

Шамасы, жертөлеге кіргенде «бақсы келіп, менің

шығуымды сұрады» дегенін ести сала Аннуирдің оның

сыртымен сып беріп шыға жөнелгенін Горохов аңдай алмай

қалса керек.

– Далада қандай суық екенін көрсеңдер ғой, – деді

Горохов от басына отырып жатып, қолын жылытып. – Тіпті

қатып қалдым сөйлесіп тұрып. Біздің Казачьедегі сияқты

қалың тұман, әрі сұп-суық.

Ордин Горюновқа бірдеңе айтқысы келгендей жаутаңдай

қарап, екеуі де іле сыртқа шықты.

Көптен кездеспеген суық оларды да қалтыратып жіберді,

Тегі, температура нөлден сәл ғана жоғары болса керек. Көзге

түртсе көрмейтін қараңғының тап өзі, екі қадам жерден біріңді

бірің ажыратып болмайды. Жертөленің шаңырағынан шыққан

түтін ғана төбесіндегі қалың тұманды сәл серпіп тұр.

Көсемнің үйінен даңғыра дабылы мен бақсының зікірі

естілді. Иттер иелерін танып жүгіріп кеп аяғына оралып,

қыңсылай үйге ала кір деп жалынғандай болды.

– Оһо, бұлар да суықты тосырқап қалыпты! – деді Ордин.

– Оқа емес, үйрене беріндер, ұзамай сол суық атамекенге

ораласыңдар.

– Бірақ біз ертең терістікке бармаймыз ба? – деп сұрады

Горюнов.

– Көреміз, бақсы құдайынан қандай нұсқау алатынын

күтелік те. Бәлкім, бүгін түн тұманды пайдаланып, бұл арадан

қашуға тура келер.

– Түнде жол табуымыз екіталай ғой.

– Мына мақұлықтарды не үшін ертіп жүрміз? Осылар

бастап апарады бізді, – деді Ордин аяғына оралып жатқан

Кротты сипап.

Олар жертөлеге оралғанда зеріккен Горохов ұйықтағалы

төсек салып жатыр екен. Оның қорылға басқанын күтіп226

отырып жиһангездер түнде қашып шығуға тура келе ме деген

жорамалын айтып, кәкір-шүкірді жинастыра бастады. Содан

соң от басына кеп жайғасып, әйелдердің келуін сарыла күтті.

Ақыры Аннуир да келіп, от басына жайғасты да, көзі

жасаурап жалынға телміре отырып сөз бастады:

– Бақсының айтуынша, онкилондардың халі қиын.

Ызғырық суық, топан су, өрт... Бабалардың болжап айтқаны

келді. Ақ адамдар келісімен бақытсыздық басталды, олар

кеткенмен де жағдай қайтып түзелмейді. Қолынан келсе

қайта көмектессін. Құлшылық қылайық, құрмалдық шалайық.

Бақсы абдырап-абыржып жүйесіз сөйледі. Дұғасын үш мәрте

қайта бастады. Қазір жаны жоқтай сұлық жатыр. Жақсы

бірдеңе айтпас па екен деп онкилондар сарыла күтіп отыр.

Зікірдің нәтижесі жиһангездердің жанына жағып кетті.

Жақпағанда ше, бұларды апаттың тікелей жіберушісі деп,

оны жедел тоқтат деп, болмаса қазірден-ақ табанынды

жалтырат деп отырған жоқ. Апат бір апта немесе бір ай

тыныс алдырса, онкилондардың жүрегі орнына түсіп, қалған

уақытты тату өткізіп, оңтайлы сәтін күтіп отырып кетіп қалуға

болар еді.

– Аннуир, – деді Ордин, – ертең таң елең-алаңнан біз

Мыңтүтін алқабына тартамыз, сен бізбен бірге барасың. Бірақ

басқаларға тісіңнен шықпасын.

– Сол кесапатты жерге қайта барып не аласыңдар?

– Не болып жатқанын көру керек, онкилондардың

бақытсыздығы қашан тоқтайтынын білу керек.

– Оны қалай білесіңдер? Қызық, бақсы білмегенді сендер

қайдан білесіңдер?

– Бізбен бірге барсаң – сен де білесің, түсіндіреміз бәрін

де. Сенің руыңның тұрағын басып өтеміз. Сен ең төте жолын

білесің ғой?

– Неге білмеймін – талай жүрген жол емес пе.

– Тұманда жол табасың ба?

– Табуға тырысармын. Сен үшін бәрін де жасаймын!227

– Онда қазір жатып ұйықта, ерте тұру керск. – Олар

жатысымен қалған төрт келіншек те келді. Жертөледен ешкім

көзіне түспей, алғаш олар ақ адамдар білдіртпей кетіп отырған

екен деп шошып қалды, ұйықтап жатқандарын көрген соң

отқа аздап жылынып алды да, орынды-орнына тарасты,

ұзамай әр тұстан күбір-сыбыр естілді. Жиһангездер ертеңіне

бақсының ақ адамдар кетпеуі керек, кетсе бұдан да жаман

болады дегенін білді. Түнде келіншектері сол үшін де

оралыпты.

Ойда-жоқта сырттан онкилондардың дауыс салғаныестілді де, барабан дүңгірлеп қоя берді. Жертөлесінен жүгірешыққан жиһангездер онкилондардың қатын-қалаш, бала-шағасымен түгел Амнундак үйінің алдына жиналғанын көрді.Іңір қараңғысы мен қалың тұман олардың не істеп, неқойғанын көрсетпесе, не айтып жатқанын дүңгірлеген барабандаусы естіртпейді. Олар солай қарай беттей беріп еді, жүгіріпкеле жатқан Аннуирға бетпе-бет жолығып тоқтай қалды.

– Олай қарай бармаңдар, – деді ол алқынып.

– Әзірәйелдер жоқта үйімізге бара тұрайық.Осыны айтып ол алға жүгіріп кетті де, жиһангездерсоңынан ерді. Жертөлеге кірген соң Аннуир болған жайдыбастан-аяқ баяндады. Жиһангездерді іздей шыққанжауынгерлер қасиетті көлдің суалып қалғанын көріпті, оныңтүбіндегі тақта тастан ақ адамдардың табанының ізін тауыпты.Тас бетіндегі жұмсақ құм-қайраңға түскен із тәжірибелі ізшілердің назарынан тыс қалмапты. Олар ізінше қайтыпоралып, көрген-баққанын, ақ адамдардың қасиетті көлге барып суалтып кеткенін асығыс Амнундакқа жеткізіпті. Осығанорай жұрт зар еңіреп, қатерлі хабарды барабан барлық тұраққатаратып жатыр.

– Олай қарай онкилондарсыз бекер барғансыңдар, –деді кінә таға сөйлеп шошынған Горохов.

– Енді олар көлдісендер суалтпады дегенге өлсе сенбейді.

– Олар сонда не жасағалы жатыр? – деп сұрады Ордин.

– Олар не амал істерін өздері де білмейді, бәрінде дезәре-құт жоқ. Жауынгерлер барлық жердің жарылып кеткенінжәне көріп келіпті, – деп жауап берді Аннуир.

– Көсембақсыға кісі жіберіп, құрмалдық бұғыны алып келуге әмірберді.– Демек, түнгі тәуеп, рухтарға жалбарыну басталады да!– деді Горюнов.

– Бақсының рухтардан алатын ақыл-кеңесіқандай болатыны және белгісіз. Бәлкім, ол рухтарға мейірімітүссін деп ақ адамдарды құрбандыққа шал дейтін шығар.– Онкилондар адамды құрбан шалмайды, – деді Горохов.

– Одан біздің қорқатын ештеңеміз жоқ. Меніңше, бақсы бізжедел кетсін дейтін шығар.

– Жарайды, бұл онша қатер емес қой. Теңіз әлі шалқыпжатыр, мұзбен жүрердей бола қойған жоқ, сонда да кетугеболар, – деді Горюнов.

– Иә, қазір жол жүрер уақыт емес, ешқайда кетуіміздіңжөні жоқ, – деді Горохов. – Мен олармен сөйлесіп көрейін,бәлкім, беті оңғарылар.Ол жертөледен шыға жөнелді. Ордин құлағына бірдеңесыбырлап еді, Аннуир да оның ізінше зып берді.Горохов пен келіншектердің жоқтығын пайдаланыпГорюнов Ординге күндізгі Никитаға байланысты әңгіменіңұзын-ырғасын жеткізді. Ордин де жатжерліктер жағынажаныға шығып, қалған әйелдермен керісіп қалғаны үшінАннуирға шынында да қатты ұрысқанын айтты. Ол оғанжатжерліктердің мүддесі үшін өз тұқымымен түсшайыспауын, әйтсе олар мұның көзінше ештеңе айтпайтынын,ал онкилондармен қарым-қатынас шиеленісіп, алакөздік болып тұрғанда арасында ойы мен жоспарын алдын ала біліпотыратын бір адам керек екенін тұспалдап түсіндірді.Алайда Аннуир әділдігіне көзі жеткен сөгіс үшін емес,таяу күндері жатжерліктердің кетіп қалғалы тұрғанынажылапты. Екі дайда қай жағына шығарын білмей, ол әлі деәрі-сәрі еді: тайпасына деген туыстық сезім күшті, ал жат елжөніндегі ой қорқынышты.

– Енді ол бұл мәселені жақсылап тұрып ойластыратынболады, – деді ол сөзін тұжырымдай келіп.

– Ойы жетелесе,бізбен бірге кетеді. Ол мені жанындай сүйеді, мен де онысүйемін, ажырасу дегенің аса ауыр соғатын түрі бар.

– Ал, Горохов, көр де тұр, осы арада өзі қалады, – депсөз қосты Горюнов. – Оған мынау тоқ тұрмыс, тыныш өмірқатты ұнап қалған.

– Оқиға алда да осылай өрби беретін болса, тыныш өмір,дегенің бұл жердің көзінен бұлбұл ұшар деп ойлаймын, –деп Ордин және бір ойдың ұштығын шығарып қойды.

– Сондағы топшылайтыныңыз не?

– Аннуир екеуміздің қайда болғанымызды білесіздерме? Біз келесі алаңқайға, сағатына екі мәрте бу атқылайтынкөбікті көлге бардық. Жағасында сағаттан артық отырдық,бірақ не бу атқанын, не көпіршігенін көрғеніміз жоқ.

– Міне, гәп қайда!

– Осыны қасиетті көлдің құрып кетуімен, жерқыртысындағы сан-сапалақ жарықпен салыстырсақ, бұлойпаттың жерасты жүйесін жер сілкіну әбден бұзып кеттідеген қорытынды шығару қиын емес. Осыдан мен қаттышошимын...

– Сонда онкилондар қалай күн көрмек! – деп мырс етіпсөзді бөлді Костяков.

– Бір көл суалып, бір көл бу атпаса,одан бізге келіп-кетер не бар! Басқалары бәрі қаз қалпындаемес пе.

–Күлмей тұра тұр! Келіп-кетер неге болмасын, – депОрдин сөзін салмақтай түсті.

– Поляр мұзының ортасындағыосынау ойпаттың жылылығы неден деп ойлайсыздар? Олсөнген жанартаудың қойнауынан шығып жатқан жерасты жылуынан. Бұл жылусыз ойпат қалың мұз бен қаасат қарғакөміліп, сіреу боп сіреседі де қалады.

– Ә-ә-ә! – деді даусын созып Костяков, жүзі де байсалтартты.

– Иә! Жерасты режимін бұзып жер қойнауынан жылутартатын жарықтарды бітеп, жер сілкіну таяу уақыттаойпаттың ауа райын шұғыл өзгертіп жіберуі кәдік...

– Күллі жан-жануар, өсімдік түгел құриды де, – депоның сөзін бөлді Горюнов.

– Иә, жан иесінің бәрі осы алдағы қыста-ақ құрып бітеді.Біз бұл араның қысы қандай жұмсақ болғанын, жануарларөз азығын қар астынан тауып жегенін жақсы білеміз.

– Ыстықтың денін осы көпіршіген көлдер емес, ойпаттыңтерістік бөлегі бермейтін бе еді? Бәлкім, о жақ бәз қалпындақалған шығар.

– Шүбәм бар. Алғашқы жер сілкінуін біз сонда көрдік.Мүмкін, ыстық су мен бу шығаратын жарықшақтың бәрібірдей бітелмеген де болар. Олай болса, табиғат та шұғылөзгермесе керек. Бірақ келесі бір жер сілкіну бәрін тып-типыл етпесіне кім кепіл?!

– Біле білсеңіздер, Мыңтүтін алқабына тағы бір барып,не болғанын анықтап қайтуымыз керек.

– Әрине, бұл пайдалы болар еді. Бірақ Амнундакжібермей қоя ма деп қорқамыы.

– Неге?

– Неге екені, біз тұп-тура сонда болғанымызда жерсілкінді. Ал онкилондардың соқыр сенімі деген...

– Түсінемін. Онда жасырынып бару керек – бәрібіронкилондармен достық бүлінді, енді бұдан жаманбұзылмайды.

– Жауынгерлерсіз және қатерлі. Вампулармен кездесіпқалуымыз мүмкін, – деп қауіп айтты Костяков.

– Олар алғашқы атылған мылтық даусынан-ақ тығылыпқашады, ал түнде иттер күзетеді. Онша артынып-тартынбасақ,соңғы судың басында бір түнеп, екі күнде оралып келуге болады. Мыңтүтін алқабына ен бойлап, әрі барудың қажетіжоқ, қайнаған су мен будың атқылап жатқаны бірден-ақкөрінеді.

– Дұрыс! – деді Горюнов.

– Ертең жолға ертерек шығукерек. Гороховты, әрине, әйелдермен осында тағы да тастапкетуіміз керек.

– Жоқ, менің Аннуирді бірге алып жүргім келеді.– Керегі не? Аяғымызға бөгет болып еркін көсілтпейді.– Бөгет болмайды, жүре беруге жалықпайтын жан. Оныңүстіне біз жекеленсек, басып өткен мекендеріміз қашып барама деп күдіктенуі мүмкін. Ал Аннуир бізді бақылап жүргендейболып көрінеді.

– Үш еркекке бір қатын бақылаушы дегенге ешкім сенеқоймас, – деп күлді Костяков.

– Мейлі, онкилондардың тыңшысы де, жол басшысы да– қалай атасаңдар да мейілдерің білсін. Әзір өзге тұрақ-мекендерде біздің Амнундакпен ара қатынасымызбұзылғанын білмейді. Оның үстіне Аннуир сол шеткі рудан,жолын көзін жұмып қойып табады, яғни жақсы жолбасшыболады. Жақсы жолбасшың болса уақыт та зая кетпейді.

– Сіздің, сөзіңіз бұл жолы да дұрыс! Яғни мәселе шешілді:ертең ерте жолға шығамыз. Аннуирға айт, ақырындап бізгежол азығын камдай береін.

– Ал Гороховқа тістеріңнен шығара көрме! Қазір ешкімжоқта қоржын мен мылтықтарды сайлап қоялық.Жиһангездер жиналып бола бергенде жертөлеге алқынып Аннуир жүгіріп кірді.

– Амнундак пен жауынгерлерге Никита көп түсіндірді,– деді ол асығып-аптығып.

– Жердің қайтып сілкінбейтінін,жарылмайтынын, қасиетті көлдің қалпына келетінін, бәрі дебаяғыдай жақсы болатынын айтты. Әрине, ақ адамдардыңбұл не қылғаны деп онкилондар ашулы. «Біз бәрі-бәрін: азық-түлік, жақсы жай, жас келіншек бердік, ал олардың бізгежақсылық жасағысы келмейді» деп бұрқылдайды. Аләйелдер болса: «Олардың жасыны мен нажағайын сыпырып алып, келген жағына қоя беру керек. Оларсыз тып-тыныш-ақ өмір сүріп едік», – деп байбалам салады. Никита қайтатүсіндірсе де, олар өз айтқанын жөптеп болмайды. Ақыры,Амнундак: бақсы келсін, балын ашсын, ол не айтса, солболады деген байлам жасады.

– Никита абайламай оларға қайтып болмайтын дүниеніуәде еткен екен – деді Горюнов.

– Қалай десе, олай десін, Никитаның уәдесіне қарамай-ақ істі түптеп келгенде бақсы шешеді ғой, – деп пікір қостыКостяков.– Меніңше, сол бақсы да «халық үніне» құлақ асуы керек,– деді Ордин.

– Бұл бір қу шал көрінеді. Естеріңізде ме,біз келген күні зікір салып, бал ашқаны: рухтардың атынансөйлеген болып ақ адамдар онкилондармен қала тұрған кездеапат басталмауы мүмкін деді ғой. Ол солай жол тауыпжалтарып кетіп еді, онысы дұрыс та болып шыққан жоқ па!Горохов сөйлей кірді.

– Мен оларды аздап басқан болдым, әуелі бәрі өре тұрыпеді, артынан сабасына түсті-ау. Қиғылықты көбіне қатындарсалды: «желкелеп қуып жіберу керек оларды, яғни бізді»деп бет бақтырмайды бәтшағарлар. «Біз, дейді, оларға азық-түлік, ыдыс-аяқ бердік, басына жақсы үй, қойнына таңдаулықыз салып бердік, мына істеп отырғандары соның ақысыма?!» Не керек, осылай бір дәуірлеп кетті дейсің!.. Бақсыкеліп үкімін өзі айтады деп Амнундак зорға басты. Бақсыжаңа ғана келді де, мені жүре берсін деді.

– Зікір салып, дұға оқығанына қатысатын шығармыз депжүрсем... – деді Горюнов.

– Жоқ, қатысуға болмайды, – деп шынын айтты Горохов.

– Бақсы келіп, мені көрісімен Амнундакқа, тәуеп еткендебірде-бір ақ адам болмасын деп ескертті.

– Демек, сот сотталушылар жағында болғаны ғой, – депмырс етті Костяков.

– Ал келіншектер ше?

– Олар сонда отыр. Бақсының не байламға келгенінсолардан білеміз.Шамасы, жертөлеге кіргенде «бақсы келіп, меніңшығуымды сұрады» дегенін ести сала Аннуирдің оныңсыртымен сып беріп шыға жөнелгенін Горохов аңдай алмайқалса керек.

– Далада қандай суық екенін көрсеңдер ғой, – дедіГорохов от басына отырып жатып, қолын жылытып.

– Тіптіқатып қалдым сөйлесіп тұрып. Біздің Казачьедегі сияқтықалың тұман, әрі сұп-суық.Ордин Горюновқа бірдеңе айтқысы келгендей жаутаңдайқарап, екеуі де іле сыртқа шықты.Көптен кездеспеген суық оларды да қалтыратып жіберді,Тегі, температура нөлден сәл ғана жоғары болса керек. Көзгетүртсе көрмейтін қараңғының тап өзі, екі қадам жерден біріңдібірің ажыратып болмайды. Жертөленің шаңырағынан шыққантүтін ғана төбесіндегі қалың тұманды сәл серпіп тұр.Көсемнің үйінен даңғыра дабылы мен бақсының зікіріестілді. Иттер иелерін танып жүгіріп кеп аяғына оралып,қыңсылай үйге ала кір деп жалынғандай болды.

– Оһо, бұлар да суықты тосырқап қалыпты! – деді Ордин.

– Оқа емес, үйрене беріндер, ұзамай сол суық атамекенгеораласыңдар.

– Бірақ біз ертең терістікке бармаймыз ба? – деп сұрадыГорюнов.

– Көреміз, бақсы құдайынан қандай нұсқау алатынынкүтелік те. Бәлкім, бүгін түн тұманды пайдаланып, бұл араданқашуға тура келер.

– Түнде жол табуымыз екіталай ғой.

– Мына мақұлықтарды не үшін ертіп жүрміз? Осыларбастап апарады бізді, – деді Ордин аяғына оралып жатқанКротты сипап.Олар жертөлеге оралғанда зеріккен Горохов ұйықтағалытөсек салып жатыр екен. Оның қорылға басқанын күтіп отырып жиһангездер түнде қашып шығуға тура келе ме дегенжорамалын айтып, кәкір-шүкірді жинастыра бастады. Содансоң от басына кеп жайғасып, әйелдердің келуін сарыла күтті.Ақыры Аннуир да келіп, от басына жайғасты да, көзіжасаурап жалынға телміре отырып сөз бастады:

– Бақсының айтуынша, онкилондардың халі қиын.Ызғырық суық, топан су, өрт... Бабалардың болжап айтқаныкелді. Ақ адамдар келісімен бақытсыздық басталды, оларкеткенмен де жағдай қайтып түзелмейді. Қолынан келсеқайта көмектессін. Құлшылық қылайық, құрмалдық шалайық.Бақсы абдырап-абыржып жүйесіз сөйледі. Дұғасын үш мәртеқайта бастады. Қазір жаны жоқтай сұлық жатыр. Жақсыбірдеңе айтпас па екен деп онкилондар сарыла күтіп отыр.Зікірдің нәтижесі жиһангездердің жанына жағып кетті.Жақпағанда ше, бұларды апаттың тікелей жіберушісі деп,оны жедел тоқтат деп, болмаса қазірден-ақ табанындыжалтырат деп отырған жоқ. Апат бір апта немесе бір айтыныс алдырса, онкилондардың жүрегі орнына түсіп, қалғануақытты тату өткізіп, оңтайлы сәтін күтіп отырып кетіп қалуғаболар еді.

– Аннуир, – деді Ордин, – ертең таң елең-алаңнан біз Мыңтүтін алқабына тартамыз, сен бізбен бірге барасың. Бірақбасқаларға тісіңнен шықпасын.

– Сол кесапатты жерге қайта барып не аласыңдар?

– Не болып жатқанын көру керек, онкилондардыңбақытсыздығы қашан тоқтайтынын білу керек.

– Оны қалай білесіңдер? Қызық, бақсы білмегенді сендерқайдан білесіңдер?

– Бізбен бірге барсаң – сен де білесің, түсіндіреміз бәрінде. Сенің руыңның тұрағын басып өтеміз. Сен ең төте жолынбілесің ғой?– Неге білмеймін – талай жүрген жол емес пе.

– Тұманда жол табасың ба?

– Табуға тырысармын. Сен үшін бәрін де жасаймын!

– Онда қазір жатып ұйықта, ерте тұру керск.

– Оларжатысымен қалған төрт келіншек те келді. Жертөледен ешкімкөзіне түспей, алғаш олар ақ адамдар білдіртпей кетіп отырғанекен деп шошып қалды, ұйықтап жатқандарын көрген соңотқа аздап жылынып алды да, орынды-орнына тарасты,ұзамай әр тұстан күбір-сыбыр естілді. Жиһангездер ертеңінебақсының ақ адамдар кетпеуі керек, кетсе бұдан да жаманболады дегенін білді. Түнде келіншектері сол үшін деоралыпты.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zha-day-iyndap-barady-688998](https://yvision.kz/post/zha-day-iyndap-barady-688998)