---
title: "ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ"
description: "ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен «Nur Otan» партиясының Ақжайық ау..."
author: "akzhaiyk.nurotan.kz"
published: "2021-10-26T13:08:02+00:00"
modified: "2021-10-26T13:08:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zha-a-ta-ayyndau-952518"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zha-a-ta-ayyndau-952518/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

> ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен «Nur Otan» партиясының Ақжайық ау...

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Ермуханов Артур Орынғалиұлы тағайындалды.

А.Ермуханов 1988 жылғы 23 мамырда Базаршолан ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін кәсіптік білім бакалавры, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі және 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жастар тәжірибесінен бастап, кейін аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы, 2011 жылдан бастап Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2013 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, 2015 жылы Базартөбе ауылдық округінің әкімі, 2018 жылы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, кейін Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, тағайындауға дейін Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2021 жылдың 22 қазанынан Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов активке таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zha-a-ta-ayyndau-952518](https://yvision.kz/post/zha-a-ta-ayyndau-952518)