---
title: "ЖҮРЕГІ ҚАТТЫ ШЫҒАР ТАСТАН-ДАҒЫ"
description: "Өмірдің заңы қатал, əрі күшті, Əр адам тағдырына бағынышты. Кей сəби дүниеге келе сала, Сезініп өсе..."
author: "alpiyarova"
published: "2016-10-18T01:50:40+00:00"
modified: "2016-10-18T01:50:40+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zh-regi-atty-shy-ar-tastan-da-y-719287"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zh-regi-atty-shy-ar-tastan-da-y-719287/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖҮРЕГІ ҚАТТЫ ШЫҒАР ТАСТАН-ДАҒЫ

> Өмірдің заңы қатал, əрі күшті, Əр адам тағдырына бағынышты. Кей сəби дүниеге келе сала, Сезініп өсе...

Өмірдің заңы қатал, əрі күшті, Əр адам тағдырына бағынышты. Кей сəби дүниеге келе сала, Сезініп өсер мұң мен сағынышты.

Бал-бөбек, тұлымшағы желкілдеген, Сана - жас, əлі толық жетілмеген. Бақытты балалығын бір жоғалтып, Ілікті суық сөзге, "жетім" деген. Бұл сөзден Күн тоңады аспандағы, Бірақ та, кей жауыздар жасқанбады. Баласын тастап кеткен ата-ананың, Жүрегі қатты шығар тастан-дағы. Ел едік жетімдерін жылатпаған, Сүрінген жанды демеп, құлатпаған. Біреулер алып жатыр асырауға, Бақытын жақындатып жырақтаған. Алайда, көңіл мұңы кетеді ме? Көз жасын көл боп тамса етегіне. Жасаған бар жағдайың, қамқорлығың, Ананың мейіріне жетеді ме?! Жетімдер мəз болмайды тойғанына, Мұң тұрар көлеңке боп ойларына. Соншама не жаздым деп түсінбейді, Тағдырдың азапқа сап қойғанына. Қаражат бөліп барлық керегіне, Қамқоршы жағдай жасап береді де. Бəрібір жетпейді ол, жетпейді ғой, Ананың "Айналайын" дегеніне! Оқытып, ел қатарлы өсіреміз, Жүректің шерін қалай өшіреміз?! Тірідей жетім қылып ұл-қызыңды, Тасбауыр болмаңыздар, өтінеміз!!! ...Бұл осыдан 6 жыл бұрын "Мұнайлы астана" газетінің тілшісі болып жүргенімде редакторымыз Құттыгерей Смадиярұлының тапсырмасымен облыстық "АҚБОТА" балалар үйіне барғанда туған жүрек тебіренісі... Өкінішке орай, бауыр еті баласын тастап кететіндер саны жыл санап көбеюде. Сол санасыздарға бұл жазылғандардың пайдасы тиер ме екен...?! ...білмедім...

---

Source: [https://yvision.kz/post/zh-regi-atty-shy-ar-tastan-da-y-719287](https://yvision.kz/post/zh-regi-atty-shy-ar-tastan-da-y-719287)