---
title: "ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ!"
description: "Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық ..."
author: "ceka"
published: "2015-03-19T10:53:50+00:00"
modified: "2015-03-19T10:53:50+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zh-myla-k-tergen-zh-k-zhe-il-483101"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zh-myla-k-tergen-zh-k-zhe-il-483101/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ!

> Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық ...

Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жоюын білдіреді.

Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.

Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.

Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушық­пауы үшін оны тоқтатудың халық­аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Р.Бетжанов, А.Тыныстанов

Мамандандырылған ХҚКО

---

Source: [https://yvision.kz/post/zh-myla-k-tergen-zh-k-zhe-il-483101](https://yvision.kz/post/zh-myla-k-tergen-zh-k-zhe-il-483101)