---
title: "ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ САТЫП АЛУДА ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗДЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ"
description: "Зергерлік бұйымдар – бұл (жүзік, сырға, білезіктер, алқа, сәнді түйреуіш және т.б.) киімге немесе ад..."
author: "zhandinova"
published: "2017-11-27T02:42:03+00:00"
modified: "2017-11-27T02:42:03+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zergerlik-b-yymdardy-satyp-aluda-zi-di-alay-auipsizdendiruge-bolady-786210"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zergerlik-b-yymdardy-satyp-aluda-zi-di-alay-auipsizdendiruge-bolady-786210/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ САТЫП АЛУДА ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗДЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ

> Зергерлік бұйымдар – бұл (жүзік, сырға, білезіктер, алқа, сәнді түйреуіш және т.б.) киімге немесе ад...

Зергерлік бұйымдар – бұл (жүзік, сырға, білезіктер, алқа, сәнді түйреуіш және т.б.) киімге немесе адам денесіне тағылатын және көбіне сәндену үшін қолданылатын бұйым. Зергерлік бұйымдарды жасау үшін алтын, күміс, түрлі мықты асыл металдардың қорытпаларынан, бағалы тастардан және тағы көптеген бағалы материалдар қолданылады.

Көптеген адамдар үшін зергерлік бұйымдар сатып алу ұнамдылығымен қоса өз құндылығын жоғалтпайтын тиімді қаржы жұмсау болып табылады. Зергерлік әшекейлер шағын дүкендерінде алуан түрлі алтыннан, бағалы ақ металл және күмістен жасалған, түрлі бағалы тастары бар зергерлік бұйымдар сатып алуға болады. Бірақ, біз сатып алған бұл зергерлік бұйымдардың таңбалануы сәйкес келе ма, алтынның шынымен алтын екеніне қалай сенімді бола аламыз.

Бұл мақсатта және Қазақстан халқының мүддесін қорғау үшін өндіріс саласында және зергерлік бұйымдар айналымында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін 2016 жылдың 14 қаңтарында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңы қабылданды, ал өндірісті реттеу және зергерлік бұйымдардың айналымына басшылық ететін және үйлестіретін жүзеге асыратын орталық уәкілетті ұйымы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті болып табылады.

Жоғарыда аталған Заң талаптарына сәйкес ҚР халқының құқығын және мүдделерін қорғау мақсатында еліміздің территориясында айналымға шығару үшін зергерлік бұйымдарда келесідей ақпараттар болуы керек:

-атаулы таңбасы, бұйымды дайындаушыны куәландыратын зергерлік бұйымға қойылатын арнайы белгі;

-Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбалары, «Барыстың басы» символының бедері, уәкілетті ұйым коды бар Қазақстан халықаралық аббревиатурасы «KZ» және жанында сынама нөмірі;

-уәкілетті ұйымнан берілген қортынды, (бағалы металдарға және тастарға сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға);

-уәкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау актісі, кедендік операция жасамас бұрын ЕАЭС кірмейтін бағалы металдар мен тастарды ҚР территориясына әкелу және елімізден шығарылғанда беріледі, (кедендік декларациялау және кедендік тазарту).

Бұл талаптарды орындау барлығына өндірушілерге де сатушыларға да, сонымен қатар басқа елдің резиндентіне де міндетті болып саналады.

Жоғарыда аталған талаптарды бақылау мақсатында, сонымен қатар «Лига ювелиров Казахстан» ЗТБ мен «Әділет» Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ, «Казахювелир» компанияларының өтінімдері негізінде сапасыз және тұтынушыларды жаңылдыратын зергерлік бұйымдарға ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрологиялық комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс бойынша зергерлік бұйымдарды сатушыларға қатысты кезектен тыс тексерістер жүргізуде.

Қазіргі уақытта сүт өнімдерін сатып алған кезде сақталу мерзіміне қаралады, тұрмыстық техникалар сатып алғанда сәйкестік сертификаты талап ету бұрыннан бері қалыпты жағдайға айналған, сол сияқты зергерлік бұйымдарды да сатып алғанда мән берушілікпен қарауларыңызды Сіздерден сұраймыз, «Барыстың басы» символының, Қазақстан халықаралық аббревиатурасы «KZ» және жанында сынама нөмірінің болуы бұл жерде сапа мен қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Сондықтан, зергерлік бұйымдарды сатып алған кезде атау таңбасына, Қазақстан Республикасының сынамалық таңбасына назар аударуларыңыз керек, және зергерлік бұйымдарда атау таңбасы және Қазақстан Республикасының сынамалық таңбалары болған жағдайда ғана Сіздер сатып алған бағалы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді бола аласыздар.

ҚР «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Заңының талаптарының бұзылғаны туралы фактілер болса ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрологиялық комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Телефон нөмірлері 25-57-89, 25-78-12 немесе электрондық адреске [kadry.ktrmakm@mid.gov.kz](mailto:kadry.ktrmakm@mid.gov.kz). [akmola_uktrm@mail.ru](mailto:akmola_uktrm@mail.ru).

***ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекші маманы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы***

**Жандинова Айгерим Искинеевна**

---

Source: [https://yvision.kz/post/zergerlik-b-yymdardy-satyp-aluda-zi-di-alay-auipsizdendiruge-bolady-786210](https://yvision.kz/post/zergerlik-b-yymdardy-satyp-aluda-zi-di-alay-auipsizdendiruge-bolady-786210)