---
title: "ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ!"
description: "«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның ұйымдастыруымен биыл екінші рет «ХҚКО» РМК-ның «Үздік қызм..."
author: "ceka"
published: "2015-03-12T21:38:27+00:00"
modified: "2015-03-12T21:38:27+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zdikter-any-taldy-481713"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zdikter-any-taldy-481713/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ!

> «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның ұйымдастыруымен биыл екінші рет «ХҚКО» РМК-ның «Үздік қызм...

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның ұйымдастыруымен биыл екінші рет «ХҚКО» РМК-ның «Үздік қызметкері байқауы өткізілді. Байқау мақсаты орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, жұмысқа деген қызығушылығын жетілдіру мен халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру. Байқау төрт аталым бойынша өткізілді. Оған барылық облыстан 500 қызметкер қатысты. Байқау нәтижесінде «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының 4 қызметкері үздіктер қатарынан көрінді. Олар «ХҚКО-ның кәсіпқойы» аталымы бойынша Қордай аудандық бөлімінің инспекторы Н.Попова, «ХҚКО-ның тірегі мен беделі» аталымы бойынша филиал тәлімгері Д.Байұзақов, «ХҚКО-ның болашағы» аталымы бойынша Жамбыл аудандық бөлімінің инспекторы Б.Маратов, «Орта буынның үздік басшысы» аталымымен Шу аудандық бөлімінің реттеу залының басшысы Н.Байдаулетов марапатталды. Жеңімпаздарға «ХҚКО» РМК-ның Бас директорының дипломы мен төсбелгілері табыс етілді.

 

**«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының**

**қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері**

**Серікбол БЕРІКҚОЖА**

---

Source: [https://yvision.kz/post/zdikter-any-taldy-481713](https://yvision.kz/post/zdikter-any-taldy-481713)