---
title: "Заманауи жағдайдағы басқарушылық қызмет: тәжірибе, мәселелері, болашағы"
description: "Кез-келген ұйымды тиімді басқару үшін басшы ең алдымен адамгершілігі мол, білімді, шешім қабылдай ал..."
author: "MuratAyaulym"
published: "2023-12-03T16:00:33+00:00"
modified: "2023-12-03T16:00:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zamanaui-zha-dayda-y-bas-arushyly-yzmet-t-zhiribe-m-seleleri-bolasha-y-998376"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zamanaui-zha-dayda-y-bas-arushyly-yzmet-t-zhiribe-m-seleleri-bolasha-y-998376/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заманауи жағдайдағы басқарушылық қызмет: тәжірибе, мәселелері, болашағы

> Кез-келген ұйымды тиімді басқару үшін басшы ең алдымен адамгершілігі мол, білімді, шешім қабылдай ал...

Кез-келген ұйымды тиімді басқару үшін басшы ең алдымен адамгершілігі мол, білімді, шешім қабылдай алатын, тәжірибесі мол адам болуы керек. Персоналдармен жұмыс жасау біз ойлағандай оңай емес. Басшы өзінің қарамағындағыларды артынан ертіп жүретін нағыз лидер болуы керек деп ойлаймын. Көшбасшы адамдарды ынталандырып, жетістікке жету үшін ортақ мақсатта жұмыс жасататын, алға ұмтылдыратын адам. Басқару ғылымын зер қойып зерттеген шетелдік ғалымдар шын лидер алдына мақсат қоя білетін, шешім қабылдарда «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» ақылды, болашақты бағдарлай білетін мықты стратег, әрі мотиватор, әрі шешен сөйлейтін адам деген тұжырымға келген.

Басқарудағы биліктің бірнеше түрлері бар. Ең көп кездесетін түрі заңдық билік, заңдық биліктіәдетте дәстүрлі деп те атайды. Бұл билік түрінің ерекшелігі билік заңдық негізде жүзеге асырылады.

Кесте 1.

Ерте кездегі басқару

Қазіргі заманғы басқару

Басшылардың біршама шағынболуы, орта буынды басшылардыңмүлде болмауы

Басшылардың көп болуы, орта буынды басшылардың көп болуы

Басқарылмайтын қызметкеқарағанда басқарылатын жұмыстаркөбінесе бөлінбеген жәнеажыратылмаған

Басқару топтары айқынбелгіленген, басқарылмайтынқызметке қарағанда, басқарылатынжұмыстар айқын бөлінеді жәнеажыратылады

Ұйымда басшылық қызметтіиемдену, басшылық көбінесе туғанкүнінен бастап беріледі немесекүшпен беріледі

Ұйымда басшылық қызметкөбінесе іскерлік қабілетіне қарайзаңдылық пен тәртіпті сақтай отырыпберіледі

Ұйым үшін маңызды шешімдердіқабылдай алатын шағын адамдардыңболуы

Ұйым үшін маңызды шешімдердіқабылдай алатын көптегенадамдардың болуы

Бұйрыққа және сезімге сүйену

Ұжымдың жұмысқа жәнетиімділікке сүйену

Кестеде бұрынғы заманғы басқару стильдерін салыстырдым.

Басқару демократиялық, авторитарлы және либералды деп үш түрге бөлінеді. Басшы демократиялық басқару түрін қолданатын болса, қарамағындағы адамдарға дос ретінде қарап, пайда болған мәселелерді өзі жалғыз емес, оған бағынатын адамдарға хабарлап, олармен бірге ақылдасып шешуге ұмтылады және оларды үнемі керекті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады. Бұл басқару формасының ерекшелігі басшы өзін жоғары санамайды, ұйымда достық қарым-қатынасты қолдайды. Қызметкерлер де, өз тарапынан, басқарудың бұндай түрімен толығымен келісіп, олардың көңілінен шығады. Сәйкесінше, белгілі бір күрделі жағдай туған кезде басшыға ол сұрақты шешу үшін өзінің көмегін тигізуге тырысады. Ол бірге жұмыс істейтін адамдармен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуды мақсат етіп, олардан биік екендігін көрсетпеуге тырысады, яғни өзінің артықшылыған байқатпай, өзін солар секілді қарапайым жұмысшы ретінде ұстайды. Менеджменттегі басқаруда ең басты функциялардың бірі –ынталандыру. Басшылық тарапынан қызметкерді жігерлендіру, қолдау көрсету маңызды болып табылады. Демократиялық стильде басшы персоналдарды ынталандыру мақсатында дәстүлі түрде марапаттау шараларын қолданып сенім білдіреді. Ал қызметкер басшының сенім артқанын көріп еңбек етуге құлшынысы оянады. [1]

Биліктің авторитарлы стиліне тоқталатын болсақ, басқаруда қызметкерлерге әсер ету кезінде басшы тарапынан біржақтық әдістерінің қолданылуымен сипатталады. Пайда болған сұрақтар мен өндірістік мәселелердің басым бөлігін менеджер өзі шешеді, яғни қызметкерлермен ақылдаспай, олардың бұл мәселе туралы ойларын ескермейді және олармен күнделікті қатынасты сол арқылы шектеп отырады. Оларды жазалау немесе марапаттау бойынша шешімдерді қабылдағанда, ол тек қана өз ойымен санасады. Ұжымдағы орын алған ақпараттарды барлығына айтуды қажет емес деп түсінеді. [2]

Либералды стиль дегеніміз авторитарлы және демократиялық стильді қатар ұстанатын стиль түрі. [3]

Қазіргі таңдағы басқаруда басшы өз қызметкерлерін жігерлендіріп, сенім білдіріп, күрделі мәселелерді бірге шешіп, әр ісіне қолдау білдіріп отырса өзі үшін де қызметкер үшін де тиімді болмақ. Америка мен Жапонияда қызметкерлердің өз ұйымдарына ерекше тәуелділігі, фирмаға берілгендігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы барлығының таңданысын туғызады. Қызметкерлердің басшыны сыйлауы, жұмысына адал болуының басты себебі басшылық тарапынан жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасауы, сенім білдіруі. Басшы адал, қызметкерлерін бөліп жармайтын, парасатты адам болуы тиіс. Сонда ғана жұмысы алға басып, қол астындағы адамдары сыйластық танытып, шын ниетпен адал қызмет етеді. Басшы адам осы құзіреттіліктерді өз бойында табылуы үшін жұмыс жасау керек деп ойлаймын!

---

Source: [https://yvision.kz/post/zamanaui-zha-dayda-y-bas-arushyly-yzmet-t-zhiribe-m-seleleri-bolasha-y-998376](https://yvision.kz/post/zamanaui-zha-dayda-y-bas-arushyly-yzmet-t-zhiribe-m-seleleri-bolasha-y-998376)