---
title: "Забур жыры #3"
description: "Забур жырлары 3 Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі 1 (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ..."
author: "salamdan"
published: "2017-04-16T23:40:33+00:00"
modified: "2017-04-19T01:30:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-3-763757"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-3-763757/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Забур жыры #3

> Забур жырлары 3 Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі 1 (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ...

Забур жырлары 3

Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі

1

(Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.)

2

Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,

Көп адам маған қарсы көтерілді.

3

Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»

Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.

4

Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,

Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.

5

Жаратқанға дауыстап жалынам,

Ол жауап береді киелі тауынан.

6

Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,

Содан оянып, тұрамын қайтадан,

Себебі мені қорғайды Жаратқан.

7

Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан

Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.

8

Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы,

О, Құдайым, мені құтқарсаңшы!

Сен жағынан ұрып күллі жауларымды,

Күшінен айырасың сол зұлымдарды.

9

Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің,

Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-3-763757](https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-3-763757)