---
title: "Забур жыры #1"
description: "1 Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Ма..."
author: "salamdan"
published: "2017-02-22T23:42:42+00:00"
modified: "2017-04-16T23:16:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-1-757254"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-1-757254/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Забур жыры #1

> 1 Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Ма...

1 Мынадай адам шынымен бақытты:

Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,

Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,

Мазақтаушылармен бірге отырмайды.

2 Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,

Күні-түні сол туралы ойланады.

3 Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:

Сол мерзімінде жемісін береді,

Жапырақтары кеуіп те сембейді,

Не істесе де, ол табысқа жетеді.

4 Ал құдайсыздарда солай болмайды,

Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,

5 Құдай сотында ақтала алмайды,

Әділдер қауымында орны болмайды.

6 Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,

Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-1-757254](https://yvision.kz/post/zabur-zhyry-1-757254)