---
title: "«YЗДIК ЖАРНАМАЛАР» ЖАРЫСЫ"
description: "Жарнама – бүгінгі заман талабына сай дамып келе жатқан табыс көзі. Қазаққа «итің жаман» деген сөз д..."
author: "makala"
published: "2014-09-12T00:39:27+00:00"
modified: "2014-09-12T00:39:27+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/yzdik-zharnamalar-zharysy-429225"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/yzdik-zharnamalar-zharysy-429225/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «YЗДIК ЖАРНАМАЛАР» ЖАРЫСЫ

> Жарнама – бүгінгі заман талабына сай дамып келе жатқан табыс көзі. Қазаққа «итің жаман» деген сөз д...

###

![ERA 9139 «YЗДIК ЖАРНАМАЛАР» ЖАРЫСЫ](http://www.astana-akshamy.kz/img/2014/09/ERA_9139.jpg)

### Жарнама – бүгінгі заман талабына сай дамып келе жатқан табыс көзі. Қазаққа «итің жаман» деген сөз де ауыр тиетіні белгілі. Оның қасында кәсіпкерлер мен кәсіпорындар өздері өндіретін өнімдердің жалпақ жұртқа жария болуы үшін ақшасын аяп қалмайтыны анық. Аянбаймыз дегендер алаңғасарлыққа салынып көшелер мен тағы басқа көптеген қоғамдық орындарда ілінетін жарнамалардың тілдік мағынасына үңілмейтіні жасырын емес. Орыс тілінен орашолақтау аударылып, қазақ тіліне еш қиыспайтын қыңыр-қисық сөздер көзге шыққан сүйелдей көрінеді. Екі жастағы сақау сәбидің тіліндей былдыр-батпақ бірдеңені көзің шалғанда кірерге тесік, еніп кетерге есік таппай есің шығады. Осындай сауатсыздық пен салғырттыққа қарсы күрес тіл жанашырларын елең еткізері рас. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://www.mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4014-uzdik-jarnamalar-jarisi))

---

Source: [https://yvision.kz/post/yzdik-zharnamalar-zharysy-429225](https://yvision.kz/post/yzdik-zharnamalar-zharysy-429225)