---
title: "ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?"
description: "Оспанхан ӘУБӘКIРОВ ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? Жабақ бiр күнi таң атпай тұрып алып жылады. Осы кезде апас..."
author: "kitap2"
published: "2016-03-16T10:09:23+00:00"
modified: "2016-03-17T03:37:24+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/yty-aydan-shy-ady-683968"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/yty-aydan-shy-ady-683968/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

> Оспанхан ӘУБӘКIРОВ ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? Жабақ бiр күнi таң атпай тұрып алып жылады. Осы кезде апас...

![ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?](https://storage.yvision.kz/images/user/kitap2/hnK82fhuygVwT7trSEmbJH3k5jPe4S.jpg)

***Оспанхан ӘУБӘКIРОВ*** **ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?** Жабақ бiр күнi таң атпай тұрып алып жылады. Осы кезде апасы оянып: – Неге жылап отырсың, алтыным? – деп сұрап едi, баласы: – Қытығым келiп отыр, а-а-а, – деп әндете бердi – Қытығы келсе жылай ма екен, күлмей ме, көкесi деп таң қалды апасы. – Қытығым әлi келген жоқ, бiрақ келетiн уақыт болды. Қытығым келгенде қатты күлем. Содан қорқып жылап отырмын, – дедi Жабақ одан әрi дарылдап. «Ұйқысырап отыр ма, әлде бiрдеңе сұраудың ыңға-йын таба алмай отыр ма» деп ойланды да, апасы: – Не iстеймiз ендi? Бiрдеңе жесең, қытығың кете ме екен? – деп сұрады. – Бiр-екi кәмпит болса, қытығым келмес едi, а-а-а, деп үдете жылады Жабақ. Апасы не күлерiн бiлмей, не ұрсарын бiлмей, кәмпит әкелiп берiп едi, Жабақ күлiп жiбердi. Шамасы қытығы келсе керек.

---

Source: [https://yvision.kz/post/yty-aydan-shy-ady-683968](https://yvision.kz/post/yty-aydan-shy-ady-683968)