---
title: "Ымырт"
description: "- Тез! Тез! Тездет! Жүруіміз қажет. Тұр енді, бол!.. ...Ұйықтап жатыр едім, біреу мені жұлқылап оя..."
author: "Roxanne_Ritchi"
published: "2012-07-20T00:27:16+00:00"
modified: "2016-03-29T05:56:44+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ymyrt-272954"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ymyrt-272954/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ымырт

> - Тез! Тез! Тездет! Жүруіміз қажет. Тұр енді, бол!.. ...Ұйықтап жатыр едім, біреу мені жұлқылап оя...

- Тез! Тез! Тездет! Жүруіміз қажет. Тұр енді, бол!..

 

...Ұйықтап жатыр едім, біреу мені жұлқылап оятты. Төсектен тұрар-тұрмастан, қолымнан қысып ұстап алды да, есікке қарай жүгірді. Бір қызығы, күнде ашық тұратын бөлме есігі бүгін жабық тұр екен. Біз алып-ұшып, есікті ашпастан, тура арасынан өтіп кеттік. Иә, иә, арасынан. Кәдімгі аруақтар тәрізді. Шошып кеттім. Жан-жағыма қараймын, үйде ешкім жоқ. Қорыққаным сонша – сөйлеуге де, айқайлауға да шамам келмеді. Әлгі кісінің артынан әлі жүгіріп барам. Кенет, есімді жинап, кілт тоқтап қалдым.

- Жібер қолымды! Кімсің? Қайда барамыз? – деп айқай салдым.

- Кім екенімді біліп қайтесің? Тез, қаш! Тоқтама. Жүгіре бер, - деп ол қолыма қайта жармасты.

- Кімнен қашамын?

- Ұйқыдан.

 

Екеуміз біраз жүгірдік. Бірақ артымыздан қуып келе жатқан ешкім көрінбейді. Қатты шаршадым. Қайда екенімді де білмеймін. Әйтеуір шөл далада жүрміз. Сәлден соң тоқтап:
- Осындай уақытта ұйықтай ма екен. Ымырт түсе ұйықтама! – деп әлгі кісі, кенет, мені тағы да қатты жұлқылай бастады.

 

...Шошып ояндым. Түс екен. Терезе қарасам, шынымен де, ымырт түсіп кетіпті. Содан кейін ымыртта ұйықтамайтын болдым.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ymyrt-272954](https://yvision.kz/post/ymyrt-272954)