---
title: "ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ТҮСІНУГЕ ТАЛПЫНҒАН ҚЫЗ"
description: "Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады. (Джон Рескин)Асқар М..."
author: "Karakat Duisen"
published: "2023-05-27T12:04:14+00:00"
modified: "2023-05-27T12:05:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/yl-alamny-piyasyn-t-sinuge-talpyn-an-yz-989206"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/yl-alamny-piyasyn-t-sinuge-talpyn-an-yz-989206/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ТҮСІНУГЕ ТАЛПЫНҒАН ҚЫЗ

> Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады. (Джон Рескин)Асқар М...

Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады. (Джон Рескин)

Асқар Мерей - №58 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы. Кішкентай кезінен бастап сурет салуға әуес. Бүгінгі күні түрлі байқауларға қатысып, өз өнерін шыңдап келеді. Мереймен бойындағы қасиеті жайлы сұхбаттасқан болатынмын.

- Бейнелеу өнерінің ғажайып әлемімен қалай достастың?

- Бала кезімнен сурет салуға жақын болдым. Өсе келе сурет салу өнерінің қыр-сырын танып, білу мақсатыма айналды. Қазіргі уақытта сурет салу ең жақын досыма айналған.

- Өзің үлгі тұтатын суретшілерің бар ма?

- Әрине, бар. Отандық суретшілерімізге қарағанда, ХVIII-XIX ғасырдағы шетелдік суретшілерді көбірек үлгі тұтамын. Ең сүйікті суретшім – Винсент Ван Гог.

- Сурет салған кезде не нәрсеге баса назар аударасың?

- Сурет салғанда баса назар аударатыным – шынайылық.

- Сурет салу өнерін болашақ мамандығыңмен ұштастырасың ба?

- Иә, болашақта Темірбек Жүргенов атындақы Қазақ ұлттық өнер академиясына түсуді армандаймын. Сонда оқып, кәсіби суретші болғым келеді.

- Сурет салуға баулыған ұстазың туралы айтып берсең...

- Суретке баулыған, өнерімнің шыңдалуына үлес қосқан ұстазым – Гүлмира Жүсіпова. Гүлмира апайым мені түрлі сурет байқауларына қатыстырып, суретшілер әлемін жақыннан тануыма себепші болып келеді. Ол кісіге алғысым шексіз.

- Қандай стильде сурет салғанды ұнатасың?

- Реализм және пейзаж стильдерін ұнатамын.

- Суретшілік сенің бойыңа қайдан келген қасиет?

- Менің сурет салу талантымның болуы таңғаларлықтай дүние емес деп ойлаймын. Себебі, анамның да, әкемнің де бойында сурет салу қабілеттері бар.

- Бір суретті салуға қанша уақытыңды жұмсайсың?

- Ең аз дегенде 2-3 сағат уақытым кетеді, ал ауқымды картиналарға 2-3 күн уақытымды жұмсаймын.

- Алдағы уақытта картиналарыңды ауқымды көрмелерге шығарғың келе ме?

- Әлбетте, болашақ суретші ретінде салған суреттерімнің көрмелерде тұрғанын қалаймын.

- Cұхбаттасқаның үшін көп рақмет, Мерей! Өнерің шыңдала берсін, болашақта керемет суретші болатыныңа сенемін.

Дүйсен Қарақат, Алматы қаласы №58 жалпы білім беретін мектептің 11 "Ә" сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы

![ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ТҮСІНУГЕ ТАЛПЫНҒАН ҚЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/572180/7ba7ad5edfa4c90264c70c365bd5b8.jpg)

![ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ТҮСІНУГЕ ТАЛПЫНҒАН ҚЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/572180/5098812094730be2d261dce4ea8ed2.jpg)

![ҚЫЛҚАЛАМНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ТҮСІНУГЕ ТАЛПЫНҒАН ҚЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/572180/1aa076c0a42393bd42e3774473683c.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/yl-alamny-piyasyn-t-sinuge-talpyn-an-yz-989206](https://yvision.kz/post/yl-alamny-piyasyn-t-sinuge-talpyn-an-yz-989206)