---
title: "ӘЙЕЛДІ ҰРУ ТУРАЛЫ"
description: "\"Жұманың алдында жының бір шығарып алайын\" дейтін көрінеді жарықтық. Ол ол ма, көршінің бірі әйелін..."
author: "Orken_Kenzhebek"
published: "2018-01-25T16:40:04+00:00"
modified: "2018-01-25T16:40:04+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/yeldi-ru-turaly-794086"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/yeldi-ru-turaly-794086/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӘЙЕЛДІ ҰРУ ТУРАЛЫ

> "Жұманың алдында жының бір шығарып алайын" дейтін көрінеді жарықтық. Ол ол ма, көршінің бірі әйелін...

"Жұманың алдында жының бір шығарып алайын" дейтін көрінеді жарықтық. Ол ол ма, көршінің бірі әйелін сабап жатса, ішіп жатқан асын тастап, көмекке ұмтылады екен-мыс. Көмек дегенде, сабап жатқан еркекке ғой.. Сондағысы "ол қатынның бір кінәсі бар шығар" дейтін көрінеді.

Менің ғана емес, барлығыңның аталарың осындай адуын болған шығар. Қазір ғой, осындай аталарымыздың біздің атамыз екеніне бетті басып, өтірік ұяламыз. Өз басым әйелді бас салып ұруға қарсымын. Алып қашуға тіптен.. Алғаш рет және соңғы рет Арман Аубакир (Arman Aubakir) досымның әйелін алып қашқанбыз) Таблиғтар секілді әйел-баласына азық бермей, ақша қалдырмай, айлап Үндістанға кетуге де, бақабиттер секілді Сирияға әйел-баласын алдырып, өзі басына оқ іліп, ақыр соңында әйелін басқа дөкей зорлап, баласын басқа біреу қорлағанға да қарсымын. Әр нәрсенің өз орны, өз реті бар.

Реті дегеннен шығады, қайбір жылы Алматы мешіттерінің біріндегі жұма уағызында ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы айтылды. "Әйелің сенің айтқанына бағынбай жатса, ұруға болады.." деп имам әдейі пауза ұстады. Еркектер қауымы бір күліп жасап қалды. "Бірақ.. немен? Мисуәкпен. Мисуәк дегенің тіс щеткасы. Әйелдеріңді ұрсаңдар, тек тіс щеткасының көлеміндей ғана затпен ұра аласыңдар" деп имам сөзін жиды. Жамағат тағы күлді. Имам мұның алдында әйел ер адамның айтқанына бағынбай жатса, қандай жаза реті болу керектігін де айтқан еді. Әйелің қырсық болса я басқа себеппен шектен шықса, алдымен оған насихат қыл дейді. Оған да көнбесе, онда сөзден қал дейді. Бірақ, сәлеміне жауап беру міндет. Одан да түзелмесе, төсегіңді бөлек саласың, яғни жыныстық қатынастан тиясың дейді. Бұл өте ауыр ескерту болып саналады. Бұған да көнбесе, оған бөлетін қаржыңды азайтып көресің дейді. Ол да көмектесе, онда ұрасың деген жері әлгі. Ұру құралы - әлгі зубная щетка, түсіндің ғой, Бауыржан Карипов (Ли Бауыржан)) Күлеміз-ау, бұл Исламда рұқсат етілген ең ақырғы, шарасыздан тұрған шара. Ислам өте практичный дін болғандықтан, құйрығыңды немен сүртуден бастап бөтелкедегі суды қандай күйде ішу керек дегенге дейін жазып кеткен. Өмірдің қандай жағдайына болсын, шешім бар. Амал қарастырылған.

Енді осы ретті білген ақылды еркек әйелін ұруға жеткізбей-ақ жөнге салып алады. Ақылды әйел болса, еркегіне бетін көгертпей-ақ, түзеліп кетеді. Ал әйел ақымақ болса, сен оны мың жігіт тепкілеп, бауыр-бүйрегін езіп тастасаң да түзелмейді. Еркек ақымақ болса, Исламдағы да, этикаңдағы да рет-жөнге пысқырмай, борбайдан ұрып, ойбайлатады. Қысқасы, әркімнің ақылына берсін, Құдай!

Осыған БЕК РИЗА болыңыздар)

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/post/yeldi-ru-turaly-794086](https://yvision.kz/post/yeldi-ru-turaly-794086)