---
title: "ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ..."
description: "Дастархан басында төрт-бес қыз-келіншек әңгімелесіп отыр.Айтатын әңгімелері таусылмастай.Біреулері ө..."
author: "ulzhan1202"
published: "2016-03-07T09:27:44+00:00"
modified: "2016-03-07T09:27:44+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/yel-ba-yty-680610"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/yel-ba-yty-680610/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ...

> Дастархан басында төрт-бес қыз-келіншек әңгімелесіп отыр.Айтатын әңгімелері таусылмастай.Біреулері ө...

Дастархан басында төрт-бес қыз-келіншек әңгімелесіп отыр.Айтатын әңгімелері таусылмастай.Біреулері өткен күннің өкінішін айтып жатса,біреулері олардың өткенінен сабақ алғысы келердей беріле тыңдаg отыр.Келіншектер осы дастархан басында отырып өз күйеулерінің өздеріне ұнамайтын жерлерін айтып сыр шертісіп болар емес."Менің күйеуім жаман қызғаншақ,құрбыммен кездесуге зорға жібереді"деген әңгімелер айтылып жатыр айтылып.Иә,қызғаныштың да болғаны абзал,бірақ орнымен болса..."Тұрмысқа шығу" деген сөз тіпті "құрбымен кездесуге тыйым салу" деген сөз ба?Ал ана бір келіншек "күйеуім үшін оқуымды тастадым" деп жатса,біреуі жұмыс істемес үшін күйеуге шыққанына өкініп,оқу оқуым керек еді деп күйініп отыр.Араларында ерте тұрмысқа шығып,ерте ажырасқандар бар.Оларда не оқу жоқ,не асырар күйеулері жоқ,жалғызбасты ана атанып,күйеулерінен "алимент" зорға талап етіп отқан көрінеді.Өкінішті-ақ қоғамда бір әйелін дұрыстап бағып қаға алмай отырып,сыртқа қарап мөңірейтіндердің баршылығы.Күйеулері өзге әйелге неге кетеді?Әйелдің әйелдігінің кілті неде?Бұл сұраққа жауапты Жүрсін Ерманның жауабынан іздестіріп көрсек..."Әйелдің әйелдігінің кілті мінезінде ғана емес.Әйелдің құпиясы өмір бойы таусылмауы керек.Үйде жүрмін ғой деп,ашылып шашылатын,салдыр салақтығын көрсететін әйел сүйкімсіз.Әйел ханым деңгейінен түспеуі керек.Әйелдің өліп-өшіп сүйгені жоғалса,құны кетеді.Сыртқа қарап мөңіреу сонда басталатын шығар."Иә,бұл кісінің жауабының астары бар.Күйеуіңнің

![ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ...](https://storage.yvision.kz/images/user/ulzhan1202/f9OiGEOgNzOJPufFGtsyZE6th3UVhh.jpg)

көне берсең,өз болмысыңды жоғалтып,өзгенің ойымен жүріп өз ойыңды тұншықтыра берсең,өз қалауыңды ысырып қойып күйеуіңнің қалауымен жүре берсеңде болмайтын сияқты...Себебі,әйел заты өмірге тек бала туу үшін ғана емес,өз қызығушылықтарын іске асыру үшін де келген болар...Ертеңгі күннің қандай боларын ешкім білмейді,сол себепті не оқу не тоқу көрмеген жалғызбастылардың жағдайын көріп,әңгімелерін естігенде бірінші әйел заты өзі аяқтан тұра алатындай,өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай жағдайға жеткен соң,тұрмыс құруды ойлау керек деген ой түйдім.Әрине отырып қалмай...Әйелдің бақытының бастысы әрине ер азаматына байланысты.Сондықтан да,барша ер азаматтар қауымы өздеріңіздің адалдап алған жарларыңызға адал болып,неге уақытша емес өмірлік жар болмасқа...Сіздің бүгінгі алған әйеліңіз кешегі біреудің мәпелеп өсірген қызы,біреудің қарындасы-қарлығашы,сіздің балаларыңыздың анасы...

Әйелмен құның өлшенер, Құдайдан кейін сол-шебер. Бақытты сен де болмайсың, Әйелің сорлы болса егер. Деген ерлерге бір шумақ өлеңмен сөзімізді аяқтасақ...

---

Source: [https://yvision.kz/post/yel-ba-yty-680610](https://yvision.kz/post/yel-ba-yty-680610)