---
title: "Қыдыр Абдырахманов об освещении в казахстанских СМИ тем, связанных с ЛГБТ"
description: "МНЕНИЕ // Абдырахманов Қыдыр Харесұлы, Батыс Қазақстан облыстық «Жастық Үні» қоғамдық бірлестігінің ..."
author: "MISK"
published: "2016-03-29T07:57:21+00:00"
modified: "2016-03-29T08:05:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ydyr-abdyrahmanov-ob-osveshchenii-v-kazahstanskih-smi-tem-svyazannyh-s-lgbt-686114"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ydyr-abdyrahmanov-ob-osveshchenii-v-kazahstanskih-smi-tem-svyazannyh-s-lgbt-686114/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қыдыр Абдырахманов об освещении в казахстанских СМИ тем, связанных с ЛГБТ

> МНЕНИЕ // Абдырахманов Қыдыр Харесұлы, Батыс Қазақстан облыстық «Жастық Үні» қоғамдық бірлестігінің ...

МНЕНИЕ // **Абдырахманов Қыдыр Харесұлы, Батыс Қазақстан облыстық «Жастық Үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық «Жастық Үні» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы** [#humanrights@misk_kz](https://vk.com/misk_kz/humanrights) /// [#равныеправаА19кз](https://vk.com/feed?section=search&q=%23%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D0%B5%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B0%D0%9019%D0%BA%D0%B7)[#equalityA19kz](https://vk.com/feed?section=search&q=%23equalityA19kz)

![Қыдыр Абдырахманов об освещении в казахстанских СМИ тем, связанных с ЛГБТ](https://storage.yvision.kz/images/user/misk/2obpuLqlWw4c23gl7kqjRVV7iHAlQw.jpg)

**- Сіздің ойыңызша, Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ-қауымдастық тақырыбы талқыланады ма?**

- Бұл сұрақ екі жақты деп айтуға болады: талқыланады да, талқыланбайды да. Дегенімен, бүгінгі заманның ақылына, жастар арлығының жоғарлығына байланысты бұл тақырыпты алға қойып, бір бағытқа жоспарлап, жүзеге асыруға болады деп есептеймін.

**- Егер сіз осындай материал кездестірген болсаңыз, олар қандай үндестілікте болды?**

- Қазіргі жағдайда қолдайтын БАҚ-тар аз деп есептелінеді. Және бұл үлкен ізденісті талап етеді. Біріншіден осы тақырыпты алған әріптесіміз мәселені толығымен зерттеу қажет. Қарсы жағын емес, дұрыс, зерттелген жағын мен қолдаймын.

**- ЛГБТ-қауымдастық тақырыбын талқылау орысша БАҚ және қазақша БАҚ-тарда айырмашылығы бар ма?**

- Әрине, айырмашылықтары көп. Біріншіден, орыс тілінде жазатын ағайындарымызға ақпарат тез жетеді. Олар алдын ала, бізден бұрын-ақ қозғаған бұл тақырыпты. Енді қазақ тілінде жаңадан басталған тақырып болғаннан кейін абайлап, жұртты басқа жаққа бұрып алмай, дұрыс түсінікпен апаратын ақпараттар болса, осы тақырыпты тыңдайтын оқырмандар болады деп ойлаймын.

**- Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып қалай айтылған?**

- Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып өте сирек кездеседі. Сондықтан бұны бүгін негізгі мәселеге айналдырып, дұрыс бағытпен әрі қарай дамыту керек деп өз басымен есептеймін.

**- Сіздің ойыңызша, осы тақырыпты қоғамда, жастармен талқылау керек пе?**

- Осы тақырып туралы сөйлесу керек деп санаймын. Жастар дұрыс даму жолын таңдап алу үшін бұл сұрақты жан -жақты зерттеу керек, сосын ғана олармен бұл жайлы сөйлесу керек.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ydyr-abdyrahmanov-ob-osveshchenii-v-kazahstanskih-smi-tem-svyazannyh-s-lgbt-686114](https://yvision.kz/post/ydyr-abdyrahmanov-ob-osveshchenii-v-kazahstanskih-smi-tem-svyazannyh-s-lgbt-686114)