---
title: "ҮЙДЕ ЖҮРІП АРЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..."
description: "Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола..."
author: "auyelbekova"
published: "2014-12-20T00:18:48+00:00"
modified: "2014-12-20T09:29:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/yde-zh-rip-ary-taudy-zholdary-451589"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/yde-zh-rip-ary-taudy-zholdary-451589/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҮЙДЕ ЖҮРІП АРЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ...

> Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола...

![ҮЙДЕ ЖҮРІП АРЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ...](https://storage.yvision.kz/images/user/auyelbekova/S5duxIXE1YoPwwZl2iwi5Af7HB6hfP.jpg)

Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола бермейді. Үй жағдайында да арықтауға болады.1. Режим және дұрыс тамақтануЕң бастысы дұрыс режим қою. Әр нәрсені өз уақытында істеңіз, тамақты да белгілеген уақытыңызда ғана ішіңіз. Күніне 15 минутты жаттығу жасауға бөліңіз. Қарапайым жаттығуларды әдетке айналдырыңыз. 2. Алкогольден бас тартуАрықтау үшін алкогольден бас тарту керек. Сыра, шарап сияқты жеңіл ішімдіктерде калория көп болады. Ішкен кезде адамның тәбеті де арта бастайды. Тіскебасарлар да артық салмақ қосады.3. Шеңбер (обруч) және скакалкаКүніне 10 минуттан шеңбер айналдырсаңыз нәтижесін бір аптада көре бастайсыз. Теледидар қарап тұрып та айналдыруға болады. 30 рет скакалкамен секіру де пайдалы.4. Ыдыс өзгертуТамақ ішіп жүрген ыдысыңызды өзгертіңіз. Бұрынғыдан кішірек ыдыспен тамақ ішіңіз, сәйкесінше бұрынғыдан аз тамақ іше бастайсыз.5. КүнделікАрнайы күнделік бастаңыз. Нәтижелеріңізді есептеп жазып жүріңіз. Күнде қай жаттығуларды орындағаныңызды немесе орындамағаныңызды жазыңыз.6. КремдерТүрлі арықтатқыш скраб және кремдер бар. Соларды таңертең және ұйқы алдында қажет жерлеріңізге жағыңыз.7. Үй жұмыстарын қолдануҮйдегі күнделікті жұмыстарды жаттығу қылып қолдануға болады. Үйден шығарда баспалдақпен түсіңіз, егер сөмкеңіз ауыр болмаса үйге келерде жоғарыға да баспалдақпен көтеріңіліңіз. Киім үтіктеу кезінде де қалың киім киіп, терлеп алған жақсы.8. Кей тамақтардан бас тартуАрықтау үшін кей тамақтардан бас тарту керек. Нан, ұн тағамдары, картоп, макарондарды ұмытыңыз. Көкөніс, жеміс, сүт, жаңа ет идеал азықтар. Майонез, сыр, шұжық, майлардан қашыңыз.9. Жатып жемеуТамақты тек қана үстелде отырып жеңіз. Диванда жатып, теледидар қарап ештеңе жемеңіз. Еш нәрсеге алаңдамау керек тамақ ішкен кезде. Кітап, планшет, телефондарыңызды ұстамаңыз. 5-10 минут алаңсыз тамақтанған жөн.10. ВаннаТаңертең душқа түсіңіз. Жатар алдында ванна қабылдаңыз, су массажын жасаңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/post/yde-zh-rip-ary-taudy-zholdary-451589](https://yvision.kz/post/yde-zh-rip-ary-taudy-zholdary-451589)