---
title: "«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»"
description: "25 қараша «Аса мейірімді Николай Иванович! …Менің ең алдымен ұсынғаным – әзірге болыстық мектептерді ашуға асықпау еді. Өйткені оларға лайықты мұғалімдер жоқ, оларды табатын жер де жоқ. Алғашқы кезеңде әр уезде қазақ халқының ортасында жақсы жабдықталғ…"
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-11-25T05:03:59+00:00"
modified: "2026-11-25T05:03:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/y-altynsarinnin-omirinnen-bir-kun-odin-den-iz-zhizni-i-altynsarina-1022612"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/y-altynsarinnin-omirinnen-bir-kun-odin-den-iz-zhizni-i-altynsarina-1022612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»

> 25 қараша «Аса мейірімді Николай Иванович! …Менің ең алдымен ұсынғаным – әзірге болыстық мектептерді ашуға асықпау еді. Өйткені оларға лайықты мұғалімдер жоқ, оларды табатын жер де жоқ. Алғашқы кезеңде әр уезде қазақ халқының ортасында жақсы жабдықталғ…

![«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/7df66e05492bf9189e724ba20a9d4a56.jpg?width=1080&height=1350)

25 қараша«Аса мейірімді Николай Иванович!…Менің ең алдымен ұсынғаным – әзірге болыстық мектептерді ашуға асықпау еді. Өйткені оларға лайықты мұғалімдер жоқ, оларды табатын жер де жоқ. Алғашқы кезеңде әр уезде қазақ халқының ортасында жақсы жабдықталған бір екі сыныптық немесе үш сыныптық училище ашу қажет деп есептедім. Дала мектептеріне қазір тек орыс тілі мен сауаттылықты үйрететін оқу орны ретінде қарауға болмайтынын түсіндіру керек. Оқушылар бұл мектептерде отырықшылыққа, тазалыққа және өмірге дұрыс көзқараспен қарауға дағдылануы тиіс. Сондай-ақ олардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлінуі қажет. Сонда олар азды-көпті терең білім алып, белгілі бір бағытта тәрбиеленіп шыққан соң, өздерінің тың әрі салауатты ойларымен айналасындағы халыққа ықпал ете алады. Ал болыстық мектептер қазіргі уақытта бұл мақсатқа сай келе алмайды. Біріншіден, жылына 200–300 рубль жалақы үшін қабілетті маман даланың түкпіріне барып, қазақтарша өмір сүруге, яғни өз мектебімен бірге қыстап, көшіп-қонуға келісе қоймайды. Екіншіден, болыстық мектептерді жақсы деңгейде ұйымдастыруға қажетті қаражат жоқ. Ал уақыт өте келе, өз ортамызда сауатты адамдар көбейген кезде, болыстық мектептерді де ашуға мүмкіндік туар…»➡️ Толық мәтінді мына басылымнан оқи аласыз: Ы.Алтынсарин. Шығармалар жинағы: үш томдық. – Алматы: Қазақ КСР «Ғылым» баспасы, 1978. – Т. 3. – Б. 47-48.#ыбырай #ыбырайалтынсарин #ыбырайалтынсарин185жыл #Алтынсаринөміріндегібіркүн#ибрай #ибрайалтынсарин185лет #одинденьизжизниАлтынсарина

---

Source: [https://yvision.kz/post/y-altynsarinnin-omirinnen-bir-kun-odin-den-iz-zhizni-i-altynsarina-1022612](https://yvision.kz/post/y-altynsarinnin-omirinnen-bir-kun-odin-den-iz-zhizni-i-altynsarina-1022612)