---
title: "VII зимние Азиатские игры «Астана-Алматы-2011"
description: "Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста Қазақстан қоржынына 24-ші алтын медаль түс..."
author: "Pro100_Aba"
published: "2011-02-05T04:15:15+00:00"
modified: "2011-02-05T04:15:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/vii-zimnie-aziatskie-igry-astana-almaty-2011-116648"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/vii-zimnie-aziatskie-igry-astana-almaty-2011-116648/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# VII зимние Азиатские игры «Астана-Алматы-2011

> Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста Қазақстан қоржынына 24-ші алтын медаль түс...

![VII зимние Азиатские игры «Астана-Алматы-2011](https://storage.yvision.kz/images/user/pro100_aba/22R2yI3XzmeezAn26vhdCQXhFv2Cnq.jpg)

***Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста Қазақстан қоржынына 24-ші алтын медаль түсті***

Бүгін Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында әйелдер арасында 4х6 шақырымдық эстафета жарысы аяқталды.

Онда Марина Лебедова, Олга Полторанина, Инна Можевитина, Елена Хрусталева Азия чемпионы атанды. Олар жарысты 1:22:32.8 секундта аяқтады. Жеңімпаздан 3:54.2 секунд қалып қойған қытайлықтар жүлдегер атанды. Ал 4:20.7 секунд кеш келген қола жүлдегер атанса, 10:02.5 секундқа артта қалған корейлер 4-ші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін қазақстандық биатлоншылар 7-ші қысқы Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы додаларда 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/post/vii-zimnie-aziatskie-igry-astana-almaty-2011-116648](https://yvision.kz/post/vii-zimnie-aziatskie-igry-astana-almaty-2011-116648)