---
title: "В Е Л И К И Й А Б Ы Л А Й Х А Н"
description: "Ұ Л Ы А Б Ы Л А Й Х А НЕ Г Е М Е Н Д І Г І М І З Д І Ң А С Ы Л Д І Ң Г Е Г І, Т Ә У Е Л С І З Д ..."
author: "userfacebook278060096595137"
published: "2020-12-18T13:46:18+00:00"
modified: "2020-12-18T13:46:18+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/v-e-l-i-k-i-y-a-b-y-l-a-y-h-a-n-893812"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/v-e-l-i-k-i-y-a-b-y-l-a-y-h-a-n-893812/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# В Е Л И К И Й А Б Ы Л А Й Х А Н

> Ұ Л Ы А Б Ы Л А Й Х А НЕ Г Е М Е Н Д І Г І М І З Д І Ң А С Ы Л Д І Ң Г Е Г І, Т Ә У Е Л С І З Д ...

Ұ Л Ы А Б Ы Л А Й Х А Н

Е Г Е М Е Н Д І Г І М І З Д І Ң А С Ы Л Д І Ң Г Е Г І, Т Ә У Е Л С І З Д І Г І М І З Д І Ң Т Е М І Р Қ А З Ы Ғ Ы

XVIII-ші ғасырда қазақ халқы жаулардың азғыруы және аздыруымен Жүзге, одан қала Руға бөлініп тоз-тозы шығып оған қоса Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының Қазақ елін отарлау ниетімен көз алартулары сияқты ұлттың тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берген өз заманының аса кемеңгер саясаткері, қаһарман қолбасшысы, Ұлы мемлекет қайраткері Абылай хан болды.

Халқының қамқоршысы Абылай хан қазақтың болашағына жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі отарлаушы кеңес одағының тарихында тиісті және әділ бағасын ала алмай бүркемеленіп және теріс түсіндіріліп келді. Ол заңды-да еді, өйткені отар елдің (Қазақ елі) төл тарихын білуіне отарлаушы ел (Кеңестер Одағы, компартия) мүлдем мүдделі емес еді.

Зертеушілердің деректеріне сай Қазақ хандықтары туралы тарихи деректер (архив материалдары) ертеде-ақ қолды болып әр елдің қоймаларында қалғаны – бұл тарихи ақиқат. Мысалы, Абылай хан туралы көптеген тарихи деректер көршілес елдердің, атап айтқанда: Қытайдың, Иранның, Түркияның, Ауғанстанның архивтерінде, қоймаларында, тіпті АҚШ-тың, Батыс Европа елдерінің кітапханаларында сақталғаны бүгінгі күні белгілі болып отыр.

Кезінде Абылай хан өміріне оның қайраткерлік, қолбасшылық, саяси қызметіне әлем тарихшылары, зерттеушілері, саясаттанушылары назарын аударғаны белгілі. Мысалы, төңкеріске дейінгі орыс энциклопедияларының ішінде Абылай бабамыз хақында ең көлемді мағлұмат беретіні Брокгауз және Ефрон энциклопедиясы, онда: «Аблай немесе Абулай – Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің XVIII ғасырдағы ханы», деп көрсетілсе. Ағылшын зерттеушісі М. Олкот «Абылай – қазақтың соңғы тәуелсіз ханы. Ол хан болу үшін Ресей өкіметіне жүгінген жоқ. Билікті тура өз халқының қолынан алды» деп тұжырымдайды.

Абылай (Әбілмансұр) 1711 жылы Түркістан билеушісі Уәлі (Көркем Уәлі) сұлтанның шаңырағында дүниеге келген, төре тұқымынан – Шыңасханның ұрпағы. Әбілмансұрдың атасы Түркістан әмірі Абылай сұлтан. Ол өз елін жерін қорғауда аянбай қызмет еткен, жауларына қатігез қаһарлы болғандықтан оны халық арасында «қанішер Абылай» деп атап кеткен. Арғы атасы 50 мың қалмақ әскерін 600 қазақ қолымен Аңырақайда ойсырата женген атақты Жәңгір хан (1628 – 1680 жж).

XVIII-ші ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың кеменгер сыртқы және ішкі саясатының арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы Абылай сұлтан қырғыз жерлеріне жорық жасап олардың жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке бағыныштылары – төлеңгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей айдап салған еділ калмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті.

Абылай ханныңқазақ жерін басқыншылардан қорғап, жаудан тазарту жолындағы еңбегі ерен. Өздерінің жымысқы-сайқал мүдделерін көздеген Қытаймен Ресей қалмақ –тарды әзірлеп, қаруландырып қазақтарға қарсы айдап салғаны тарихтан белгілі.

Қазақтар өздерінің атамекенін тегеуірінді қалмақ шапқыншыларынан қорғап қана қоймай, сол заманда Орта Азиядағы ең қуатты, халқы екі миллионнан аса Жоңғар елін жер бетінен жойып жіберді. Тарихшылардың айтуынша жонғарлар сол кезде Орта Азияда ең ірі және қуатты патшалық құрған. Олардың сұрапыл тегеуріне қазақтардан басқа осы жерді мекендеген ешбір халық төтеп бере алмаған. Қазақ халқы өзінің жері мен елін, Отанын Жоңғар басқыншыларынан бір ғасырдан астам кезеңде қорғаған бұл соғыс қазақтар үшін Ұлы Отан соғысы (1643 – 1756 жж.) болды, өйткені қазақтар өз Отанын жаудан қорғады.

Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол Цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп тануына қол жеткізген еді.

1771 жылы Абылай сұлтанды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін үш жүздің өкілдері хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға Нұралы ханнан басқасы Ұлы, Орта, Кіші жүздің өкілдері, ықпалды Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Бұқар жырау сөзсіз қолдау көрсетті. Жиналған бүкіл Қазақ елінің алдында ұлт дәстүрі бойынша Абылай ақкиізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. Орыс ғалымы А. Левшиннің пікірінше, ол «оған торғауыттарды жеңуі арқылы барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.

Заманының аса кемеңгер саясаткері, шебер дипломаты көршілес екі алып мемлекет Қытай, Ресеймен үнемі бейбіт, достық қарым-қатынас орнатуға олармен сауда байланыстарын нығайтуға тырысты. Абылай хан белгілеген (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының батысынан басталатын) яғни Ертіс өзенінің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан сауда жолын халық әлі «Хан жолы» деп атайды. «Абылай жолы», «Шаңды жол» деген аттар да күні бүгінге дейін ел аузында.

XVIII ғасырда қазақтар Орынборда, Троицкіде, Гурьевте, Ямышевскіде, Семейде, Петропавлда, Омбыда, Өскеменде және Үй, Ертіс, Новоишим шептері бойындағы басқа да бекіністер мен қазақ қоныстарында сауда жүргізді. XVIII ғасырдың аяғына қарай қазақтар Орынбордың бір өзіне ғана жылына 200 000-ға дейін қой әкеліп тұрды. Ресейден негізінен тоқыма өндірісінің тауарлары әкелінді.

Ресейден бидай және бидай ұны, қарабидай және қарабидай ұны түрінде астық келіп жатты. Тауарлардың бұл тізбесіне металл бұйымдарын: шойын, темір және мыс қазандар, тағандар, балта, орақ, шалғы, шелек, қайшы және т.б. тауарларды қосуға болады. Осылармен қатар қазақтар Ресейден темір қаңылтыр, орама қалайы, мыс қаңылтыр және басқа да бірсыпыра тауарлар алып тұрды.

1743 жылы негізі қаланған Орынбор қаласы өзара сауда қатынастарының маңызды мекеніне айналды. Айырбас сарайында белсенді сауда жүргізілді, онда 1747 жылы дүкендер саны 131 болды. Сауда операциялары жүргізілген Сейіт слободасы ірі сауда орталығына айналды. Сауда шоғырланған тағы басқа бір орын – айырбас сарайы болды, онда XVIII ғасырдың екінші жартысында 344 дүкен мен 148 қойма орналасты. Дүкендер көпестерге жалға берілді. Айырбас сарайымен бірге Орынбор шекаралық кедені қүрылды, жаздыгүні Айырбас сарайына күніне тауар артылған 1000 шақты түйе келіп тұрды. Жылқы, иленбеген тері, бұхара шапандары, кілемдер, кептірілген жемістер және т.б. тауарлар көп мөлшерде сатылды.

Бұл арада Орта Азиякөпестерінің делдалдық саудасы зор рөл атқарғанын ескеру керек, Қазақ даласына Бұхарадан, Хиуадан, Ташкенттен, Қоқаннан сауда керуендері келіп тұрды. Өз кезегінде, бұл қалаларға қазақ феодалдарының сауда керуендері жіберілді, олар Қытай иелігіндегі жоңғарлар жерінде тұрған қалашықтар мен бекіністерге барып одан кейін Өскемен жөне Семей бекіністеріне күміс және басқа тауарлар әкелді.

Абылай Қытайменсауда қатынасына ерекше көңіл бөлді. Сол мақсатта Сайрамкөл жағасында Іле цзянцунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп, онымен сауда шартын жасасқан. Қытай жазба деректеріне сәйкес «1757 жылы Абылай ханмен жасасқан келісім бойынша Абылайдың, Әбілпейіздің, Қабанбайдың, Қожабергеннің, Дәулетбайдың сауда тоғанақтары Үрімшіге үзбей келіп, ат, түйе, қой, өгіз өткізіп, оған өздеріне қажетті мақпал, торғын, шай және фарфор ыдыстарын сатып алып қайтқан». Абылайдың өзі бүкіл Шыңжандағы сауданы қыздыруға ұйытқы болып, сауданың 70-80 пайызы осы екі қалада (Құлжа, Шәуешек) тек қазақтармен жасалғандықтан да, тарихта бұл саудалар «Құлжа-қазақ саудасы», «Шәуешек-қазақ саудасы», «Үрімші-қазақ саудасы», деп аталған.

Қытаймен сауда кең көлем алмады ол Құлжа мен Шәуешекте ғана жүргізілді, бірақ мұнда да қазақтар көпестермен және жай халықпен істес болған жоқ. Себебі Жоңғария аумағына орналастырылған Цин әскерлері өз үкіметінен азық-түлік пен жем алмай, жібек, атлас, қүйма күміс сияқты алуан түрлі тауарлар алатын. Бұл тауарлар мен құйма күмістерді олар қазақтарға малға айырбастауға, ал алынған малды өз елінде ақшаға сатуға тиіс болды, өйткені ол ақша әскерді ұстауға жұмсалатын. Цин үкіметі пайда табу үшін қазақтармен айырбас жасауға ешкімге рұқсат етпеді. Сондықтан қазақтарға сауда жасау мақсатымен қытай қалаларына баруына тиым салынды. Сауда Қытайдың Іле және Тарбағатай округтері әскерлерінің қажеттерін ғана өтеуге тиіс еді.

Осыған қарамастан, Қазақ Елі мен Ресей, Орта Азия мемлекеттері және циндік Қытай арасындағы өзара сауда қатынастары кеңейе берді. Бұл елшілер алмасудың көбеюіне, жекелеген аймақтармен, әсіресе ішкі аудандармен бейбіт қатынастар орнатылуына көп жағынан көмектесті.

Абылайдың Ресей патшалығымен қарым-қатынасын тарихшылар көпке дейін бодандық аукымында қарап келді. Қазақ совет энциклопедиясында: «Абылай орыс мемлекеті мен Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат жүргізді. Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде Қытайға қарай ойысып отырды», делінген. Демек, «Ресей мен Қытайдың империялық өктемсуі мен қазақ жерін иеленуден дәмеленіп, емексуі кезеңінде даулы мәселелерді әскери жолмен емес, саяси-мәмілегерлік тәсілмен шешуге бағытталған, Абылай саясаты мейлінше дұрыс еді. Қалай дегенде де Абылайдың Қытай мен Ресей патшалығына бас имей, дербес, тәуелсіз хан болғандығы айқын. Бұған дәлел америкалық зерттеуші Ч. Карлсонның пікірі «1790 жылдан орыстардың хандық билікті жойып, жүздік басқару жүйесін толықтай құртуының нэтижесінде XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтар тәуелсіздіктен біржолата айырылды,» Бұдан Ресей патшалығының отарлау саясатын Абылай хан дүниеден қайтқан соң ғана жүзеге асыра алғаны аңғарылады.

Ел мүддесі жолында астарлы да айлалы саясат ұстанған көреген көсем тек белгілі бір тығырықтан шығу жолында ғана келісімге барып отырған. Мұны А. Левшин өз сөзінде айғақтайды: «Уверенный в своих достоинствах, он искусно привлекая к себе приверженцев важностью своею и признавал себя, смотря по нужде, то поданным русским, то китайским; а на самом деле был властитель совершенно независимый». Қытай мен Россияға тәуелдімін дей отырып, шын мәнінде сол мемлекеттермен Абылай хан терезесі тең, тәуелсіз саясат жүргізді.

Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ, Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтандыру жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады.

Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталыққа бағындырылған элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сүлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, орталық Қазақ Елінде Қасым билік етті.

Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақ елінің кейбір аудандарында – Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары – сұлтандар билік етті.

Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені – біртұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Мәселен, дәстүрлі құқықты жетілдіріп Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесу үшін үкім шығару құқығын өз қолына алды. Бұл құқық бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар құрылтайының құқықтары едәуір шектелді.

Абылай ханның ішкі өмірдегі маңызды әрекеттері арасынан оның жеке ұлан (гвардия) – төлеңгіттерді құруын атап өту қажет. Бұл орайда төлеңгіттерді ұстаудың белгілі бір ережелері сақталды. Абылай ханның қатысуымен қазақ жасақтары тұрақты әскер сипатын алды, Орта жүз бен Кіші жүздің әр түрлі руларынан шыққан қолбасшылар әскери іспен тұрақты айналысты. Бөгенбай, Қабанбай, Баян, Есет, Наурызбай, Жәнібек сынды батырлар 10 000 жауынгерге дейін жететін ірі құрамаларды үнемі басқарып жүрді. «Батырлар» институтының өзі әскери іспен неғұрлым кәсіби түрде айналысатын адам саны көп жасақтарды қамти бастады.

Шоқан Уәлихановтың пікірінше: Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дәрежеде себепші болды. Текті әулеттен шыққанына қарамастан, балалық шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоңғарларға қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде қатысуына және шайқаста батыр атағын алуына тура келді.

Абылай мұсылманша жақсы сауатты болып, оқып, жаза білді. Ол кемеңгер саясатшы, тамаша қолбасшы және дипломат. Абылай жасынан өнерге ерекше қабілетті болып, жыр-дастандардан, шешендік сөздерден, халық ертегілерінен терең сусындап, халық ауыз әдебиетінің барлық салаларынан хабардар болды. Жасынан қазақтың халық аспаптары домбыра, қобыз тартуды жетік білді.

Бүгінгі күні бізге Абылайдың өз заманының белгілі күйшілерінің бірі екені мәлім болып отыр. Әзірге бізге Абылай шығарған. «Ақ толқын», «Ала-байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржын қақпай», «Майда жал», «Садақ қақпай», Сары бура», «Шанды жорық» сияқты күйлер мәлім болып отыр. Мысалы, «Шанды жорық» күйі Абылайдың жақсы көретін ер жүрек батырларының бірі Баян батырдың ерлігін және оның шайқаста қаза болуын бейнелейді.

Абылай тарих көшін көшпелі өркениеттің бүрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленді.

Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Сол тәуелсіздік тұғырына өз үлесін қосқан «Абылай – қазақтың соңғы тәуелсіз ханы». Ол хан болу үшін Ресей өкіметіне жүгінген жоқ. Билікті тура өз халқының қолынан алды. Абылай ханның есімі халықтың қайталанбас қайраткері – алып тұлғасы ретінде әлемдік тарихтың тұғырында тұруы тиіс. Ол дәуірден дәуірге асқақтайтын ұлы тулға, рухты ұлт мақтанышы, көсемдік келбеттің керемет үлгісі.

Бүгінгі егемендігіміздің асыл діңгегі, тәуелсіздігіміздің темір қазығы қазақ үшін ең қасиетті Ұлы тұлға Абылай хан бабамызды қастерлеп-құрметтеу, соның жемісін көріп отырған бүгінгі ұрпақ біз үшін, өтелмес қарызбен асыл парыз.

О С Н О В А С У В Е Р Е Н И Т Е Т А Г А Р А Н Т Н Е З А В И С И М О С Т И – В Е Л И К И Й А Б Ы Л А Й Х А Н

XVIII-ом веке казахский народ в результате коварной политики с целью захвата китайской и российкой империями был разделен на жузы, роды и раздроблен на несколько независимых ханств. Кроме того, началось джунгарское нашествие подготовленных и искусно натравленных ими же. В этот трудный период когда судьба казахского народа и его независимость висела на волоске на защиту родной земли и народа встал мудрый политик, бесстрашный полководец и Великий государственный деятель Абылай хан.

Проявляя заботу хан Абылай проложил путь в будущее казахского народа. При жизни его имя превратилась в легенду и в боевой клич как святое для казахов «Алаш». Но несмотря на это в целях принизить в глазах собсвенного народа, а наоборот преувеличить роль колонизаторов (царьской России) государственная деятельность и его заслуги перед казахским народом затушевывались порою даже неверно трактовались советскими (коммунистическими) историками.

Согласно данным исследователей многие исторические материалы о казахских ханствах находятся в архивах многих стран. К примеру, множество исторических документов об Абылай хане в настоящее время хранятся в архивах, хранилищах, соседних стран Китая, Ирана, Афганистана и Турции, а также в библиотеках США, Западной Европы.

В свое время на государственную, политическую жизнь полководца Абылай хана обратили внимание историки, политологи, исследователи мира. Самые объемные исторические материалы даны например, в энциклопедии Брокгауза и Ефрона дореволюционной России, в которой в частности указана, что «Абылай или Абулай является ханом Среднего жуза киргиз-кайсаков XVIII-го века». Английский исследователь М. Олкот утверждает, что «Абылай является последним независимым ханом казахов». Для того, чтобы стать ханом он не обратился к правительству России, а избрал его ханом сам народ».

Абылай (Әбилмансур) родился в 1711 году в семье правителя Туркестана султана Уали (Прекрасный Уали) из благородного рода торе – чингизид. Его дед Абылай султан был эмиром Туркестана, который не щадя себя доблестно защищал свою родину и за беспощадность, жестокость к врагам в народе его прозвали «кровопиец Абылай». А прадед прославленный Жангир хан (1628 – 1680 гг.), который на Анракайском побоище 600 воинами истребил 50 тысячное войско джунгаров.

В конце 60-х годов XVIII-го века Казахское государство благодаря мудрой внутренней и внешней политике Абылай хана превратилось в сильное унитарное государство. В 1770 годы Абылай сұлтан покорил киргизов и разбил калмыков подготовленных и напрвленных из России и Китая. При этом многие военнопленные были переселены в центральный Казахстан и получили статус «толенгутов» – национальной гвардии Абылай хана.

Неоценимы заслуги хана Абылая в защите и освобождении казахских земель от нашественников. Из истории известно, что Китай и Россия, преследуя свои колонизаторские цели, направили ими же подготовленных джунгаров для завоевания Великой степи.

Казахи не только выстояли против могущественной державы в тот период в Средней Азии, но и стерли с лица земли мощное государство Джунгарию с более двух миллионным населением. По сведениям историков в тот период Джунгария была самым огромным и могущественным ханством в Средней Азии и никакой народ кроме казахов не мог противостоять джунгарам. Также эта война, которая велась более века (1643 – 1756 гг.) была священной Отечественной войной для казахского народа, так как они защищали свою Родину от врага.

Абылай в целях достижения поддержки Китая и России вел активные действия на международной арене. В 1768 году он добился того, что цинский император признал его «главой всех казахов и казахских султанов»

В 1771 годупредставители всех трех жузов прибыли в древную столицу казахского ханства Туркестан для того, чтобы избрать султана Абылая ханом всех казахов. Абылаю оказали поддержку, кроме Нурали хана, представители Великого, Среднего и Младшего жузов, влиятельные султаны Абилпеиз и Болат, также Бухар жырау. В сответствии с национальными традициями, поднятый на белой кошме, перед всем народом Абылай был провозглашен ханом всех трех жузов. Согласно мнению русского ученного А. Левшина: «Абылай достиг такого статуса благодоря не только выбору его туркестанцами, ташкентцами и всех казахско-киргизскими ордами, а также покорения ими торгауытов (калмыков)». Таким образм, Абылай хану удалось восстановить Казахское ханство.

Мудрый политик, искуссный дипломат своего времени он постоянно стремился строить мирные и дружественные отношения двумя соседними, великими державами как Китай и Россия, также развивать торговые отношения с ними. Казахи до сегоднящнего дня помнят проложенный Абылай ханом торговые пути, которые начинались от западной части Абайского района ВКО и проходили вдоль реки Иртыш на восток. В народе их прозвали «Ханская дорога», «Дорога Абылая», «Пыльная дорога» и это до сих пор на устах у народа.

XVIII-ом веке казахи вели торговлю в Оренбурге, Троицке, Гурьеве, Ямышевске, Семипалатинске, Петропавловске, Омске, Усть-Каменогорске, а также в Уйске, Иртыше, Новоишиме и в других крепостях и поселениях казахов. В конце XVIII-го века казахи только в Оренбург пригоняли более 200 тысяч овец. Из России привозили в основном товары мануфактуры.

Из Россииприбывали зерно пшеницы, пшеничная мука, гречки, гречневая мука. В списке товаров были изделия из металла: медные, чугунные и железные казаны, подковы, тапоры, серпы, косы, ведра, ножницы и другие товары. Кроме них казахи брали из России жестянки из железа, меди, олова и другие товары.

Основанный в 1743 году Оренбург превратился в важный центр международной торговли. Активная торговля велась в обменном дворце в 1747 году там насчитывлось 131 магазинов. В крупный центр торговли превратилась Сеитская торговая слобода где велись торговые операций. Еще другим торговым центром стал обменный дворец, в котором во второй половине XVIII-го века расположились 344 магазинов и 148 складов. Магазины предоставлялись купцам в аренду. Совместно с обменным дворцом создовался Оренбургская приграничная таможня. В летний период в обменный дворец прибывали около 1000 нагруженных товарами верблюды. Там крупными партиями продовались лошади, необработанная кожа, бухарские халаты, ковры, сушенные фрукты и другие товары.

Здесь необходимо учесть посредничество купцов Средней Азии, в казахскую степь прибывали караваны из Бухары, Коканда, Хивы и Ташкента. В свою очередь в указанные города отправлялись караваны из Великой степи. Они везли товары из городков и крепостей Джунгарии, находящиеся во владении Китая, оттуда в крепости Семипалатинска и Устькаменогорска везли серебро и другие товары.

Абылай хан уделял особое внимание на торговлю с Китаем, в этих целях заключил торговое соглашение с Или цзянцунымом (генерал-губернатором) во встрече на берегу Сайрамколя. Согласно китайской летописи «в 1757 году в соответствии договора с Абылай ханом торговые караваны Абылая, Абилпеиза, Даулетбая, Кабанбая, Кожабергена постоянно везли в Урумчи лошади, верблюды, овцы, быки взамен покупали необходимые для себя ткани из льна, шелка, хлопка, чай и посуды из форфора». Сам Абылай активизировал торговлю в цинзянском регионе и 70-80% торговли шла в двух городах в Кулдже и Чугучаке только с казахами из истории они известны как: «Кулджа-казахская, «Чугучак-казахская», «Урумчи-казахская» торговля.

Торговля с Китаем не была в крупных объемах она велась только в Кулдже и Чугучаке и то казахи не вели торговлю с купцами и народом, так как китайские войска, расположенные в регионе Джунгарии снабжались цинским правительством материалами из атласа, щелка, литого серебра и другими разными товарами и обменялись на скот казахов, которые продовались в Китае и вырученные деньги тратились на содержание армии. Цинское правительство никому не разрешало обмен с казахами в целях извлечения прибыли, в связи с этим казахам было запрещено ездить в китайские города для торговли. Торговля должна была обеспечить нужды войска Или и Тарбагатайских округов Китая.

Несмотря на это торговые отношения казахского государства с Россией, странами Средней Азии и цинским Китаем расширялись. Это способствовало для установления мирных отношений с отдельными регионами особенно со внутренними районами, также для укрепления внешних связей.

Отношения Абылая с царской Россией историки долгое время рассматривали как отношения вассала с сюзереном. В Казахской советской энциклопедии определено, что: «Абылай в отношениях с Россией и Китаем проводил дипломатическую политику. В борьбе с двумя крупными державами он поочередно опирался на них противопоставляя их друг-другу. В таких сложных международных отношениях неравных сторон, империалистическим амбициям сильных соседей он противопоставлял политику дипломатии, мирных переговоров вместо грубой силы и она оправдала себя. Абылай хан в отношении этих великих держав вел независимую политику и это лишний раз доказывает, что Казах Ели был независимым государством. Доказательством этого факта является также утверждение американского исследователя Ч. Карлсона «В XIX-ом веке казахи лишились независимости когда 1790 году русские ликвидировали ханскую власть и систему управления жузами». И это является наглядным подтверждением того обстоятельства, что Россия колонизировала казахское государство только после смерти Абылай хана.

Мудрый, прозорливый политик для которого интересы народа были выше всего шел на компромисс с врагами только при крайне безвыходных ситуациях. Это подтверждает русский ученый А. Левшин, который пишет: «Уверенный в своих достоинствах, он искусно привлекая к себе приверженцев важностью своею и признавал себя, смотря по нужде, то поданным русским, то китайским; а на самом деле был властитель совершенно независимый». Признаваясь Китаю и России о якобы верноподданствена самом деле Абылай хан вел независимую политику.

Несмотря на всенародное признание и высший статус хана трех жузов власть Абылай хана не была неограниченной отдельные султаны особенно Барак и потомки Абилмамбет хана считали, что он является незаконным владельцем власти. По мнению Ш. Уалиханова ограниченный обычным правом Абылай пытался обуздать султанов и родоначальников. Высокий его авторитет способствовал держать народ в подчинении хану. Чтобы выстоять в изменившейся во внешне-политической ситуации Абылай хан понял о необходимости централизации политической системы казахского ханства. Ради этого он начал реформу по нескольким направлениям.

Во-первых, Абылай начал усиление централизации власти. В первой половине XVIII-го века каждое родовое объединение было автономным, которыми управляли бии и главы родов. В таких случаях власть хана зависела от воли биев и отдельных глав родовых объединений.

В этих условиях Абылай для управления жузами и крупными родовыми объединениями стремился внедрить централизованные элементы традиционных национальных духовных ценностей. Многие дети хана, которые правили народом были носителями таких ценностей. В 1774 году Адил султан был назначен правителем одной части Великого жуза, для которого Абылай построил город на Таласской долине, куда были переселены каракалпаковцы. В северо-восточном Жетысу власть была передана другому его сыну Суюк, а в центральной части казахского государства правил Касым.

Все земли Великого и Среднего жуза были поделены между сыновьями хана, кроме земель Младшего и западной части Среднего жуза, также некоторых районов центрального региона Казах Ели, а также в районе ближе к границе с Китаем и Сырдарьи правили потомки султанов Барака, Каип и Абилмамбета.

Вторым направлениемпринятых Абылаем мер в усилении центральной власти было опора на человеческий фактор и качества правителя. К примеру, он совершенствуя нормы обычного права принял полномочие вынесения приговора о смертной казни преступникам, эти полномочия ранее принадлежали биям. Также были ограничены в правах «Совет биев» и «Собрание глав родов-аксакалов».

Одним из важных мер во внутренней политике Абылай хана можно назвать созданную им национальную гвардию– туленгутов. Необходимо также отметить установленную им порядок службыи правила содержания их. Под его руководством казахское ополчение приняло признаки и свойство постоянной армии. Многие полководцы выходцы и Средней и Младшего жузов начали заниматься военным делом профессионально. Богенбай, Кабанбай, Баян, Есет, Наурызбай, Жанибек и другие батыры руководили 10 000 тысячными войсками на постоянной основе. Создавался институт «батыров», которые охватывали более широкий круг профессиональных войск.

По мнению Ш. Уалиханова: «Мудрый политик и искуссный дипломат Абылай снискал себе любовь сторонников и уважение противников. Этому конечно способствовало и личные качества хана. Несмотря на высокое сословное происхождение он не пренебрегал трудом скотовода, пастуха и даже рядовым воином сражался против джунгар, при котором заслуженно получил звание батыра».

Абылай был по мусульманский образованным человеком он мог читать и писать. Мудрый политик, выдающийся полководец и искуссный дипломат, он с детства проявлял способность к искусству, ему с раннего возраста прививали любовь к былинам, крылатым словам, народным сказкам и фольклору. Он с детства умел играть на народных музыкальных инструментах: домбыре и кобызе.

Согласно фактам исследователей Абылай хан был известным своего времени куйши. На сегодня нам известны его куйи: «Ак толкын», «Ала-байрак», «Булан жигит», «Дуние калды», «Жетим торы», «Кайран елім», «Кара жорга», «Коржын какпай», «Майда жал», «Садақк какпай», Сары бура», «Шанды жорык». Например, его кюй «Шанды жорык» посвящен подвигу его любимому и храброму батыру Баян и о его гибели в бою за Родину.

Абылай хан – Великий человек, который повернув путь истории восстановил былую мощь и славу кочевой цивилизации. А также восстановленное, единное, мощное Казахское ханство просуществовало вместе с ним и благодаря им. Волею судьбы в 1781 году в возрасте 70 лет в пути из Ташкента в Туркестан Великий Абылай скончался и был похоронен в храме Қожа Ахмета Ясауи.

Сегодня с обретением суверенитета и независимости Казах Ели сбылась многовековая сокровенная мечта казахского народа. Эта независимость дорого обошлась нашему народу. И неоценимый вклад внес нашей независимости Великий Абылай – последний независимый хан. Которому этот титул предоставила не Россия, а ханом избрал его собственный народ. Имя Абылай хана – исполина народа, великого государственного деятеля должна быть на пьедостале мировой истории. Абылай –прославленный эпохой великая фигура, неподражаемый пример вождя, он гордость наций.

Уважение и почитание Великого Абылай хана – драгоценного остова нашего суверенитета, основы независимости – является священным долгом казахского народа.

---

Source: [https://yvision.kz/post/v-e-l-i-k-i-y-a-b-y-l-a-y-h-a-n-893812](https://yvision.kz/post/v-e-l-i-k-i-y-a-b-y-l-a-y-h-a-n-893812)