---
title: "УКРАИНАДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ"
description: "Еурокомиссия төрағасы Киевке бардыОның айтуынша Украинаға қолдау Еуропаға қымбатқа түсіп жатыр. Біра..."
author: "usergoogle113875725356035457742"
published: "2022-12-10T11:40:07+00:00"
modified: "2022-12-10T13:46:18+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ukrainada-y-azirgi-zha-day-980446"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ukrainada-y-azirgi-zha-day-980446/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# УКРАИНАДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

> Еурокомиссия төрағасы Киевке бардыОның айтуынша Украинаға қолдау Еуропаға қымбатқа түсіп жатыр. Біра...

Еурокомиссия төрағасы Киевке барды

Оның айтуынша Украинаға қолдау Еуропаға қымбатқа түсіп жатыр. Бірақ олар бостандық үшін барлығына дайын екенін айтуда. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Киевке келген кезінде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, санкциялардың Ресей экономикасына ықпалы енді байқала бастаған. Бұл шаралардың кәрі құрлыққа да теріс әсері болғанымен Брюссель Киевке жан-жақты қолдауын әрі қарай жалғастыра беретіндігінайтады.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы: Қазір біздің басты назарымыз - Украинаға қаржылай қолдау көрсету. Бұдан бөлек, әскери көмекке көрсетуге де дайынбыз. Осы кездесуде талқыланған тағы бір маңызды мәселе – қысқа дайындық. Осыған қатысты, ішкі босқындарға қолдау көрсету үшін 150 миллион еуро бөлдік.

Украина қарымта шабуылға көшті

Украинаның қарулы күштері Купянск қаласын толығымен өз бақылауына алды.

Қарулы қақтығыс жаңа кезеңге аяқ басты

Украинаның қарулы күштері бірнеше күн ішінде Ресей әскерилері соғыс басталғалы ұстап отырған жерлерді қайтарып алды. Олар Ресейден келген басқыншыларға қарсы шабуыл ұйымдастырып, елді мекендерді азат етіп жатыр. Осының әсерінен Украина үлкен қарқынмен алға жылжып, Оскилл өзеніне дейін жетіп, Донбастағы соғыс картасын қайта сызып шықты. Осы шабуылдардан кейін сарапшылар Украинаның жеті айға ұласқан соғыстың мән-жәйін өзгертіп жібергенін айтады.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский CNN телеарнасына берген сұхбатында қазір Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын емес екендігін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин Украинада «әскери операция бастайтынын» жариялағалы 206күн өтті. Ал қыркүйектің басынан қарулы қақтығыс жаңа кезеңге аяқ басты. Украина Президенті Владимир Зеленский елдің қарулы күштері Харьков және Херсон облысында аумағындағы бірақатар елді мекенді азат еткені жайлы мәлімдеді. Владимир Зеленский,

Украина президенті: – Украиналық әскерилер 1 қыркүйектен бері Харьков және Херсон облысында аумағы мың шаршы шақырымнан асатын ондаған елді мекенді азат етті. Бұған атсалысқандардың бәріне, оның ішінде әскерге, барлау қызметіне, арнайы қызмет өкілдеріне алғыс айтамын. Ал өткен сенбіде ресми Киев Балаклеяда Украина туы көтеріліп, ұлттық әнұран шырқалып жатқан сәтті жариялады. Сонымен қатар украин жауынгерлері Харьков облысында Ресей әскеріне күтпеген жерден соққы беріп, оларды Изюм, Купянск секілді стратегиялық маңызы зор қалалардан қашуға мәжбүр еткен.

Украинада АЭС электр желісіне қосылды

Запорожьедегі атом станциясы электр желісіне қосылды. Нысан 26 тамызда қуат көзінен ажыратылған, деп хабарлайды «Хабар 24». Өйткені қарулы қақтығыс кезінде электр тарату желілері зақымданды. Әзірге инженерлер солардың төртеуінің біреуін ғана жөндеген. Айта кеткен жөн, Запорожьедегі атом электр станциясы наурыздың басында Ресей әскерінің бақылауына өткен. Тамыздың басынан бері шабуылға ұшырап, Киев пен Мәскеу бұл үшін бірін-бірі айыптап келді. Таяуда атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік нысанға барып, қақтығыс салдарынан оған зиян келгенін мәлімдеген. Осы категория бойынша: « Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал тұрақты Германия көшесінде шатырлы лагерь құрылды »

Естеріңізге сала кетейік, 11-қыркүйекте Украинаның «Энергоатом» ұлттық компаниясы АЭС электр желісінің жұмысы толық тоқтатылғандығы туралы мәлімдеген болатын.

Авторы: Гүлай Ашекова

Жетекшісі: Рушанова Н.Б

---

Source: [https://yvision.kz/post/ukrainada-y-azirgi-zha-day-980446](https://yvision.kz/post/ukrainada-y-azirgi-zha-day-980446)