---
title: "Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылып, гастро-орталық директорын тергеу аяқталды"
description: "Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды. Бұған дейін ол..."
author: "orazali"
published: "2024-01-17T02:47:11+00:00"
modified: "2024-01-17T02:47:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/uandy-bishimbaev-a-ta-y-bir-ayyp-ta-ylyp-gastro-ortaly-direktoryn-tergeu-aya-taldy-999961"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/uandy-bishimbaev-a-ta-y-bir-ayyp-ta-ylyp-gastro-ortaly-direktoryn-tergeu-aya-taldy-999961/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылып, гастро-орталық директорын тергеу аяқталды

> Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды. Бұған дейін ол...

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды. Бұған дейін ол «аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша тергелген еді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c35446137d7c17ddd9106670878fc5.jpg)

Коллаж: Almaty.tv

КТК телеарнасының хабарлауынша, әйелінің өлімі үшін экс-шенеунікке ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының (қинау) 2-бөлігімен қосымша айып тағылып отыр. Бұл айыптау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейінгі жаза кесіледі. Ал алдыңғы айыптау бойынша 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сонымен қатар Нүкенова өлтірілген гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол «қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша істі болып жатыр. Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті. Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны өткен жылы 9 қарашада белгілі болған еді. Қайғылы жағдай Астанадағы Bau ресторанында болған. Биыл 8 қаңтарда оған қатысты істің тергеліп біткені айтылды. Ал 11 қаңтарда оны қамау мерзімі тағы екі айға созылды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/uandy-bishimbaev-a-ta-y-bir-ayyp-ta-ylyp-gastro-ortaly-direktoryn-tergeu-aya-taldy-999961](https://yvision.kz/post/uandy-bishimbaev-a-ta-y-bir-ayyp-ta-ylyp-gastro-ortaly-direktoryn-tergeu-aya-taldy-999961)