---
title: "Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты намаз уақыты да өзгереді"
description: "Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қост"
author: "jan.123"
published: "2024-02-27T09:33:51+00:00"
modified: "2024-02-27T09:33:51+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ua-yt-beldeuini-zgeruine-baylanysty-namaz-ua-yty-da-zgeredi-1001639"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ua-yt-beldeuini-zgeruine-baylanysty-namaz-ua-yty-da-zgeredi-1001639/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты намаз уақыты да өзгереді

> Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қост

![Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты намаз уақыты да өзгереді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/906141aae80f9899e29eeb6d5b7ec3.jpg)

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Алла қаласа 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми [www.muftyat.kz](https://www.muftyat.kz/kk/namaz_times/)сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ua-yt-beldeuini-zgeruine-baylanysty-namaz-ua-yty-da-zgeredi-1001639](https://yvision.kz/post/ua-yt-beldeuini-zgeruine-baylanysty-namaz-ua-yty-da-zgeredi-1001639)