---
title: "Ұтымды инвестициялар!"
description: "2015 жылғы 8 қазан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қаласында еліміздің жарнама нарығын..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-27T10:19:58+00:00"
modified: "2015-10-27T10:31:17+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tymdy-investiciyalar-614308"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tymdy-investiciyalar-614308/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұтымды инвестициялар!

> 2015 жылғы 8 қазан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қаласында еліміздің жарнама нарығын...

2015 жылғы 8 қазан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қаласында еліміздің жарнама нарығының негізгі басшылары мен менеджерлері қатысқан өзінің жарнамалық және демеушілік мүмкіншіліктерінің көрсетілімін өткізді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы атынан: «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы - Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова, Басқарма төрағасының орынбасары - Данияр Маралұлы Нұрғазин, Корпорацияның коммерциялық қызмет директоры – Шолпан Әнуарбекқызы Бейсенбаева, Стратегиялық маркетинг департаментінің директоры – Евгений Леонидович Тищенко, «Kazsport» телеарнасының директоры – Павел Валерьевич Цыбулин және басқалары қатысты.

![Ұтымды инвестициялар!](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/z0n78FLpSTYiDZH10Jj7b054PD8e07.jpg)

Еліміздің жарнама нарығының 250-ден астам өкілдері қатысқан кездесулер Royal Tulip Almaty және Grand Hotel Tien Shan қонақ үйлерінде өткізілді. Аталған кездесулер дастарқан басында, іс-шараға қатысушыларға барлық мәселелерді талқылауға мүмкіндік берген еркін әңгіме ретінде ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптардың инвестициялық және басқа да салалардағы өзара әрекеттесуінің негізгі аспектілері талқыланды. Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ және еліміздің жетекші жарнама агенттіктерінің өкілдері арасында бұдан бұрын жасасқан келісімдер және оларды орындау деңгейі қарастырылды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ осы іс-шараның қатысушыларына алғыс білдіріп, достық келіссөздердің нәтижесі өзара тиімді, әрі табысты ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/tymdy-investiciyalar-614308](https://yvision.kz/post/tymdy-investiciyalar-614308)