---
title: "ТУБЕРКУЛЕЗ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАСЫ"
description: "Қоздырғышы Туберкулезді адам ауаның ұсақ бөлшектерімен бірге жұтатын, ұсақ тірі организмд..."
author: "arkkriloff"
published: "2017-10-15T11:10:52+00:00"
modified: "2017-10-15T11:10:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tuberkulez-densauly-sa-tau-salasyny-lemdik-problemasy-781764"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tuberkulez-densauly-sa-tau-salasyny-lemdik-problemasy-781764/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТУБЕРКУЛЕЗ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАСЫ

> Қоздырғышы Туберкулезді адам ауаның ұсақ бөлшектерімен бірге жұтатын, ұсақ тірі организмд...

![ТУБЕРКУЛЕЗ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/arkkriloff/RBkT259RvnDDLh7C9cyhYpyjjX6Zm1.jpg)

Қоздырғышы

Туберкулезді адам ауаның ұсақ бөлшектерімен бірге жұтатын, ұсақ тірі организмдер – туберкулез бактериялары (таяқшалары) туғызады, сондықтан әр адамның туберкулезді жұқтыруы және ұшырауы мүмкін. Науқас адамдар сөйлегенде, жөтелгенде, өлең айтқанда және түшкіргенде туберкулез бактерияларынан микробөлшектер түзіледі.

Бактериялар типтері

Науқас адамның ағзасында өздерін әр қилы ұстайтын туберкулез бактерияларының бір кезде төрт типі болады.

- Жедел өсуші бактериялар – жедел өседі және күшті қоректенуді қажет етеді. Науқастарда бұндай бактериялар саны көбірек.

- Баяу өсуші бактериялар – баяу өседі және аз қоректенеді.

- Кезең – кезеңмен белсенділенетін – кейде ғана белсенді болады және кей уақытта ғана қоректенеді.

- Латенттік (жасырын) бактериялар – ұйқыда болады. Олар қоректенбейді, алайда олардың «тірілуі» мүмкін. Туберкулезді жұқтырған, бірақ туберкулезбен ауырмайтын, әрбір адамда бұндай бактериялар бар.

Туберкулездің берілу тетігі

Туберкулез бактериялары жұққан ауамен тыныстағанда, инфекция сау адамның ағзасына өтеді. Науқаспен қаншалықты көп бактериялар бөлінсе және сау адам бактериялар жұққан ауамен неғұрлым ұзақ тыныстаса, соғұрлым сау адамның дертті жұқтыру мүмкіндігі мол. Тамақ арқылы, жұғысқанда немесе тұрмыс заттары арқылы туберкулез берілмейді.

Науқас бар бөлмені жақсы желдетсе, ауру адаммен оның қасындағы адамдардың бірнеше метр ара қашықтығы сақталса, сондай-ақ ауызды арнайы маскамен, салфеткамен немесе алақанмен қалқалаған жағдайда, туберкулездің берілу мүмкіндігі төмендейді (Пайдаланылған заттарды соңынан зарарсыздандыру немесе жою керек).

Бактериялар өкпеге түскеннен кейін жиі жағдайда онда «шөгеді», алайда кейде олар адамның кез келген басқа органдарына (сүйек, буындар, бүйен және т.б.) көшуі мүмкін.

Дерттің дамуы

Көптеген адамдардың ағзасы бактерияларға қарсы тұруы және олардың дамуын болдырмауы ықтимал, сондықтан олар ауырмайды. Бірақ адамдардың кей бөлігінің алкогольді шамадан тыс көп пайдаланғаннан, есірткілер тұтынғаннан, тамақты тойып ішпегеннен немесе әртүрлі аурулардан (қант диабеті, қатерлі ісік, ВИЧ және т.б.) ағзасы (иммунитеті) әлсірейді.

Әлсіреген ағза бактериялардың көбеюіне қарсы тұра алмайды. Сондықтан жалпы белгілер: бүкіл денедегі әлсіздік, түнде тершеңдік, дене қызуының жоғарлауы (37º), белгісіз салдардан салмақтың жоғалуы пайда болады. Бактериялар органдарды бұза бастағанда, олардың зақымдалуына тән белгілер білінеді. Бактериялардың көбіне өкпелерде «шөгуіне» байланысты, науқастарда жиі жағдайларда алқыну, кеуденің шаншуы, жөтел, қақыру және қан түкіру пайда болады.

Туберкулезге қарсы арнайы дәрілермен емдегенде ғана бактериялардың зақымдау әрекетін тоқтатуға болады.

Анықтау

Егер адамда жалпы әлсіздік, түнде тершеңдік, дене қызуының жоғарлауы (37º), белгісіз салдардан салмақтың жоғалуы, 3 аптадан астам жөтел, кеуденің шаншуы және қан түкіру болған жағдайда туберкулезге күдік тууы мүмкін. Бұл белгілердің біреуі немесе бірнешеуі білінсе дәрігерге көрінуіңіз қажет.

Дәрігер науқастың қақырығында (немесе басқа материалында) туберкулез бактериялары бар жоғын анықтау үшін микроскоппен тексереді. Олар табылса, туберкулез диагнозы қойылады.

Соңынан дәрігерлер әр туберкулезбен ауыратын науқастың туберкулез бактерияларын арнайы құнарлы ортаға себеді. Сөйтіп, диагнозды растап қана қоймай, сонымен қатар нақты науқастың бактерияларын қандай дәрілер өлтіретіні анықталады.

Туберкулез бактериялары әртүрлі жылдамдықпен дамитыны себебінен, бұл талдауға 6-8 апта қажет.

Емдеу

Туберкулез бактерияларына қарсы әрекет ететін дәрілер болғандықтан, туберкулез емделеді. Егер тамақпен үнемі туберкулезге қарсы жеткілікті мөлшерде дәрілер түскен жағдайда, туберкулездің өсуші бактериялары өледі.

Өсуші бактериялардың 3 типі (жедел өсуші, баяу өсуші, кезең – кезеңмен белсенділенетін) болғандықтан, қан құрамында дәрілердің деңгейі туберкулез бактерияларын өлтіруге тұрақты түрде (бактериялар қашан қоректенсе де) сәйкес болу үшін, оларды тағайындалған мөлшерде (дозада), ұзақ және үзіліссіз қабылдау керек.

Дәрілер деңгейі қажетті дәрежеге жеткенде, жедел өсуші бактериялар саны төмендейді және науқас өзін әлдеқайда жақсы сезіне бастайды.

Баяу және кезең – кезеңмен өсуші бактерияларды жою үшін, науқас дәрілерді 6-8 ай бойына қабылдауы керек.

Ұйқыдағы бактериялар емделмейді, алайда сауыққан ағза жиі жағдайда олардың өсуін тежейді.

Дәрілерге тұрақтылық

Науқастар дәрілерді үнемі қабылдамағанда немесе аз мөлшерде қысқа уақыт бойына қабылдағанда, бактериялар дәріден өлмейді, оларға үйренеді. Дәрілерге үйренген бактериялар тұрақты немесе «резистентті» деп аталады.

Тұрақты (резистентті) туберкулезбен ауыратындар қоршаған адамдарды жайшылықтағы (сезімтал) туберкулезбен ауыратын науқастар сияқты жұқтырады.

Тұрақты туберкулезді емдеу үшін өте улы және өте қымбат (жүз есе), емдеу курсы ұзағырақ (2 жылға дейін) дәрілер қажет.

Резистентті туберкулезден айығу мүмкіндігі аз.

Әрі қарай үнемі емделмегенде бактерияларда супертұрақтылық (резистенттілік) дамиды. Супер-резистенттілік дамыған науқастар өледі, өйткені әлемде мұндай таяқшаларды бұза алатын дәрілер жоқ.

Науқастар дәрігердің барлық тағайындауларын орындап, бактериялар тұрақтылығының дамуын болдырмай, алғашында айығып кетуі керек.

Профилактика

Науқас адам қоршаған адамдарға туберкулезді жұқтырмау үшін, ол

1) дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді қабылдауы,

(бірнеше апта емделгеннен кейін науқас жұқпалы болмайды) және

2) гигиена ережелерін сақтауы қажет (арнайы маска киіп жүру, жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды қалқалау, науқас бактерияларды бөлмейді деп дәрігер айтқанша ара қашықтықты сақтау).

Туберкулезбен науқас ауруларды емдегендегі дәрігердің жауапкершілігі

Дәрігерлер тұрғындарға туберкулездің белгілерін түсіндірулері қажет, көмек сұрап дәрігерге қаралғандарда дер кезінде дерттен сезіктенуі және дұрыс диагноз қоюы, бактериялардың қасиеттерін анықтауы, тиімді емдеу тағайындауы және науқастарға дәрілердің қосалқы әрекеттері болғанда (лоқсу, бас айналу, құсу т.б.) көмек көрсетуі керек.

Бірақ дәрігер науқас үшін дәрілерді қабылдай алмайды.

Науқастың жауапкершілігі

Әр адам туберкулез туралы негізгі фактілерді білуі қажет.

Туберкулез белгілері бар науқастар дәрігерге көрінуі, өз ауруы туралы, байланыстар және бұрын емделгені жөнінде айтып беруіге міндетті, ал емдеу тағайындалғанда дәрігердің предписанияларын қатал орындауға және туыстар мен жақындарды инфекцияны жұқтырудан сақтауы қажет.

Туберкулездің диагностикасы

- Микроскоп арқылы қақырықта туберкулез бактерияларының бары анықталғанда - туберкулез диагнозы қойылады.

- Арнайы құнарлы ортада өскен бактерияларды зерттегенде, дәрігерлер диагнозды растап қана қоймай, сонымен қатар Сіздің бактерияларыңыздың қандай дәрілерге сезімталдығын анықтайды.

- Дәрігерлер Сіздің бактерияларыңызды қандай дәрілер өлтіретінін анықтайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандағы бизнеске АИВ/ЖИТС, туберкулëздің әсері – бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сырқаттану көрсеткіштерін азайту мақсатында туберкулëз, АИВ, ЖИТС дерттерін емдеу, алдын-алу шаралары бойынша бизнес-құрылымдарымен тұрғындарды хабардар етуді арттыру» жобасы аясында дайындалды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/tuberkulez-densauly-sa-tau-salasyny-lemdik-problemasy-781764](https://yvision.kz/post/tuberkulez-densauly-sa-tau-salasyny-lemdik-problemasy-781764)