---
title: "TRANSPARENCY KAZAKHSTAN СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ"
description: "2019 жылдың 16 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан Республикасының сыбайла..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-07-17T05:21:24+00:00"
modified: "2019-07-17T05:21:24+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/transparency-kazakhstan-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhaz-y-mektebi-836411"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/transparency-kazakhstan-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhaz-y-mektebi-836411/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# TRANSPARENCY KAZAKHSTAN СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ

> 2019 жылдың 16 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан Республикасының сыбайла...

2019 жылдың 16 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Transparency Kazakhstan» ҚҚ бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі өткізілді.

Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Р.Ақмырзаев ашып, осындай шаралардың өткізілуінің маңыздылығына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Рати Джапаридзе, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, журналистер, студенттер мен оқытушылар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Шара барысында «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры О.Шиян және «Zertteu Research Institute» орталығының өкілі Ғ.Оразымбет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстандық жүйе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтық қоғамның қатысуы және бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бағыттары туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/post/transparency-kazakhstan-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhaz-y-mektebi-836411](https://yvision.kz/post/transparency-kazakhstan-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhaz-y-mektebi-836411)