---
title: "Төлеу әже"
description: "Алдыңғы посттарының бірінде өз әжем Шынар туралы жаздым, ол кісі 1945 жылы қайтты, көзін көрген жоқпын, анамның туған шешесі - нағашы әжем Ра..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-02-12T13:54:28+00:00"
modified: "2026-02-12T13:54:28+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/toleu-azhe-1019884"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/toleu-azhe-1019884/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Төлеу әже

> Алдыңғы посттарының бірінде өз әжем Шынар туралы жаздым, ол кісі 1945 жылы қайтты, көзін көрген жоқпын, анамның туған шешесі - нағашы әжем Ра...

Алдыңғы посттарының бірінде өз әжем Шынар туралы жаздым, ол кісі 1945 жылы қайтты, көзін көрген жоқпын, анамның туған шешесі - нағашы әжем Рабиға туралы да аз-кем мағұлмат бердім. Ол кісіні де көрмедім, дұрысы ол кезде мен әлі туған жоқ едім, анамды бауырына басып, тәрбиелеген Қатеш әжем туралы да жаздым, ол кісі 1995 жылы қайтыс болып еді. Енді тағы бір әжеміз - Төлеу әже туралы айта кетсем. Атам Әмірхамзамен бірге туған Смағұлдың жары - Төлеу әжем тоқсаныншы жылдардың басында, тоқсаннан аса қайтты. Інім Жәнібек: "Әбдік нағашымыз Төленнің атын апасы Төлеуге ұқсатып қойды ма екен деп ойлап қоямын" дейді. Кім білсін?Көкалат ауылында қос үй - Сейдеғали Смағұлұлы мен Қорған Әмірхамзаұлы қатар тұрдық. Біздің туыстығымыз, бауырмалдығымыз өте жақын, шүкір қазір де сол қалыптамыз.Төлеу әжем ақкөңіл, өте балажан кісі еді. Енді, сол кісінің аузынан жазып алынған (жазып алушы әкем - Қорған Әмірхамзаұлы) мына әңгімені Сіздерге ұсынамын:"Cорпа әкел....Енді бір әкелеріміздің шешімділігі мен батырлығын көрсеткен жағдай туралы қазақтың көрнекті жазушысы қоғам қайраткері, Төлен Әбдіков жазып еді. Төленнің әңгімелерінің бірінде кешегі азамат соғысы кезіндегі ақтардың жеңіліп, қазақ жері арқылы Қытайға өтіп бара жатқан оқиға суреттеледі. Қашқан ақтар жол бойындағы қазақ ауылдарына көп қиянат жасап, тонаушылыққа, адам өлтірушілікке барып, мал-дүниесін тартып алып отырған екен. Осындай жағдайларды естіп, құлағдар болып, ерте даярланып тас түйін отырған біздің ауылға кіші бесін кезінде ақтардың оң шақты қаруланған қашқын солдаттары сау ете қалыпты. Әкелеріміз бұларды амалсыз қарсы алып, ет асып киіз үйге түсіреді. Солдаттар өздерімен алып келе жатқан арақтарын ішіп, ет жеп, масаң бола бастайды. Бұл кезде әкелеріміз қайын жұрттары Дәулетбикелермен (ру аты) хабарласып, 20 шақты жігіт жиналып, қайткенмен солдаттарды аман жібермеуге сақадай даяр тұрады. Олардың келіскен шартты сөзі "сорпа әкел" болады. Солдаттар барлық қаруларын бір жерге жинап, күзетке бір адамын қояды. Сөйтіп, ет жеп бола бергенде, «сорпа әкел» деген хабар беріледі. Сол кезде даяр тұрған жігіттер бір-бір кесе сорпа ұстап, киіз үйге кіріп келіп, солдаттар есін жиғанша оларға шашып жіберіп, екі-үшеуден бір-бір солдатқа жабылып, тұзақ салып сүйрете жөнеледі. Бір-екі солдат мылтықтарына ұмытылғанымен, атқызып үлгіртпейді. Кейін Смағұл атам ақтардың командирі екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей жан екен. Бой бермей, сүт пісірім уақыт қарсыласып, көптігіміздің арқасында әзер жеңдік. Олардың ішіндегі біреуі ноғай екен, мен «мұсылманмын» деп жалынғанмен кейін өзімізге қауіп болады деп оны да өлтірген көрінеді. P.S. Негізінде қашқан Колчак пен Дутовтың әскерінің елге жасаған қиянаты көп болған. Бейбіт отырған ел амалсыз ішінара жауыздыққа қатыгездікпен жауап беріп отырған. Осындай бірлі жарым оқиғалардың ішінара басқа жерлерде де қайталанғанынан да хабарымыз бар. Суретте: Төлеу әжем, әкем Қорған және тұңғышы Сәбит ағам, фото 1960 жылдар басы түсірілген, Торғай жері[#Төлеу](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%82%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D1%83?__eep__=6&__cft__[0]=AZbK-btk1vsvsIRsZ00dYVzOw9LG8RM-taMkod6PxASRYG5IVRmwCRc4OR0WhnoeCt-IM023CLQWQlo676fg7Stgo8DXCaLo0IKA36RqNlZ754g2iMFG3cVtKXhVQ5jCIX8gVZz4qM8XxXvKPecjZBy_&__tn__=*NK-R) әже [#Көкалат](https://www.facebook.com/hashtag/%D0%BA%D3%A9%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%82?__eep__=6&__cft__[0]=AZbK-btk1vsvsIRsZ00dYVzOw9LG8RM-taMkod6PxASRYG5IVRmwCRc4OR0WhnoeCt-IM023CLQWQlo676fg7Stgo8DXCaLo0IKA36RqNlZ754g2iMFG3cVtKXhVQ5jCIX8gVZz4qM8XxXvKPecjZBy_&__tn__=*NK-R) ауылы #[Amandyq Amirkhamzin](https://www.facebook.com/amandiq.amirkhamzin?__cft__[0]=AZbK-btk1vsvsIRsZ00dYVzOw9LG8RM-taMkod6PxASRYG5IVRmwCRc4OR0WhnoeCt-IM023CLQWQlo676fg7Stgo8DXCaLo0IKA36RqNlZ754g2iMFG3cVtKXhVQ5jCIX8gVZz4qM8XxXvKPecjZBy_&__tn__=-]K-R)

---

Source: [https://yvision.kz/post/toleu-azhe-1019884](https://yvision.kz/post/toleu-azhe-1019884)