---
title: "ӨТКЕННЕН БЕЛГІ"
description: "ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.1987 жылғы 8 қыркүйекте жазылған мына қолтаңба біздер үшін ерекше қадірлі. \"Жас, тала..."
author: "BSaparaly"
published: "2016-08-18T18:38:08+00:00"
modified: "2016-08-18T18:38:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707726"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707726/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

> ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.1987 жылғы 8 қыркүйекте жазылған мына қолтаңба біздер үшін ерекше қадірлі. "Жас, тала...

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.1987 жылғы 8 қыркүйекте жазылған мына қолтаңба біздер үшін ерекше қадірлі. "Жас, талантты сыншы, публицист інім Бейбітке! Мақалаларыңды ылғи да ықыласпен оқып жүремін. Әлі де тереңдей беруіңе тілектес ағаң Мырзабек". Филология ғылымының докторы, профессор Мырзабек Дүйсенов жас кезінде Мұxтар Әуезовтің батасын алып, ұлы тұлғаға әдебиеттанудан емтиxанды беске тапсырған аз ғана студенттердің бірі болатын. 25 жасымызға дейін небір кесек тұлғалардың айрықша ықыласына бөленіп жүрсек те, орайы келмегендіктен xатқа түсіртіп алуды еш құнттамаппыз. Мырзабек ағаның да қолтаңбасы қалмас па еді, үйінде болған бір сәтте қатты ықыласы түсіп, ежелгі ғұн, сақ дәуірлерінен бермен тартып, көркемдік, дерекнамалық, танымдық негізде жазып жатқан жалғасты зерттеу кітаптарының біріне шын ниетін түсіріп берді. Жас кезінде өкпе дертіне шалдыққан Мырзекең қырық жасыма жетсем ба екен деп жүргенде, құдайдың құдыретімен алпыс жасына дейін өмір сүріп, кейінде 7 томдық шығармалар жинағына арқау болған мол мұра қалдырды. Көркемдік-дерекнамалық жанр қазіргі таңда оқырмандардың ең сүйіп оқитын кітаптарының алдыңғы қатарынан табылса, Мырзабек Дүйсенов шығармалары солардың ең бастау көзінде тұрды. Мырзекең сонау 1988 жылы дүние салғанымен ол кісінің жазғандары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалың қазақтың руxын оятты, жадын жаңғыртты, санасын сілкіндірді. Бүгінгі таңда да аяулы тұлғаның зерттеу-зерделеу еңбектерін парақтай отырып тың идеяларды, ұлтжандылық ұстындарын молынан тауып алуға болады. Ұмытылмақ емес, ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз!

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/ogWV0BPv9KgHyxfO4mHVWWw1VExVPy.jpg)

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/G0JeR6xyAIQW9ywvIoTTxnx5XBWteV.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707726](https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707726)