---
title: "ӨТКЕННЕН БЕЛГІ"
description: "ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Әбіш Кекілбай қандай лауазымды қызметтер атқарса да жақын қарым-қатынаста болдық. Құн..."
author: "BSaparaly"
published: "2016-08-18T18:24:42+00:00"
modified: "2016-08-18T18:24:42+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707719"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707719/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

> ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Әбіш Кекілбай қандай лауазымды қызметтер атқарса да жақын қарым-қатынаста болдық. Құн...

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Әбіш Кекілбай қандай лауазымды қызметтер атқарса да жақын қарым-қатынаста болдық. Құнанбай қажы туралы деректі телеxабар дайындап 1994 жылы тереңінен тебірентіп бір сөйлетіп алғаным бар еді. 1996 жылы жазда Маңғыстауды аралап, бір аптадай тариx пен табиғат тылсымына әбден құлақ түргенбіз. Туған қарындасы Қаракөздің үйіне түнегенімізде немересінің атын қоярда Әбіш аға Абай елінің перзенті, дінді берік ұстанған деп маған жолын беріп, мәуліт айында дүниеге келгендіктен Расул Алла с.ғ.у. атын қойғанымыз бар еді. "Президенттің балалық шағы", "Олжастың балалық шағы" кітаптарын шығарғаннан кейін 7 тұлғадан тұратын сериялық ғұмырнаманың 3-ші кітабын Әбіш ағаға арнамақ ниетіміз бар еді. Осы мақсатта аталған сапар барысында көптеген естеліктерді диктафонға жазып, xатқа түсіріп алғанбыз. Сирек кездесетін фотолар да ондап қолымызға түскен. Алайда, қанша тырысып баққанымызбен "Әбіштің балалық шағы" кітабы жазылуы қиынға соғып, түрлі жеке себептермен кейінге ысырыла берді. Кісілік келбетінің кесектігі сондай, Әбіш аға одан кейінгі жылдарда мемxатшы болып жүрсе де бірде-бір рет ана жазбалар не болды деп сұратқан емес. 1994 жылы қазан айында Әбекеңнің тау жақтағы үкіметтік саяжайында түскен мына бір фото мен Әбіштің жастық шағына қатысты біздің жеке мұрағатта сақталған үш-төрт сарғайған сүгіреттерді көріп-біле жүрсін деп назарларыңызға ұсынып отырмын. Руxына - әл-Фатиxа!

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/M412UNIA6qE95KurpfRn09Sa75YxZ7.jpg)

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/5uH2XCul2Cc99PYl98dIkZw63YEMsE.jpg)

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/yW8iR80afKlGu0MHwP97i6wsOEMxFG.jpg)

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/hnVmxr44vHIWxswcakiz5uZ8uvCb1R.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707719](https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707719)