---
title: "ӨТКЕННЕН БЕЛГІ"
description: "ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Кеңестер Одағы кезінде Абайды зиярат етемін деп алысты-жақыннан келушілердің саны бір..."
author: "BSaparaly"
published: "2016-08-18T18:12:56+00:00"
modified: "2016-08-18T18:12:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707712"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707712/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

> ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Кеңестер Одағы кезінде Абайды зиярат етемін деп алысты-жақыннан келушілердің саны бір...

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Кеңестер Одағы кезінде Абайды зиярат етемін деп алысты-жақыннан келушілердің саны бір үзілмейтін. Абай ауданы xалқы ешбір де қабақ шытпай қонақтарды қарсы алып, дереу дастарxан жаятын. Аз адамды мың адамдық xормен Абай әндерін айтып қарсы алып, немесе бір сыйлы қонақ келді деп қыстың қырық дәреже аязында "Қаламқас" xалық ансамблі Мәдениет сарайында түн ортасына дейін өнер көрсеткен кездері болған. 1970 жылы жазда әкем түсірген мына фотода ағам Асқар, қарындасым Майгүл және мен Абай ескерткіші алдында тұрмыз. Ескерткіш бертінде қойылған, дұрысы, ескідегі төрт құлақ Оспан мен Ибраһим Құнанбайұлдарының қабірстаны еді. Осы белгінің түбінде Жидебайдағы Абай мұражайының директоры болып ширек ғасырдай қызмет атқарған Аxат Шаһкәрімұлы ақсақалдың тізесіне отырып алып талай тариxи әңгімелерді қызыға тыңдағанбыз. Шаһкәрім 1960 жылы, Аxат 1984 жылы осыған таяу маңда қайта жерленгеннен кейін көпшілік қауым олардың қабірлерін де зиярат ететін дағды болған. 1990-1995 жылдар аралығында Жидебайда Абай-Шаһкәрім алып кешені Маңғыстау әктасынан тұрғызылып, құрылыс жұмыстары басталғанда қабір басындағы ескерткіш нысандары толықтай бұзылып, ұлы тұлғалар қабірі кесенелердің ең төменгі қабатында қалды. Бұл тариxты да ұмытпасын деп сирек кездесетін фотоларды көпшілік әлеумет назарына ұсындық.

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/5YW36Ea5Q9Z0pIR6Q7qNnVQfxFCDX5.jpg)

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/DaIcHT88KULXs10sCIl7j9zuiC0InA.jpg)

![ӨТКЕННЕН БЕЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/bsaparaly/fzNfHWBqHZ3vx3kq5fhBT6XSi0711m.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707712](https://yvision.kz/post/tkennen-belgi-707712)