---
title: "ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ"
description: "Қазақ елінің тәуелсіздігінің бастауы саналатын тарихи оқиға – Желтоқсан көтерілісіне де биыл жиырма ..."
author: "KNPKATYRAU"
published: "2011-12-16T05:51:00+00:00"
modified: "2011-12-16T05:51:00+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tkenge-ta-zym-213346"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tkenge-ta-zym-213346/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

> Қазақ елінің тәуелсіздігінің бастауы саналатын тарихи оқиға – Желтоқсан көтерілісіне де биыл жиырма ...

**Қазақ елінің тәуелсіздігінің бастауы саналатын тарихи оқиға – Желтоқсан көтерілісіне де биыл жиырма бес жыл толып отыр. Ел егемендігінің жиырма жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл о****қиғаға орай, Қазақстан коммунистік халықтық партиясының Атырау облыстық комитеті бүгін, яғни желтоқсанның он алтысы күні Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алауға барып, азаттық жолында жас өмірлері қыршыннан қиылған желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.**

Өткенге тағзым еткен партия ардагерлері, партия мүшелері және жас коммунистер егемендік ел мұраты екендігін, егемендіктің құны еш нәрсемен өлшенбейтіндігін, сондықтан да әр азамат ел тәуелсіздігін нығайта түсуге өз үлесін қосуы тиістігін айтты.

Өз кезегінде партияның Атырау облыстық комитетінің хатшысы Жәукен Көшенов «Атырауда желтоқсан құрбандарына арналған арнайы монумент жоқ болғандықтан да, Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алауға келіп тұрмыз. Бастысы, ел егемендігін жақындатқан желтоқсан құрбандары ешқашан ұмытылмайды. Біз олардың рухына мәңгілік тағзым етеміз. Еліміздің егемендігі - ұлтымыздың ұлы мұраты десек, азаттық алауы ешқашан сөнбеуі тиіс. Дамудың даңғыл жолына түскен тәуелсіз Қазақстанымыз, сүйікті Отанымыз көркейе берсін! Біз жастарды тарихқа тағзым ету арқылы, еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуға тәрбиелеуіміз керек» деді ол.

КНПК Атырау

![ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ](https://storage.yvision.kz/images/user/knpkatyrau/28h2B071LJQk46H6f22hRzCp26V7Ge.jpg)

![ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ](https://storage.yvision.kz/images/user/knpkatyrau/DzW2jy76aO8lzp633J3psHYTL0YKpk.jpg)

![ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ](https://storage.yvision.kz/images/user/knpkatyrau/Ov0TF3jDO4ztlmLPGMJCc8q71mpN8k.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tkenge-ta-zym-213346](https://yvision.kz/post/tkenge-ta-zym-213346)