---
title: "Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат! = От монетки до тенге: большое путешествие!"
description: "«БиблиоКидс» кітап клубының кезекті сабағында ақша тарихы мен Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгеге арналған «Тиыннан теңгеге дейін: ?..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-11-16T05:19:34+00:00"
modified: "2026-11-16T05:19:34+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tiynnan-tengege-deyin-ulken-sayahat-ot-monetki-do-tenge-bolshoe-puteshestvie-1022508"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tiynnan-tengege-deyin-ulken-sayahat-ot-monetki-do-tenge-bolshoe-puteshestvie-1022508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат! = От монетки до тенге: большое путешествие!

> «БиблиоКидс» кітап клубының кезекті сабағында ақша тарихы мен Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгеге арналған «Тиыннан теңгеге дейін: ?...

![Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат! = От монетки до тенге: большое путешествие!](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/8d1935c6cd9d1d6c94cb7955cbcbdc5a.png?width=1439&height=1004)

«БиблиоКидс» кітап клубының кезекті сабағында ақша тарихы мен Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгеге арналған «Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті. Сабақ барысында балалар ақша әлеміне қызықты саяхат жасады: ежелгі заманда адамдардың немен есеп айырысқанын, тауар айырбасының қалай пайда болғанын және Қазақстанда ұлттық валютаның қашан енгізілгенін білді. Викторина мен «Ақылды сауда дүкені» ойынында балалар ақша санауды, бағаларды салыстыруды және шығындарды сауатты жоспарлауды үйренді. Алексей Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкендері» ертегісіндегі Буратиноның шытырман оқиғаларын талқылай отырып, балалар оңай олжа туралы уәделерге неліктен сенуге болмайтыны туралы ойланды. Ал Ыбырай Алтынсариннің «Жомарт» әңгімесі оларға мейірімділік, жомарттық және жақсы істер туралы ой түюге көмектесті. Балалар барлық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысты, ал кездесу соңында әрқайсысы диплом алды!

![Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат! = От монетки до тенге: большое путешествие!](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/61b9557f9e264a634bb7d1e72fa74c17.jpg?width=1600&height=1200)

На очередном занятии книжного клуба «БиблиоКидс» состоялась познавательно-игровая программа «От монетки до тенге: большое путешествие», посвящённая истории денег и национальной валюты Казахстана — тенге. В ходе занятия ребята отправились в увлекательное путешествие в мир денег: узнали, чем люди расплачивались в древности, как появился товарный обмен и когда в Казахстане появилась национальная валюта. В викторине и игре «Магазин умных покупок» дети учились считать деньги, сравнивать цены и грамотно планировать расходы. Обсуждая приключения Буратино из сказки Алексея Толстого «Золотой ключик, или Приключения Буратино», ребята размышляли, почему нельзя верить обещаниям лёгкого богатства. А рассказ Ыбырая Алтынсарина «Щедрый человек» помог им задуматься о доброте, щедрости и хороших поступках. Ребята с интересом участвовали во всех заданиях, а в завершение встречи каждый получил диплом!

---

Source: [https://yvision.kz/post/tiynnan-tengege-deyin-ulken-sayahat-ot-monetki-do-tenge-bolshoe-puteshestvie-1022508](https://yvision.kz/post/tiynnan-tengege-deyin-ulken-sayahat-ot-monetki-do-tenge-bolshoe-puteshestvie-1022508)