---
title: "«ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..»"
description: "Үмбетбай УАЙДИН «ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..» Жақиымның бiр жақсы жерi баласының санасына жақсылық егед..."
author: "kitap2"
published: "2016-03-16T13:07:13+00:00"
modified: "2016-03-17T03:16:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tirik-aytpa-ltirem-684014"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tirik-aytpa-ltirem-684014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..»

> Үмбетбай УАЙДИН «ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..» Жақиымның бiр жақсы жерi баласының санасына жақсылық егед...

**Үмбетбай УАЙДИН**

«ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..»

Жақиымның бiр жақсы жерi баласының санасына жақсылық егедi. Бiр жолы ол баласы Бақыманға:

– Өлтiрiп жатса да өтiрiк айтпа. Өтiрiкшi бала өскесiн болады, сұйық болады. Сұйық болғасын өмiрi оңбайсың, от басасың. От басқасын табаның күйiп қалады, – деп түсiндiрдi.

– Мен өтiрiк айтпаймын.

– Өтiрiк айтпа! – деп, Жақиым леп белгiсiмен бекiттi.

Сол күнi Жақиым түнiмен теледидардан хоккей көрiп, төсекке мезгiлiнен ауып барып аунады. Есесiне ертеңгiсiн баласы оятып алды.

– Әке, бүгiн демалыс па?

Жәкеңнен жауап болмады. Бетiн бiр уыс сумен сыпырып жiберiп, тайғанап жүрiп киiнiп, Бақыманға бiр ауыз бұйрық бердi:

– Бол, тез!

– Әке, кешiктiк қой, мұғалiмге не дейiн?

– Не дейсiң, құлағым ауырып, әкеммен емханаға бардым дейсiң.

– Ұрыспайсың ба?

– Не деп ұрсам?

– Өтiрiк айттың деп.

– Онда автобус тоқтап қалды де.

– Ұрмайсың ба?

– Не деп?

– Өтiрiк айттың деп.

– Неге ұрамын, автобустың тоқтап қалғаны өтiрiк пе? Өтiрiк айтпа, өлтiрем!..

---

Source: [https://yvision.kz/post/tirik-aytpa-ltirem-684014](https://yvision.kz/post/tirik-aytpa-ltirem-684014)