---
title: "Тілеулі батыр туралы"
description: "Жезқазған көшелерімен жаяу жүріп келе жатып, бірінші шеткі базарына жеттім, сосын, автобусқа отырып, \"Кооператив\" деп аталатын орталық жа?..."
author: "Fvfylsr"
published: "2025-10-24T06:47:25+00:00"
modified: "2025-10-24T06:47:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tileuli-batyr-turaly-1018009"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tileuli-batyr-turaly-1018009/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тілеулі батыр туралы

> Жезқазған көшелерімен жаяу жүріп келе жатып, бірінші шеткі базарына жеттім, сосын, автобусқа отырып, "Кооператив" деп аталатын орталық жа?...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/e9b46a6e2163aa9d91776e4a8c37fb4d.jpg?width=900&height=439) Жезқазған көшелерімен жаяу жүріп келе жатып, бірінші шеткі базарына жеттім, сосын, автобусқа отырып, "Кооператив" деп аталатын орталық жақтағы базар маңына барып, араладым. Қала өзгеріп қалыпты. Арасында таксиге де отырдым, арзан көрінді, бір қызығы "Яндекс"-тен гөрі "Индрайвер" танымал екен. Сөйтіп, шаһар көшелерімен келе жатып, Тілеулі батыр көшесі дегенді оқып қалдым. Құлағым елең ете қалды. Себебі биыл Қараторғай-Сарыторғай сапары барысында 1916 жылғы Торғай қазақтары көтерілісі басшысының бірі (ханы) Әбдіғапар әмір Жанбосынұлының кесенесіне соғып, бұрынғы деректерімді толықтыра түскен едім. Әбдіғапардың бабасы Нияз Тілеуліұлының зираты Астана іргесінде екенін де білемін. Аталған тұлғалар көпшілікке таныс деп ойлаймын, Нияз бидің Абылайдың бас билерінің бірі болғанын айтсақ те жеткілікті. Айтқандай Ақмола атауы Нияз бидің кесенесімен байланысты деседі. Әкелі-балалы Тілеулі батыр мен Нияз би Ресеймен байланыс туралы құжатқа қолдарын қойғанын көреміз.Ал, енді, Тілеулі батыр кім дейтін болсақ, атақты Тама Есет батыр мен Шақшақ Жәнібек батырдың жорықтас жолдасы, өмір сүрген кезеңі шамамен 1695-1760 жылдар арасы. Орта жүздің Ұзын қыпшағы. Әйелі Жапалақ - Тама Есет батырдың қарындасы.Үш жүздің 1710 жылы Қарақұмдағы өткен халық құрылтайына, 1723 жылы Талас өзені бойында жоңғарлармен болған шайқасқа, сондай-ақ Бұланты - Білеуті шайқастарына қатысып, қыпшақ қолын бастаған. Бұланты шайқасында Тілеулі батыр жоңғар батырымен жекпе-жекке шығып, оны найзамен түйреп өлтіреді. Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Тілеулі батыр Әбдірахманұлы Ор өзенінің бойында жорықта жүргенінде қайтыс болады. Өзінің қайтыс болар алдындағы өсиеті бойынша сүйегі қандыкөйлек досы Тама Есет батырдың жанына жерленеді. Ол қазіргі Ақтөбе қаласынан 18 шақырым қашықтықтағы Бестамақ елді мекені маңында екен.Қазіргі күні Тілеулі батыр ұрпақтары 22 ру болып, 10 мың адамға жеткен деседі. Келіншегім сол кісілердің ұрпағы, сондықтан да жоғарыда айтқандай құлағым елең етіп, балаларымның ұлы нағашылары туралы білмекке ынтам да артқан еді!Суретте: Қостанай облысы Амангелді ауданы орталығындағы "А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейіндегі" Тілеулі батырдың қанжары[#СапарLike](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%81%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D1%80like?__eep__=6&__cft__[0]=AZXTDb_enxotWw0ixwAY-1qgTwkUh5OV8KNgGEMQIcKh1eS0DXJBjW97yq4aAxZ-3eFmWtVUE9HlM1qYnbc1-SQwIdlDgJ4Hapffo5MYMMtzlLkq-GzhncbcL-vJsn5GLZxmkj7CcjoS8Qh1Bt5K8lxM9cpJoYA6sGQR5FddlcRTjVo0yXs1wb3jto06jc1vfSo&__tn__=*NK*F)[#Ұлытау](https://www.facebook.com/hashtag/%D2%B1%D0%BB%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%83?__eep__=6&__cft__[0]=AZXTDb_enxotWw0ixwAY-1qgTwkUh5OV8KNgGEMQIcKh1eS0DXJBjW97yq4aAxZ-3eFmWtVUE9HlM1qYnbc1-SQwIdlDgJ4Hapffo5MYMMtzlLkq-GzhncbcL-vJsn5GLZxmkj7CcjoS8Qh1Bt5K8lxM9cpJoYA6sGQR5FddlcRTjVo0yXs1wb3jto06jc1vfSo&__tn__=*NK*F) облысы[#Ішкі](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%96%D1%88%D0%BA%D1%96?__eep__=6&__cft__[0]=AZXTDb_enxotWw0ixwAY-1qgTwkUh5OV8KNgGEMQIcKh1eS0DXJBjW97yq4aAxZ-3eFmWtVUE9HlM1qYnbc1-SQwIdlDgJ4Hapffo5MYMMtzlLkq-GzhncbcL-vJsn5GLZxmkj7CcjoS8Qh1Bt5K8lxM9cpJoYA6sGQR5FddlcRTjVo0yXs1wb3jto06jc1vfSo&__tn__=*NK*F) туризм[#Тілеулі](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%82%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%BB%D1%96?__eep__=6&__cft__[0]=AZXTDb_enxotWw0ixwAY-1qgTwkUh5OV8KNgGEMQIcKh1eS0DXJBjW97yq4aAxZ-3eFmWtVUE9HlM1qYnbc1-SQwIdlDgJ4Hapffo5MYMMtzlLkq-GzhncbcL-vJsn5GLZxmkj7CcjoS8Qh1Bt5K8lxM9cpJoYA6sGQR5FddlcRTjVo0yXs1wb3jto06jc1vfSo&__tn__=*NK*F) батыр[#Amandyq](https://www.facebook.com/hashtag/amandyq?__eep__=6&__cft__[0]=AZXTDb_enxotWw0ixwAY-1qgTwkUh5OV8KNgGEMQIcKh1eS0DXJBjW97yq4aAxZ-3eFmWtVUE9HlM1qYnbc1-SQwIdlDgJ4Hapffo5MYMMtzlLkq-GzhncbcL-vJsn5GLZxmkj7CcjoS8Qh1Bt5K8lxM9cpJoYA6sGQR5FddlcRTjVo0yXs1wb3jto06jc1vfSo&__tn__=*NK*F) Amirkhamzin

---

Source: [https://yvision.kz/post/tileuli-batyr-turaly-1018009](https://yvision.kz/post/tileuli-batyr-turaly-1018009)