---
title: "ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ"
description: "Кеше Жастар сарайында екі аптадан астам уақытқа созылған Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ фестиваліні..."
author: "makala"
published: "2014-09-23T23:55:08+00:00"
modified: "2014-09-23T23:55:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/til-zhanashyrlary-marapattaldy-430896"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/til-zhanashyrlary-marapattaldy-430896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

> Кеше Жастар сарайында екі аптадан астам уақытқа созылған Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ фестиваліні...

###

![ERA 6064 ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ](http://www.astana-akshamy.kz/img/2014/09/ERA_6064.jpg)

### Кеше Жастар сарайында екі аптадан астам уақытқа созылған Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ фестивалінің жабылу салтанаты өтті.

Шара 1989 жылдың 22 қыр­күйегінде елімізде тұңғыш қабыл­данған «Тіл туралы» заң­ның 25 жыл­дық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осыны атап өткен Астана қаласы тілдерді да­мыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов сол уақыттан бері мемлекеттік тіл төңі­регінде шешіл­мей келе жат­қан күрмеулі мәселелерді сөз қылды. Әсіресе, кейбір азаматттардың қазақша тіл сындыра алмауын қынжыла айтқан ол: «25 жылда сан ұрпақ дүниеге келді. Сол ке­зеңдегі оқушы бала мектеп бітірді, университетті аяқтады, алды магистратураны тәмамдады, ана-әке болып отыр, бірақ әлі де біздің Кеңес өкіметін көрмеген, Тәуелсіз заманда өмір сүріп отырған жас­тарымыздың арасында өзінің ана тілін білмей келе жатқандар баршылық» деді. Оның айтуынша, Астанада қазақ ба­лаларының 15 па­йы­зы орыс мек­теп­терінде бі­лім алуда. Ата-ана­лар­дың мұнысын түсін­бей­тіндігін жеткізген басқарма басшысы сөзін отбасылық тәрбиеге әкеліп тіреді. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4082-til-janashyrlary-marapattaldy))

---

Source: [https://yvision.kz/post/til-zhanashyrlary-marapattaldy-430896](https://yvision.kz/post/til-zhanashyrlary-marapattaldy-430896)