---
title: "ТІЛ – МУЗЕЙ ЭКСПОНАТЫ ЕМЕС: «ГРАМОТА.РУ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚ АВТОРЛАРЫНА АРАША ТҮСТІ"
description: "Заманауи сөздер мен интернет-қоғамдастық тілін оқу құралында пайдалануға бола ма? Беделді «Грамота.р..."
author: "MON_RK"
published: "2017-09-07T23:44:15+00:00"
modified: "2017-09-07T23:44:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/til-muzey-eksponaty-emes-gramota-ru-aza-standy-o-uly-avtorlaryna-arasha-t-sti-778090"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/til-muzey-eksponaty-emes-gramota-ru-aza-standy-o-uly-avtorlaryna-arasha-t-sti-778090/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТІЛ – МУЗЕЙ ЭКСПОНАТЫ ЕМЕС: «ГРАМОТА.РУ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚ АВТОРЛАРЫНА АРАША ТҮСТІ

> Заманауи сөздер мен интернет-қоғамдастық тілін оқу құралында пайдалануға бола ма? Беделді «Грамота.р...

Заманауи сөздер мен интернет-қоғамдастық тілін оқу құралында пайдалануға бола ма? Беделді «Грамота.ру» порталының бас редакторы мұны құптап қана қоймай, «қажет» деп отыр.

Естеріңізде болса, оқулық құрастырарда жаңашылдыққа бет бұрғандарды әлеуметтік желіде сынаушылар пайда болған еді. Әсіресе, бесінші сыныпқа арналған орыс тілі оқулығына шүйілгендер көп. Баспа мен оқулық авторлары өз істері оң деуден танбай отыр: балаға интернет-лексиканы біліп, оны ресми тілден ажырату артық болмайды. Бұл дау ел ішін дүрліктіріп қана қоймай, көрші елдерге де мәлім бола бастапты. Пікірталасқа жақында «Российская газета» ақпараттық порталы кірісті.

МҰНЫҢ БӘРІ – ОРЫС ТІЛІ

Аталған оқулық мазмұнына қатысты пікірін білу үшін [rg.ru](https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Frg.ru&post=-120804658_2680&cc_key=) корреспонденті орыс тілі саласында беделді сарапшы болып саналатын – «Грамота.ру» порталының бас редакторы Владимир Пахомовқа қолқа салды. Қазіргі кезде дәл осы интернет-сайт орыс тілінің орфография, пунктуация және лексикасына пәтуа беретін, мойындалған ресурс. Редактордың ойы мен біздің министрліктің ресми мәлімдемесі бір жерден шықты. Владимир Пахомовтың пікірінше: «балаға интернет-лексиканы біліп, оны ресми тілден ажырату артық болмайды». Егер олай етпеген жағдайда оқушыларда пікір қайшылығы тууы мүмкін. Мысалы, орыс тілі - жалпыға ортақ. Ол тілде сөйлесеміз, әлеуметтік желіге пікір жазамыз, достарымызбен арадағы қатынас құралы. Сөйте тұра, музей эскпонатын еске түсіретін ұлы классикалық шығармалар тілі де бар.

«Грамота.ру» өкілінің айтуынша, орыстың әдеби классика тілі, нақты шектелген мәтіндер, жаргон, ауызекі сөздер және интернет-лексика дегеннің барлығы - орыс тілі. Тек қолданылуы әр түрлі. Мектептің міндеті – балаларға оны дұрыс ажыратып, қаншалықты ақылға қонбайтын түрі болса да дұрыс қолдана білуді үйрету. Немесе орынсыз жерде тістен шығармауға дағдылану керек. Оқушыларды жаңа әдістеме қызықтыруы керек,-дейді редактор. Жаңа оқулық балаға оның күнделікті мектептен тыс жерде қолданып жүрген сөздері де орыс тіліне жататынын, тек стилі басқа екендігін ұқтырады. Олар да орыс тілінде сөйлейтінін, тек орысшасы өзгеше, ондай да орыс тілі бар екенін түсінуі керек,-деп сөзін түйіндеді Владимир Пахомов.

Мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады: [https://goo.gl/SejKed](https://vk.com/away.php?to=https%3A%2F%2Fgoo.gl%2FSejKed&post=-120804658_2680&cc_key=). Бізге хабарласқаныңызға рахмет! Сізді қызықтырған ақпарат жайында тиісті департаменттерге сұрау салып, білуге тырысамыз. Жауабын дереу береміз деп кепілдік бере алмаймыз. Себебі ҚР БжҒМ жанында арнайы call-орталық немесе анықтама бөлімі жоқ. Сондықтан жауап кешігіп немесе болмай жатса түсіністік танытаны деп сенеміз.

![ТІЛ – МУЗЕЙ ЭКСПОНАТЫ ЕМЕС: «ГРАМОТА.РУ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚ АВТОРЛАРЫНА АРАША ТҮСТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/n3sq0MgNX6j53Ey83ZPK2ZT713FQY2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/til-muzey-eksponaty-emes-gramota-ru-aza-standy-o-uly-avtorlaryna-arasha-t-sti-778090](https://yvision.kz/post/til-muzey-eksponaty-emes-gramota-ru-aza-standy-o-uly-avtorlaryna-arasha-t-sti-778090)