---
title: "Тіл - достық көпірі = Язык — мост дружбы"
description: "Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Тіл - достық көпірі» а?..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-09-01T10:40:45+00:00"
modified: "2026-09-01T10:40:45+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/til-dostyk-kopiri-yazyk-most-druzhby-1021873"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/til-dostyk-kopiri-yazyk-most-druzhby-1021873/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тіл - достық көпірі = Язык — мост дружбы

> Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Тіл - достық көпірі» а?...

![Тіл - достық көпірі = Язык — мост дружбы](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/7bfcc30f6410fadecac70355eeb0009b.jpg?width=1439&height=1004)

Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Тіл - достық көпірі» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тілдердің пайда болуы мен даму тарихы, олардың адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алып, әлем тілдері жайлы қызықты деректермен танысты, сондай-ақ Қазақстандағы тілдік және мәдени әртүрлілікті талқылады. Балалар ойындарға белсене қатысып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақтар мен фразеологизмдерді шешу арқылы өздерінің білгірлігі мен тапқырлығын сынады. Тақырыптық бейнероликтер тілге мәдениеттің бір бөлігі, қарым-қатынас пен өзара түсіністіктің маңызды құралы ретінде қарауға көмектесті. Бұл іс-шара қатысушыларға жаңа білім алумен қатар, тілдер мен мәдениеттердің алуан түрлілігі туралы ой түюге мүмкіндік берді.

![Тіл - достық көпірі = Язык — мост дружбы](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/d54df779ea621c86a866337023672781.jpg?width=1440&height=1022)

В преддверии Дня языков народа Казахстана для воспитанников «Костанайского центра по оказанию социальных услуг» прошло познавательное мероприятие «Язык — мост дружбы». В ходе мероприятия участники узнали об истории возникновения и развития языков, их роли в жизни человека и общества, узнали интересные факты о языках мира, а также обсудили языковое и культурное многообразие Казахстана. Ребята участвовали в играх: продолжали пословицы и поговорки, разгадывали загадки и фразеологизмы, проверяя свою эрудицию и находчивость. Тематические видеоролики помогли взглянуть на язык как на часть культуры и важное средство общения и взаимопонимания. Мероприятие позволило участникам не только узнать новое, но и поразмышлять о многообразии языков и культур.

---

Source: [https://yvision.kz/post/til-dostyk-kopiri-yazyk-most-druzhby-1021873](https://yvision.kz/post/til-dostyk-kopiri-yazyk-most-druzhby-1021873)