---
title: "ТІКЕЛЕЙ ЭФИР"
description: "01.01.2021 жылы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Қайшыбеков Сапарғали Түркістан облысы Түлкі..."
author: "tulkubas.nurotan.kz"
published: "2021-01-02T12:09:11+00:00"
modified: "2021-01-02T12:09:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tikeley-efir-907540"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tikeley-efir-907540/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

> 01.01.2021 жылы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Қайшыбеков Сапарғали Түркістан облысы Түлкі...

01.01.2021 жылы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Қайшыбеков Сапарғали Түркістан облысы Түлкібас ауданы Маслихатының депутаттығына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарласымен таныстырып өтті.

2020 жыл еліміз үшін үлкен сынақ болып, коронавирустық пандемия халықтың өмір сүруінде басымдықтарын түбегейлі өзгергті.

Біздер басты құндылық - адамның өмірі мен денсаулығы екендігін түсіндік. Осы сын-қатерлерге қарамастан «Nur Otan» партиясы елімізде экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау жане жана жұмыс орындарын құру, шағын кәсіпорындарының жұмыс істеуіне бар күшін сала білді. Партияның негізгі мақсаты - әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. Партия ашық диалогка, ұсыныстарыңызды колдай білетін, өзара ынтымақтастыққа дайын екендігіне сенімдіміз.

Құрметті, Түлкібас ауданының азаматтары, әлеуметтік желіні пайдаланушылар!

Сіздер аудан бойынша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын Шамшырақ газетінен оқып, танысқан боларсыздар. Онда негізінен 7 басым бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстар нақты көрсетілген.

Ауданының экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыру партияның негізгі бағыты болғандықтан, тұрғындардың табысын арттырып, азык-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлік бірлестіктердің, шағын кәсіпкерліктің дамуына жасалатындығы айқындалған.

Бағдарламада әрбір азаматтың өзін-өзі жұмыспен камту мәселелері, оларды ауылдық өндірістік коперативтерге тартуға ықпал етіп, жұмыссыздықың деңгейін 5%-ға дейін төмендету, туризмді дамытуды қолдау менің де сайлауалды бағдарламада көрсетіліп, «Жабығылы» елді мекенінің тау шатқалында туристерге арналған демалыс орнын салу жоспарында бар екенін атап өтті.

Кәсіпкерлерді қолдап, шағын және орта бизнестерді дамыту – өңір экономикасының өсіп дамуының бірден-бір динамикасы екені белгілі, сондықтан Партия COVID-19 тарауына байланысты зардап шеккен шағын бизнес субъектілерін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік қолдау және ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жағдай жасалатынын айтуға болады.

Ауданның «Жайлы аудан» басым бағыттарында көрсетілген тұрғындардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдап, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға өз үлесімді қосатын боламын.

Әлеуметтік бағдарлама бойынша – аудан азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік тұрақты дамуының көрсеткіші екені баршаңызға аян. Бұл денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтер бойынша аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға партия мүшелері белсенді атсалысу керек деп білемін.

Ауданның басымды бағыттарының бірі - жастарға арналған. Ауданымызда 27 мыңнан астам жастар тұратыны белгілі.

Жастар мемлекеттің болашағы. Сондықтан «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтетін болады. Сондықтан жастардың да ауданның сайлауалды бағдарламасын қолдап дауыс беруіне сенеміз.

Құрметті Түлкібас ауданының тұрғындары!

Ауданнын табысты дамуының кепілі - ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады.

Ынтымақтастықтың басты қағидаттары - ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдап, 2021 ж. 10 қаңтар күні өтетін сайлауда дауыс беруге шакырамын деп қорытындылады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/tikeley-efir-907540](https://yvision.kz/post/tikeley-efir-907540)