---
title: "«The New York Times»"
description: "«The New York Times» – ауқымды, күнделікті шығатын АҚШ басылымы. «The Wall Street Journal» мен «USA ..."
author: "Dinqa"
published: "2021-04-20T13:19:05+00:00"
modified: "2021-04-20T13:19:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/the-new-york-times-931697"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/the-new-york-times-931697/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «The New York Times»

> «The New York Times» – ауқымды, күнделікті шығатын АҚШ басылымы. «The Wall Street Journal» мен «USA ...

«The New York Times» – ауқымды, күнделікті шығатын АҚШ басылымы. «The Wall Street Journal» мен «USA Today-ден» кейін танымалдылығы жөнінен Америкада үшінші орында тұр. Ең алғаш Нью-Йорк қаласында шыққан газет 1851 жылдың18 қыркүйегінен бері үзіліссіз басылып келеді. Газет вебсайты Америкадағы ең таңымал сайттардың бірі болса, ал ұлттық газеттердің арасында бірінші орынды алып отыр. Компанияның төрағасы Артур Окс Сульцбергер, оның отбасы газетті 1896 жылдан бері басқарып келеді. Қазіргі таңда Сульцбергерлер отбасына Б класты акцияның 88%-ы тиесілі. Ал бас редакторы— Дин Бакет.

Сайт пайда болғанға дейін газеттің ұраны "Жаңалықтың барлығы да басылып шығарылуға лайықты" (All the News That’s Fit to Print). Кейіннен, газет сайты пайда болуымен "Жаңалықтың барлығы да шертуге арналған" (All the News That’s Fit to Click) деп ауыстырылды.

1970 жылдардың ортасынан бастап газет күнделікті жаңалықтарды, редакторларды, спорт жаңалықтарын толықтыратын арнайы бөлімдер қосу арқылы тақырыпты едәуір кеңейтіп, ақпарат құрылымын өзгертті. Кейінірек ол "Жаңалықтар", "Пікірлер", "Бизнес", "Спорт", "Ғылым", "Өнер", "Стиль", "Нью-Йорк жаңалықтары", т.б. айдарларға бөлінді. Көптеген газеттер алты бағанаға көшсе де «The New York Times» бірнеше жыл газеттің сегіз бағанасын сақтаған және ең соңғылардың бірі болып түрлі-түсті фотосуреттерді қолданған газет болды.

«The New York Times» ең алғаш «New-York Daily Times» ретінде 1851 жылы 18 қыркүйекте журналист, саясаткер Генри Джарвис Раймонд пен Республикалық ұлттық комитеттің екінші төрағасы, бұрынғы банкир Джордж Джонспен құрылды. Бірақ, көп ұзамай олар газетті 28 центке сатты.

1861 жылы 21 сәуірде «The New York Times» ірі күнделікті газеттерге қосылып, "дүйсенбі — сенбі" шығару кестесін өзгертті. Жексенбіде тағы бір тираж қосып, азаматтық соғыс тақырыбын күнделікті жариялауды ұсынды.

Газеттің әсері 1870-1871 жылдар аралығында, қалалық Демократиялық партияның жетекшісі Уильям Твидті әшкерелеу туралы бірқатар мақалалар жариялаған кезде өсті. 1880 жылдары «The New York Times» біртіндеп саяси тәуелсіз және аналитикалық газет болу үшін Республикалық партияның кандидаттарын редакторлық қолдаудан бас тартты. Бұл өзгеріс газеттің өз оқырмандарын, соның ішінде консерваторлар, бизнеске бағытталған, жоғары деңгейлі оқырмандарды жоғалтуды қажет етсе де, 1890 жылдары Теннесси штатының Чаттануга қаласынан келген баспагер Адольф Окстың басшылығымен газет бірнеше жыл бойы оқырмандардың санын қалпына келтіріп, әділ және бейтарап газет ретінде орнықты.

2005 жылы басылым саны жай күндері 1 млн 131 мың дана, жексенбілік шығарылымдары 1 млн 681 мың дананы құраған. «The New York Times» америка газеттерінің басым бөлігі сияқты аймақтық басылым ретінде шыға бастады. 2010 жылы 26 желтоқсанда жарияланған ресми ақпаратқа сенсек, газет тиражы жұмыс күндері 906 100 дана болса, демалыста 1 356 800 данаға дейін жеткен. «The New York Times» газеті жұмыс күндері $2.50 тұрады. Ал демалыста газет бағасы екі еселенеді. Қазіргі таңда халықаралық медиа компанияның Нью-Йорк аймағында 10 жаңалықтар бюросы, АҚШ территориясында 11 ұлттық бюро және шетелде 26 ақпараттық бюросы жұмыс істейді.

Газет үш бөлімнен тұрады:

Жаңалықтар: халықаралық, ұлттық, астаналық, бизнес, технология, ғылым, денсаулық, спорт, метрополитен, білім, ауа райы;

Пікірлер: редакциялық мақалалар, редакциялық емес мақалалар, редакцияға хаттар;

Ойын-сауық: өнер, кино, театр, саяхат, Нью-Йорк нұсқаулығы, тамақ пен шарап, үй мен бақша, сән мен стиль, кроссворд.

Метрополитен айдары бар газеттер тек Нью-Йорк, Нью-Джерси және Коннектикут штаттарында сатылады. Ал қалған тақырыптағы мақалалар барлық басылымда бірдей шығарылады.

1996 жылы газеттің интернет-басылымы пайда болып, жетекші орындардың бірін алды. 2005 жылдың наурыз айында веб-сайтты қарау 555 млн құрады.

«The New York Times» және «Microsoft» арасындағы ынтымақтастықтың арқасында құрылған "The Times Reader"- газеттің сандық нұсқасы. Технологияны 2006 жылдың сәуірінде Сиэттлде Артур Окс кіші Сульцберг, Билл Гейтс және Том Бодкин ұсынған. Бүгінгі таңда онлайн контенттен жаңалықтар қарау шектелген. 2011 жылғы өзгеріске орай, енді кез келген оқырман The New York Times газетінің ресми сайтында айына 10 мақаланы ғана тегін оқи алады. Ал одан көбірек ақпарат алуға ықылас танытқан адамдар тіркеліп, айлық ($1) немесе жылдық ($10) абонемент сатып алуы тиіс болады.

«The New York Times» журналистика саласындағы түрлі санаттардағы үздік жетістіктері үшін 117 Пулитцер сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, Пибоди сыйлығын төрт рет жеңіп алды.

2007 жылы Rasmussen Reports-тің бұқаралық ақпарат құралдарының саяси сенімдері туралы жүргізген сауалнамасына сәйкес: респонденттердің 40%-ы «The New York Times» либералды артықшылықтарға ие десе; респонденттердің 20% - ы газеттің саяси бояуы жоқ;11% - ы газеттің консервативті көзқарасы бар деп санайды. Саяси тұрғыда газетте кейбір қарама-қайшылықтар орын алды.

Мысалы, Ирак соғысы басталғаннан бір жыл өткен соң, «The New York Times» кейбір мақалаларын қатал емес және Ирак тарапының ақпаратына жиі тәуелді деп мәлімдеді. Репортер Джудит Миллер Ирак соғысы басталған кезде оның мақаласы іс жүзінде дұрыс емес, Джордж Буш әкімшілігінің ұстанымына тым қолайлы болды деген сыннан кейін отставкаға кетті. Бұл жағдайдан кейін «The New York Times» кешірім сұрады.

2003 жылы Гарвард халықаралық саясат журналының зерттеуі «The New York Times» мақалалары палестиналықтарға қарағанда израильдіктер үшін қолайлы деген қорытындыға келді. Саясаттанушылар Джон Миршеймер мен Стивен Уолт «The New York Times» кейде Израильдің саясатын сынға алады, бірақ объективтіліктен ауытқып кетеді, сондықтан ол израильдік болып қала береді деген тұжырымға келді. Екінші жағынан, Симон Висенталь орталығы «The New York Times» газетіне антисемиттік сипатқа ие болған Израиль-Палестина қақтығысына қатысты карикатуралар шығарғаны үшін сынға алды.

2020 жылдың 3 сәуірінде «The New York Times» ресми сайтында Украинаның Қырым түбегінсіз бейнеленген COVID-19 вирусын жұқтыру статистикасы бар әлем картасын жариялады. Кейіннен АҚШ-тағы Украина Елшілігінің дипломаттары суретті өзгертуді талап етті.

2021 жылдың 21 ақпаны «The New York Times» жексенбілік шығарылымы басты бетте 500 мың нүктеден тұратын кестемен шықты. Олардың әрқайсысы коронавирустан қайтыс болған адамды бейнелейді. Осылайша, газет соңғы 12 айда инфекциядан болатын өлім-жітімнің өсуін көрсетті.

---

Source: [https://yvision.kz/post/the-new-york-times-931697](https://yvision.kz/post/the-new-york-times-931697)