---
title: "ТЕТ 2017 Атырау"
description: "13.06.2017 \"Туған елге тағзым\" жобасының екінші күнінің бірінші жартысын біз Ақтөбе қаласының оқушыл..."
author: "aktoty_tukenova02"
published: "2017-06-13T11:14:23+00:00"
modified: "2017-06-13T11:14:23+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tet-2017-atyrau-769860"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tet-2017-atyrau-769860/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТЕТ 2017 Атырау

> 13.06.2017 "Туған елге тағзым" жобасының екінші күнінің бірінші жартысын біз Ақтөбе қаласының оқушыл...

13.06.2017

"Туған елге тағзым" жобасының екінші күнінің бірінші жартысын біз Ақтөбе қаласының оқушыларымен бірге Шымбұлақ тау-шаңғылық курортында өткіздік. 2500 метр биіктікте орналасқан Шымбұлақ курорты менде тек жақсы әсер қалдырды. Біз бұл курортта қызыққа толы 4 сағат өткіздік. Әлемде Швейцариядан өзге тек Алматыда ғана бар арқанжолда өткізген 30 минут ішінде біз жайнаған жасыл желекке көз тастап, ұмытылмас сезімге бөлендік. 1,5 сағат табиғат аясында жаяу жүріп, тауға шығып, таза ауамен тыныстадық. Шаршап-шалдығып жатақxанаға оралып, түскі асымызды ішіп, күш жинап алған соң біз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті саябағына барып, біраз жаяу серуендедік. Елбасының құрметіне қойылған ескерткішті көріп, естелікке фотосуретке түсіп, тамаша көңіл-күймен қайттық. Мектеп асxанасында кешкі асымызды ішіп, кезекті есебімізді бердік. Бір өкініштісі, бүгін мен өзімнің жобама қажетті мәліметтер жинай алмадым. Оған қарамастан, бүгінгі күн ұзаққа есте қаларлықтай қызықты өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/post/tet-2017-atyrau-769860](https://yvision.kz/post/tet-2017-atyrau-769860)