---
title: "ТЕТ 14.06.17"
description: "Таңертең Алматының НЗМ өкілдерін қарсы алғаннан кейін экскурсияға аттандық. Бірнеше сағатқа созылған..."
author: "makhambet_1"
published: "2017-06-14T12:54:08+00:00"
modified: "2017-06-14T12:54:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tet-14-06-17-770030"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tet-14-06-17-770030/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТЕТ 14.06.17

> Таңертең Алматының НЗМ өкілдерін қарсы алғаннан кейін экскурсияға аттандық. Бірнеше сағатқа созылған...

Таңертең Алматының НЗМ өкілдерін қарсы алғаннан кейін экскурсияға аттандық.

Бірнеше сағатқа созылған экскурсия музейден басталды.

14.06.17

Таңертең ерте оянып, таңғы асымызды ішіп алғаннан кейін "туған елге тағзым" жобасының ашылу салтанатына бардық. Маған ол ұнады, себебі бізге көптеген жылы сөздер айтылып, кішігірім сыйлықтар берді. Оған қоса, салтанатта мен Астана қаласының оқушыларының атынан сөз айттым. Шынымды айтсам, мен қобалжыдым, алайда өзімді ұстап, ойларымды нақты жеткіздім. Одан кейін біз экскурсияға аттандық. Бірнеше сағатқа созылған экскурсия Сарайшық қаласынан басталды. Сарайшық қаласы мектептен 20-30 мин қашықтықта орналасқандықтан, жолымыз ұзақ болды. Сол уақытты тез өткізу үшін біз түрлі ән айтып, балалармен одан сайын достасып кеттік. Сарайшық қаласына жеткеннен кейін біз кішігірім мешіттін ішіне кіріп, имамнан батамызды алдық. Кейін Қасым ханның көшірмелі қабіріне бардық. Онда бізге зерттеуші-археолог өзінің зерттеулері жайлы, жалпы Қасым ханның қабірі жайлы айтты. Қасымның нақты қабірі әлі табылмаған екен, алайда сол зерттеуші шамамен бір жерді тауыпты. Ол мәлімет өте құпия, оны тек ол және басқа 2 зерттеуші ғана біледі екен. Одан кейін біз киелі ағаштың қасына бардық. Сол зерттеушінің айтуы бойынша, бұл ағаш адамдардың физикалық ауытқуларын емдетуге көмектеседі екен. Оның айтқан шынайы болған әңгімелерінен мені қатты таң қалдырғаны - жүре алмайтын қыздың сол ағашты 15 минут ұстап, кейін ақырындап жүріп кеткені. Сол ағаштың киелігіне сеніп біз сол ағаштың қасынан 3 рет айналып, қолымызбен ұстадық. Кейін біз Сарайшықтың музейне кірдік. Ол маған өте қызықты, әрі информативті болды, мен өзіме жаңа ақпарат ала алдым.

Күннің екінші жартысы Атырау қаласының Х.Досмұхамедов атындағы университетте өтті. Біз сол университетпен жалпы таныстық, био-технология саласымен танысып, университетті араладық. Маған университет қатты ұнады, ол студенттерге көп мүмкіндіктер береді. Соңында, бізге Алаш зерттеушісі "Алаш партиясының" басқа мүшелері жайлы айтып берді. Біз оны үлкен ынтамен тыңдап, өзімізге жаңа мәлімет алдық.

Бүгінгі күнді қорытындылай келсек, уақытымыз өте іскерлі, тиімді рә сапарларға толы болды.

![ТЕТ 14.06.17](https://storage.yvision.kz/images/user/makhambet_1/St4AEl1AWM584P3wk2qf1FBHH0K72y.jpg)

![ТЕТ 14.06.17](https://storage.yvision.kz/images/user/makhambet_1/X389Yq0Sg3ek1f2iP8dF8RYBijK9sh.jpg)

![ТЕТ 14.06.17](https://storage.yvision.kz/images/user/makhambet_1/O5KZE1A3U7DIdb4fWjJP9nd63tXAuz.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tet-14-06-17-770030](https://yvision.kz/post/tet-14-06-17-770030)