---
title: "ТЕСТ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ"
description: "Сәуір айының өзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-04-08T06:55:36+00:00"
modified: "2015-06-18T04:04:57+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/test-n-tizhesi-zhoyyldy-489619"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/test-n-tizhesi-zhoyyldy-489619/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТЕСТ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ

> Сәуір айының өзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа...

Сәуір айының өзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылАгенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлерімен тест ережесін бұзу туралы 2 акт жасалды.Сонымен ағымдағы жылдың 7 сәуірінде департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің консультанты К.Есқараевтың қырағылығымен тест ережесін бұзу туралы акт толтырылды. Тест тапсырушы жазба құраларын, атап айтқанда телефон, микрофон және микронаушник қолдану кезінде ұсталды. Тест тапсыру барысында тағы да бір тест тапсырушы шпаргалка қолданғаны үшін қажетті сертификатты ала алмады. Екі жағдайда да тест нәтижелері жойылды және үміткерлер 6 ай мерзімге тестке қатысу құқығынан айырылды.

![ТЕСТ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/035628FebIowGS6Y2dyXDTiz2d7H7q.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/test-n-tizhesi-zhoyyldy-489619](https://yvision.kz/post/test-n-tizhesi-zhoyyldy-489619)