---
title: "Темір жолдағы локомотив мәселесі алдағы екі жылда шешіледі - Көлік министрі"
description: "«Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына жа"
author: "orazali"
published: "2024-02-15T07:02:48+00:00"
modified: "2024-02-15T07:02:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/temir-zholda-y-lokomotiv-m-selesi-alda-y-eki-zhylda-sheshiledi-k-lik-ministri-1001176"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/temir-zholda-y-lokomotiv-m-selesi-alda-y-eki-zhylda-sheshiledi-k-lik-ministri-1001176/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Темір жолдағы локомотив мәселесі алдағы екі жылда шешіледі - Көлік министрі

> «Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына жа

*«Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып осыны айтты.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/479fcf3d75655a7fa8155647c360aa.jpg)

«Өткен жылы локомотивтердің күрт жетіспеу қаупі болды. Дегенмен, бұрынырақ берілген тапсырыстардың арқасында былтыр қосымша 119 локомотив сатып алынды. Биыл тағы 194-і сатып алынады. 2025 жылы — 245 данасы алынады. Осылайша, қажеттілік толығымен шешіледі. Қазіргі уақытта да былтырға қарағанда локомотив тапшылығы мәселесі едәуір шешіліп отыр», — деді министр.

---

Source: [https://yvision.kz/post/temir-zholda-y-lokomotiv-m-selesi-alda-y-eki-zhylda-sheshiledi-k-lik-ministri-1001176](https://yvision.kz/post/temir-zholda-y-lokomotiv-m-selesi-alda-y-eki-zhylda-sheshiledi-k-lik-ministri-1001176)