---
title: "«Таза сессия» акциясы"
description: "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзег..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-05-15T09:14:34+00:00"
modified: "2015-05-15T09:14:34+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/taza-sessiya-akciyasy-501545"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/taza-sessiya-akciyasy-501545/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Таза сессия» акциясы

> Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзег...

![«Таза сессия» акциясы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/GuKJ542Fjb05msvTkLm7uBAd8irzV6.jpg)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және БатысҚазақстан облысының ішкі саясат басқармасы қол қойылған **Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспарын** іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп БҚО «Заман» өндірушілер қауымдастығы, «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры дәстүрлі «Таза сессия» акциясының басталуын ресми жариялады. Шара барысында белсенді студенттер қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

Шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының Жастар ісі комитеттерінің өкілдері, студенттері, «Темір-Бүркіт» ЖҚБ, «Ғасыр» ЖҚБ, «КазИИТУ студенттер ұйымы» ЖҚБ, «Жас толқын» ЖҚБ, «Заман» ЖҚБ және басқа жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

![«Таза сессия» акциясы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/15uu31vT8ZgXSpJ3Kqlqk6WwT80rH5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/taza-sessiya-akciyasy-501545](https://yvision.kz/post/taza-sessiya-akciyasy-501545)