---
title: "Таза болса табиғат, аман болар адамзат!"
description: "13.04.2024 күні “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша сенбілік өткізілді. Сенбілікке ҚазҰУ студенттері белсенді қатысып, ҚазҰУ қалашығын тазартты. Тазалық шарасына университет басшылығынан бастап 16 факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы..."
author: "AkipovaSaida"
published: "2024-04-17T06:09:58+00:00"
modified: "2024-04-17T06:09:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-1003529"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-1003529/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

> 13.04.2024 күні “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша сенбілік өткізілді. Сенбілікке ҚазҰУ студенттері белсенді қатысып, ҚазҰУ қалашығын тазартты. Тазалық шарасына университет басшылығынан бастап 16 факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы...

13.04.2024 күні “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша сенбілік өткізілді. Сенбілікке ҚазҰУ студенттері белсенді қатысып, ҚазҰУ қалашығын тазартты. Тазалық шарасына университет басшылығынан бастап 16 факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Сенбілікке қатысқан барлық адамдарға қалашықтың аумағынан арнайы аймақтар бөлініп берілді. 10000-ға жуық адам қалашықты қоқыстан, жапырақтардан және бұтақтардан тазартты.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/579274/94e6f36187498667bcfe7a51370042.jpg)

Қалашықта өткен сенбілікке университет ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы арнайы келіп қатысты. Білім ордасының басшысы студенттермен пікірлесіп, қоршаған ортаға қамқор болуға шақырып, ҚазҰУ-да алдағы уақытта болатын өзгерістермен бөлісті.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/579274/7de0af78d4071bbfa4f0cbb74ace69.jpg)

Сенбілікке барлық факультеттің студенттері белсені қатысты. Журналистика факультетінің 1-3 курс студенттері Заң факультетінің алдындағы алаңнан бастап 15-жатақханаға дейінгі аумақта тазарту жұмыстарың жүргізді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/579274/cd56a5b2dcc7dca03c1ad166aee215.jpg)

Тазарту жұмыстарына ат салысқан студенттерге керемет көңіл күйлері, қажырлы еңбектері және университет өміріне белсене араласқандары үшін көп рақмет!

---

Source: [https://yvision.kz/post/taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-1003529](https://yvision.kz/post/taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-1003529)