---
title: "Таяу Шығыстағы тауқыметтің саяси астары"
description: "Таяу Шығыстағы Израиль-Палестинаның саяси жағдайына әлем көз тікті. Екі елдің арасындағықақтығыстың тарихы тым тереңде жаты?..."
author: "molqyrz"
published: "2025-04-14T06:08:14+00:00"
modified: "2025-04-14T06:08:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tayau-shygystagy-taukymettin-sayasi-astary-1013413"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tayau-shygystagy-taukymettin-sayasi-astary-1013413/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таяу Шығыстағы тауқыметтің саяси астары

> Таяу Шығыстағы Израиль-Палестинаның саяси жағдайына әлем көз тікті. Екі елдің арасындағықақтығыстың тарихы тым тереңде жаты?...

Таяу Шығыстағы Израиль-Палестинаның саяси жағдайына әлем көз тікті. Екі елдің арасындағықақтығыстың тарихы тым тереңде жатыр. О баста дін мен саясат, жер мен ел дауынан басталған соғыстың ауқымы уақыт өте келе кеңейіп, геосаяси ахуалды ушықтырып жіберді. Тықыр таянған Таяу Шығыстағы қақтығысты шешуге ықыласты елдердің әрекеті нәтижесіз, ал араб елдері қайшылықтан басын алып қашып отыр.

**Жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты**

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде Ұлыбритания әскері Палестина жерін басып алды. Ұлттар Лигасы бекіткен құжатқа негізінде 1920 жылдан бастап ағылшындар билікке келіп, Британ қарулы күштері Трансиордания аймағын құрды. Олар 1948 жылдың 1 тамызында ғана БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен рұқсат бойынша Британ мандаты өз өкілеттілігін тоқтатты. Израиль мемлекеті ресми статусын 1948 жылдың 14 мамырында алды. Бірақ жаһандық масштабтағы оқиға даусыз шешілмеді. Тарихы тереңде жатқан мәселенің ушығу кезеңі өткен ғасырда шарықтау шегіне жетті. Осыдан 77 жыл бұрын, 1947 жылдың 29 қарашасында, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Палестинаны екі тәуелсіз елге бөлу туралы шешім қабылдады. Алайда екі мемлекет арасында өзара келіспеушіліктер туындады. Еврей халқы мен арабтар арасында толқу басталды. Палестина топырағының жартысынан көп аумағы Израиль қарамағына енді. Әлемдегі жер байлығының інжу-маржаны жасырынған Таяу Шығыстың «берекесін алудың» осылайша Ұлы жоспары жасалды. 1948 жылдың 15 мамырында Израиль-Араб соғысы басталды. Ливан, Ирак, Сирия, Иордания мен Египет сынды араб елдері мұсылман халықтары өмір сүретін аумақта еврейлердіңтолыққанды мемлекет құруына қарсы шығып, соғыс ашты. Соғыс Израильдің жеңісіменқорытындыланды. Елдегі саяси өзгерістерге палестиналықтар да белсене қарсы шықты. Палестина билігі БҰҰ құрған келісімге қарсы шықты. Көп бөлігінде арабтар қоныстанған аумақ тағы да паршаланып, Израильдің меншігіне өтеді.

Бұл қайшылықтың негізгі қозғаушы күші діни фактор екені белгілі. Сенімі бөлек Абар елдері мен шииттік көзқарастағы Иранның өзі бәтуаласа алмай отыр. Қақтығысты сырттан бақылаушы статусын алған кейбір араб елдерінің зардап шеккен мұсылмандарға қажетті деңгеңде қол ұшын созбай отырғаны байқалады.

​**Қазіргі жағдай нені аңғартады? **

​ Бүгінде Палестина босқындары бауыр халықтарынан көмек сұрап, уақытша шекара аса алмай отыр. Себебі, араб әлемі босқындар мен зардап шеккен бейбіт тұрғындар үшін өз шекараларына кіруге шектеу қойды. Олардың қатарында Мысыр, Сауд Арабиясы, Түркия мен тіпті Палестинаны қолдауға құқылы Иран да бар. Бұндай сиырқұйымшақтанудың саяси себебі де бар. Бұл жағдайда әр елдің жағдайын бөлек қарастырған дұрыс. Ең алдымен Мысырдың саяси жағдайы Израильдің ішкі және сыртқы жағдайына тәуелді екенін айта кетейік. Себебі, Мысырға «Вилаят Синай» лаңкестік тобы шабуыл жасағанда алғаш қол ұзын созған Израиль еді. Аталмыш террор топты қаржыландыратын да палестиндікХАМАС қозғалысы. Сондықтан Мысыр билігі басын дауға тікпей, бейтарап ұстанымда қалғандытиімді санайды.

​ Таяу Шығыстағы қанды қақтығысқа қатысы болмаса да, екі ел арасындағы жағдайға ықпалдаселдердің ішінде Түркия да бар. Себебі, еврейлер мен түріктер арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас жыл артып күшейіп келеді. Мұндайхалықаралық ынтымақтастықтың артуына Әзербайжанның әсері бар екенін айта кету керек. Израильдегі мұнай көлемінің молдығы, есепке салғанда Европа елдерінен кейін екінші орындыиеленуі, әскери күш жағынан ең мықты жабдықталған одақтас санатына кіруі сынды себептер де Израильдің сүйкімін арттырады. Қос елді табиғи газбен еврей жеріндегі «Левиафан» ірі газ игеру орны қамтып отыр. Қазба байлығын пайдаға асыру жолында Түркия Израилді жақтауға мұқтаж. Өйткені, Түркиядағы энергетикалық тапшылық жылдан-жылға артып келеді. Тіпті, ел президенті Ердоғанның өзі Израильді толыққанды қолдауға дайын, бірақ халқының діни сенімінен аттап кете алмайды.

​Бүгінде Израиль-Палестина қақтығысы тек Таяу Шығысты ғана емес, Батыс елдерді де алаңдатып отыр. Аль-Ақса мешітіне шабуыл, Иерусалимге деген талас пен Газа секторындағы тоқтаусыз жарылыстарға байланысты АҚШ қоғам белсенділері де өз ойларын білдірді. Аталмыш соғыс елдегі президент сайлауымен тұспа-тұс келіп, кандидаттар оқиға жайында өз ұстанымдарын білдіріп, Таяу Шығыстағы шатақты өз мүддесіне шебер пайдаланып жатыр. Камала Харрис пен Дональд Трамп арасындағы теледебаттарда, жеке сұхбаттарда еврей мен мұсылман қақтығысы жиі талқыланатынысондықтан.

​ Ең алдымен басты екі кандидат Израиль халқының мүддесін қорғау үшін қызмет ететіндерін еске сала кетейін. Трамптың халық алдында Израиль-Палестина жайлы сөйлеген сөзінде: «Бұл соғыс жабайылық пен өркениет, азғындық пен адамкершілік, жақсылық пен жамандық арасындағы күрес», - деген астарлы ой айтты. Трамптың айтуынша, оған дауыс бермеген еврей ұлтының өкілдері кейін қатты өкінуі мүмкін.Демократиялық партия кандидаты Камала Харрис Израильды қанша жерден қолдаса да, соғыстың екі мемлекеттің пайдасына бірдей шешілуін қамтамасыз ететінін айтты. Алайда Иран мен оның одақтастары Израильге шабуыл жасаса, иахудейлерелінің жағына шығатынын жеткізді. Кандидат да соғыс арқылы өз ұпайын сайлап алуды көздейді.Оның баяндамаларында жазықсыз тұтқынға түскен палестиндық әйелдер мен балаларды босату жайы жиі айталады.

**Біздің болжам: Соғыс жайлы сарапшылар не дейді? **

​ БҰҰ-ның 1947 жылы жариялаған келісімшартынан кейін екі ел үшін саяси, діни тұрғыдан маңызы бар Иерусалим қаласы бөліске түсті. Осыған сәйкес, Газа секторы Египеттің бақылауында қалды, ал Иордан өзенінің батыс бөлігі Трансиорданияның меншігіне өтті. Палестинаның көп бөлігі, нақтырақ айтқанда мемлекет меншігіндегі жердің 78%-ын Израиль иемденді. Саяси ахуалдың ушығуына да осы бір бөлініс себеп. Иерусалимнің соғыстан кейінгі болашағы әзірге белгісіз.

​ Соғыстың қай елдің пайдасына шешілетіні де беймәлім болып қала бермек. Себебі, билік өкілдері бейбіт келісімге қелуге құлықты емес. Егер әр мемлекет өзіне тиесілі аумақта тәуелсіз одақ құрса барша әлем халықтары үшін, әсіресе Израиль мен Палестинаның көршілес елдері үшін тиімді болар еді. Бұдан бөлек, даудың шешілуіне халықаралық деңгейдегі БҰҰ, ЕО секілді ұйымдар әсер ете алады. Халықаралық қатынастар бойынша Европалық кеңестің бас ғылыми қызметкері Хью Ловаттың сөзінше, соғыс кімнің пайдасына шешілсе де, Газа секторы ХАМАС-тың бақылауында қалады. Палестиндік террор топ өз позициясынан бас тартпайды және кез келген жолмен Газа секторын иемденуді көздейді. Даулы мәселе аясында таласқа түскен сектор жайлы профессор Натана Дж. Браунның да айтқаны бар: «белсенді соғыс іс-қимылдары аяқталғанмен, оның салдары жылдар бойы сақталады. Кішігірім түсініспеушіліктер де қайта болуы мүмкін. Нәтижесінде Газа секторы әрдайым гуманитарлық көмекке мұқтаж «суперлагерь» болып қалмақ». Ел билігі бейбіт келісімге келмесе, жағдай күннен-күнге ушыға береді.

​ Соңғы жаңалықтарға сәйкес 2023 жылдың 7 қазанында Аль-Ақса мешітіне жасалған шабуылдан басталған соғыс салдары ауыр. Статистикалық деректерге сүйенсек, соғыс Палестинаның 42000-нан астам бейбіт тұрғынының өмірін жалмаған. Қарулы күштер ұйымдастырған дүмпу аумақтары бүгінге дейін азық-түліктің жетіспеушілігі, ауыз су мөлшерінің аздығы мен медициналық көмектің берілмеуінен зардап шегіп жатыр. Ал Израиль соғыс басталғалы 1700-ден астам әскери адамдары мен бейбіт тұрғындарынан айырылған. Ашынған халық қай елде басым болса, сол елде демографиялық мәселелер туындап жатыр.

​Ал Газа секторында ХАМАС-тың тұтқынына түскен жазықсыздар саны 250-ге жетті. Иерусалимнің Шығыс бөлігі мен Батысында 479 палестиндік, 9 израильдық азамат тұтқынға түсіп, әлі босатылмаған. Бұл деректерге сүйенсек көп жағдайда зардап шеккен Палестина халқы екенін байқауға болады.

​ Саяси жағдайдың әсерінен сергелдеңге түскен қарапайым халықтың тағдыры көп жағдайда назардан тыс қалады. Сондықтан, Израиль-Палестина қақтығысының нақты бағасын беруде журналистердің кәсіби қызметі ерекше маңызды екенін айта кету керек.

***Түктібай Мөлдір***

---

Source: [https://yvision.kz/post/tayau-shygystagy-taukymettin-sayasi-astary-1013413](https://yvision.kz/post/tayau-shygystagy-taukymettin-sayasi-astary-1013413)