---
title: "Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтаймыз?"
description: "Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты қызметкерлері тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек екенін талқылайтын ..."
author: "Burkhanova"
published: "2025-10-29T10:46:30+00:00"
modified: "2025-10-29T10:46:30+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tauga-shykkanda-kauipsizdik-erezhelerin-kalay-saktaymyz-1018119"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tauga-shykkanda-kauipsizdik-erezhelerin-kalay-saktaymyz-1018119/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтаймыз?

> Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты қызметкерлері тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек екенін талқылайтын ...

**Бүгін Алматыда *«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты қызметкерлері тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек екенін талқылайтын семинар ұйымдастырды. Семинарда айтылған аса маңызды деген ережелерді сездердің назарларыңызға ұсынамыз.***

![Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтаймыз?](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f408e9766c93144896f416c5409d6829.jpg?width=1200&height=802)

** Шымбұлақ тау курорты қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, таудағы қауіпсіздікті арттыруға арналған пайдалы мәлімет дайындады. ****Бір күндік серуеннің өзі мұқият дайындықты қажет етеді. Егер алғаш рет тауға шыққалы жатсаңыз немесе қауіпсіздікті басты орынға қойғыңыз келсе, жаяу саяхатқа арналған 7 маңызды кеңеспен танысыңыз.****Бұл материал сізге бағыт таңдаудан бастап, ауа райын ескеру, дұрыс киім мен рюкзак жинау, төтенше жағдайға дайын болу сияқты ең маңызды ережелерді түсіндіреді. Саяхат – ләззат көзі, бірақ тек қауіпсіздік сақталған жағдайда ғана. Осы ақпаратты жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз – себебі аталған мәліметтер біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.*****Бағытты алдын ала зертте***Жолға шықпас бұрын жорық бағыты жайлы толық ақпарат жинау керек: қанша шақырым жүресіз, биіктік айырмашылығы қандай, су көздері қай жерде орналасқан және қалаға қайтып оралуға қанша уақыт кетеді. Тек біреудің айтқанына сеніп қалмай, картаны мұқият зерттеңіз. Wikiloc, [maps.me](http://maps.me), Osmand, Outdooractive секілді арнайы қосымшалардан дайын тректерді қарап алыңыз.Алғашқы сапарларыңыз үшін қысқа әрі оңай бағыттарды таңдаған жөн. Мысалы, Алматы маңындағы Бұтақты сарқырамасына немесе Қимасар шатқалындағы әткеншекке баратын бағыт – жаңадан бастап жатқандар үшін таптырмас нұсқа.***Ауа райын тексеріңіз***Тауда ауа райы жылдам өзгереді. Қалада күн ашық әрі жылы болса да, биікке шыққанда жауын жауып, салқын болуы әбден мүмкін. Сондықтан RP5, Windy немесе Snow-Forecast секілді сенімді ресурстардан нақты болжамды қарап алыңыз. Жаңбыр, жел немесе найзағай болжанса, саяхатты кейінге қалдырыңыз. Тіпті, болмашы жаңбырдың өзі тауда қауіп төндіруі мүмкін.***Дұрыс киім – қауіпсіздіктің негізі***Мақта футболка немесе жүн жемпір кияю қажет емес. Киімді қабаттап киген жөн:
- Базалық қабат – термокиім немесе синтетикалық футболка;
- Жылы қабат – флиска немесе жеңіл күрте (жазда да қажет);
- Сыртқы қабат – су өткізбейтін немесе желден қорғайтын күрте. Аяқ киім ерекше маңызды: ол тайғанақ соқпақтар мен тастарда сырғып кетпеуі керек, ал табан жақсы қорғалғаны жөн. Сонымен қатар күннен қорғайтын бас киім, жауынға қарсы киім, қосымша шұлық пен бафф – рюкзакта міндетті түрде болуы тиіс.***Рюкзакқа не салу керек?***Бір күндік саяхатқа шықсаңыз да, өзіңізбен бірге мына заттарды алыңыз:
- Кемінде 1,5 литр су;
- Қуат беретін жеңіл тағам (бутерброд, жаңғақ, энергетикалық батончик);
- Дәрі қобдишасы (бинт, жараға арналған сұйықтық, жеке дәрілер, пластырь, қолғап, қайшы);
- Маңдай шам (кешігіп қалсаңыз, өте қажет болады);
- Телефон, power bank, офлайн карта немесе қағаз түріндегі нұсқасы;
- Жылы киім (жеңіл күрте);
- Бафф – әмбебап көмекші: күннен, суықтан, желден қорғайды;
- Қоқыс пакеті – өзіңмен алып келген заттарды өзіңмен алып қайту үшін;
- Пышақ, ысқырық, тұтандырғыш, 3–5 метрлік жіп, құтқару көрпесі – төтенше жағдайларға дайын болу үшін;
- Треккинг таяқтары – тізеге түсетін күшті азайтады;
- Қолғап – жазда да жел мен суықтан қорғай алады. ***Қайда баратыныңызды міндетті түрде айтыңыз***Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды және қашан қайтып келетіндігіңізді ескертіңіз. Мүмкін болса, геолокацияңызды бөлісіңіз. Бұл – сіздің қауіпсіздігіңіз үшін өте маңызды. Саяхат барысында бағытты өз бетінше өзгертпеңіз – бұл адасу қаупін арттырады.***Топпен шыққан қауіпсіз***Жаңадан бастағандар үшін жалғыз саяхат қауіпті. Ең дұрысы – екі адам болып немесе шағын топпен шығу. Бұл бағдарлауда, жүктемені бөлуде және қажет болған жағдайда көмек көрсетуде пайдалы. Жарақат алған жағдайда, сізге көмектесетін адам қасыңызда болса, ол уақытты үнемдеуге көмектеседі.***Қайтып келуге қорықпаңыз***Таудағы басты қағида – егер бірнәрсе күмән туғызса, қайтып келіңіз. Шаршадыңыз ба, жаңбыр басталды ма, әлде өзіңізді жайсыз сезіндіңіз бе – тоқтаңыз. Тау ешқайда қашпайды. Келесі жолы сіз қайта барасыз, бірақ бұл жолы денсаулыңыз бен қауіпсіздігіңізді бірінші орынға қойыңыз. Ал ішкі даусыңыз «қайт» деп жатса, тыңдаңыз.Саяхат – бұл өзін-өзі тану, шыдамдылық пен еркіндік сезімі. Бірақ ол тек дұрыс дайындалған кезде ғана нағыз ләззат сыйлайды. Табиғатты жақсы көрсеңіз, оған құрметпен қараңыз, өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндірмеңіз.Тегтер: - [Тауға шығу](https://zhasalash.kz/tag/tauga-shigu/)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tauga-shykkanda-kauipsizdik-erezhelerin-kalay-saktaymyz-1018119](https://yvision.kz/post/tauga-shykkanda-kauipsizdik-erezhelerin-kalay-saktaymyz-1018119)