---
title: "Ташкентте жаңа әуежай салынады"
description: "Өзбекстан астанасы Ташкентте жаңа әуежай салынатын болды. Қазіргі қала ішіндегі әуежай жылына 9 млн. адам қабылдаса (11 млн. жолаушыға арна..."
author: "Fvfylsr"
published: "2025-10-24T12:03:40+00:00"
modified: "2025-10-24T12:03:40+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tashkentte-zhana-auezhay-salynady-1018028"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tashkentte-zhana-auezhay-salynady-1018028/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ташкентте жаңа әуежай салынады

> Өзбекстан астанасы Ташкентте жаңа әуежай салынатын болды. Қазіргі қала ішіндегі әуежай жылына 9 млн. адам қабылдаса (11 млн. жолаушыға арна...

Өзбекстан астанасы Ташкентте жаңа әуежай салынатын болды. Қазіргі қала ішіндегі әуежай жылына 9 млн. адам қабылдаса (11 млн. жолаушыға арналған), жаңа әуежайдың арқасында жолаушылар саны 2040 жылы 24 млн-ға жетеді деп болжанып отыр. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд. доллар деп бағаландып және әуежай Сауд Арабиясы, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің инвестицияларын тарту арқылы жүзеге аспақшы. Жобаны іске асыру Өзбекстан экономикасына 27 млрд. доллар қаражат кіріс түсіреді деп бағаланып отыр. Жаңа әуежай сәйкесінше шетелдік туристердің санының артуына да алып келеді және 2030 жылы Өзбекстанға 15 млн. турист келеді деген жоспар бар. Өзбекстан мұнымен тоқтамақ емес, көрші ел Мойнақта, Қоқанда, Зааминде, Шахрисабзде, Сарыасияда және Сохта әуежайлар салмақ, сөйтіп, елдегі әуежайлар саны он сегізге жетпекші. Меніңше, оларды сенімгерлік басқаруға шетелдік компанияларды тартатын болар, мысалы, Үгеніштегі әуежайды Оңтүстік Корея компаниясы басқаруға алып жатыр. Үргенішке осыған дейін жол түсіп еді, әуежайы жақсы екен, Еуропаға дейін рейстері бар. Айтқандай, оңтүстік көршімізден біз баяғыдан армандап жүрген Нью-Йоркке рейс бар және жақында әуе паркін жаңарту үшін АҚШ-та өзбек ағайындар 8 млрд. доллар қаражатқа әуе кемелерін сатып алуға уағадаласқан еді.Көрші елдің, бауырлас елдің игі істеріне, әуе саласындағы жетістіктеріне қуанамын, дегенмен, Қазақстанның әуе саласындағы шенеуіктері бір уақыт жан-жағына қарап қойғаны жөн еді. Орысша айтқанда "за державу обидно"![#Ташкент](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%82%D0%B0%D1%88%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82?__eep__=6&__cft__[0]=AZVvwqr_UWQN6QKFCMLCGFSxYyYpyo3Oz61A8UHhP5Wj2XGUx6QrKzvCAOtOUcDZz99K5vbpjyBBjOOsnwBKO0zQutzKkBpN0nQ67nnpmRv71gzRaY-llHqMr6o2yqM8uy7P2NXKz5ZenQk2W31PKFvP9_UPCNIfF4NdI_hJI9VkaNE6PvbbN59UIVRjJgCKaxc&__tn__=*NK-R)

әуежайы[#Өзбекстан](https://www.facebook.com/hashtag/%D3%A9%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD?__eep__=6&__cft__[0]=AZVvwqr_UWQN6QKFCMLCGFSxYyYpyo3Oz61A8UHhP5Wj2XGUx6QrKzvCAOtOUcDZz99K5vbpjyBBjOOsnwBKO0zQutzKkBpN0nQ67nnpmRv71gzRaY-llHqMr6o2yqM8uy7P2NXKz5ZenQk2W31PKFvP9_UPCNIfF4NdI_hJI9VkaNE6PvbbN59UIVRjJgCKaxc&__tn__=*NK-R)#[Amandyq Amirkhamzin](https://www.facebook.com/amandiq.amirkhamzin?__cft__[0]=AZVvwqr_UWQN6QKFCMLCGFSxYyYpyo3Oz61A8UHhP5Wj2XGUx6QrKzvCAOtOUcDZz99K5vbpjyBBjOOsnwBKO0zQutzKkBpN0nQ67nnpmRv71gzRaY-llHqMr6o2yqM8uy7P2NXKz5ZenQk2W31PKFvP9_UPCNIfF4NdI_hJI9VkaNE6PvbbN59UIVRjJgCKaxc&__tn__=-]K-R)

---

Source: [https://yvision.kz/post/tashkentte-zhana-auezhay-salynady-1018028](https://yvision.kz/post/tashkentte-zhana-auezhay-salynady-1018028)