---
title: "Тарихымыз табанымыздың астында жатыр...."
description: "Естеріңізде болса былтырғы жылы Рудныйда көше атауларын ауыстыру жөнінде талқылау болғаны мәлім. Сонда жұлқынып, тістеніп: \"Бұл менің қа?..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-06-04T11:30:25+00:00"
modified: "2026-06-04T11:30:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tarihymyz-tabanymyzdyn-astynda-zhatyr-1021112"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tarihymyz-tabanymyzdyn-astynda-zhatyr-1021112/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тарихымыз табанымыздың астында жатыр....

> Естеріңізде болса былтырғы жылы Рудныйда көше атауларын ауыстыру жөнінде талқылау болғаны мәлім. Сонда жұлқынып, тістеніп: "Бұл менің қа?...

![Тарихымыз табанымыздың астында жатыр....](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/e2bd60ff912fff137681ac18a5a2cb8c.jpg?width=884&height=501)

Естеріңізде болса былтырғы жылы Рудныйда көше атауларын ауыстыру жөнінде талқылау болғаны мәлім. Сонда жұлқынып, тістеніп: "Бұл менің қалам, сендер жатсыңдар" деген сарында бір әйелдің шыққанын да, оның видеосын көрген боларсыздар. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері бірде бір көшенің атын ауыстыруға құлықтары жоқ, қолдарынан іс келмейтін Облыстық мәдениет басқармасын ба әлде Қоғамдық даму басқармасын кінәлаймыз ба не жергілікті билік органдарының оралымсыздықтары дейміз бе? Қысқаша айтқанда, өзгеріс жоқ. Өзгерістің міндетті түрде болатына сенемін. Бірақ, айтпағым бұл емес, менің әңгіме қозғайын деп отырған тақырыбым кейбіреулердің "мы вам города построили" деген мағынада бір жақтан қаңғып келіп, "ақыл үйретуі".Ал, қазақтың қай даласы да киелі және кез-келген шаһарды алсақ, оның орнында қала не қала жұрты болғаны мәлім. Мәселен, Астана қаласы орнында Бозоқ қаласы, Оралдың орнында Жайық қаласы деп кете береді. Бұрынғы посттарымның бірінде жазым да. Ал, біздің 1957 жылы пайда болған Қостанай облысының Рудный қаласының орнында бұрыннан қала типтес жұрты, қоныс орны болғанын біреу білер, біреу білмес?

![Тарихымыз табанымыздың астында жатыр....](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/ddb2a781a7d05757b264bafe20bbb051.jpg?width=536&height=524)

Әрине, Рудный қаласының орнындағы біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықта өмір сүрген адамдардың кешені бәріміздің қызығушылығымызды тудырары сөзсіз. Бұл жай ғана қоныс емес, ол тұтас кешен, яғни, қоныс жұрты орнынан, молалар қалдықтары мен құрбандық шалу төбешігінен тұратын нысандар жиыны. Кешен орналасқан маңға кезінде қара шекпенділердің орнығуымен Алексеев атауы берілген, әрине байырғы атауы басқаша болар. Сонымен, Рудный қаласы орнындағы (дұрысы іргесі) Алексеев қонысының ұзындығы 1 шақырым. Қоныстың өзі 1921 жылы табылған. Жеркепелердің бір бөлігі қазылып, қоныстағы күл төккен қатарлар мен жер асты құрылыстары анықталды. Жерленген кісілердің молалары кешеннің дәл осы тұсында еңіс болуына болуына байланысты опырып қалған деседі. Дегенмен, 21 жерлеу орны қазылған. Бір қызығы мұнда өмір сүргендердің бойлары биік болмаса керек, ал, мына суреттегі әйел (екінші суреттегі) адам зор денелі, бойы 2 метр. Герасимов заманында оның бет-бейнесін заманында қалпына келтірген. Әдетте жерленгендер сол жағына бұрылып қойылған. Олардың қастарына тамақ саланған қыш ыдыстары салынған. Әйелдердің бейіттерінде көбінесе қола сәндік заттары кездеседі. Мойынға тағатын әшекейлер де бар. Қоныс орнынан әу баста қыш ыдыстары (бірінші суретте) табылған, бір таңқаларлығы олардың сапасы өте жоғары екен. Қола заттары мен әшекейлері шыққан. Манағы құрбандық шалу төбешігінің биіктігі 10 метр. Мұнда металлургия қатты дамығанын көреміз (үшінші суретте үлгісі). Тұрғындар жеркепелерде тұрған, ондай үйлердің жетеуі ғана зерттелген, бірі кші, бірі үлкендеу болған бұл кепелер бір-бірімен жалғасып жатыр. Қысқаша айтқанда қоныс тұрғындарының қыш пен металлды терең өңдеу технологиясын игергені дәлелденген.

![Тарихымыз табанымыздың астында жатыр....](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/8224beee7c58fb3162eb0abb9362687f.jpg?width=985&height=404)

Өкініштісі, қойнауы терең тарихымыздан сыр беретін бұл кешен тұтастай қоқыс алаңына, жойылуға айналды. Міне, тарихымыз табанымыздың астында тура мағынасында жатыр, бірақ, өкінштісі оған мән беріп, қорғауды күшейтіп, зерттеу жұмыстарын кешенді жүргізіп, байырғы тарихымызды әспеттеу дұрыс болмай тұр! Өте өкініші әрине!Егер, мемлекеттік қолдау болған жағдайда Рудный шаһарында мықты туристік нысан жасап, өз елімізден ғана емес, шетелдік қонақтарды тартуға болар еді. Және, ынсап болған жағдайда Рудный қаласы тұрғындары мен Қостанай облысы үшін кешеннің танымдық жағынан да маңызы зор болар еді!Ақпарат және суреттер [https://archaeology.kz/](https://archaeology.kz/) сайтынан алынды!Материал авторы - [Amandyq Amirkhamzin](https://www.facebook.com/amandiq.amirkhamzin?__cft__[0]=AZalYgCxtNmyadBc8nGhtH1bpcv2hTwPagLmBWoU_ujb1mcC3hiuo3zNI2KPPGw_ixfk1Il5YdGQjyr6Wzrk_LIYAOx9xWN9OfvHCIZAuy7mkuI_dxrVfkycp4GIhRtoJGGi72W63cOzNRD8Vc4OsUAK&__tn__=-]K-R)[#Қазақ](https://www.facebook.com/hashtag/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B?__cft__[0]=AZalYgCxtNmyadBc8nGhtH1bpcv2hTwPagLmBWoU_ujb1mcC3hiuo3zNI2KPPGw_ixfk1Il5YdGQjyr6Wzrk_LIYAOx9xWN9OfvHCIZAuy7mkuI_dxrVfkycp4GIhRtoJGGi72W63cOzNRD8Vc4OsUAK&__tn__=*NK-R) тарихы [#Рудный](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%80%D1%83%D0%B4%D0%BD%D1%8B%D0%B9?__cft__[0]=AZalYgCxtNmyadBc8nGhtH1bpcv2hTwPagLmBWoU_ujb1mcC3hiuo3zNI2KPPGw_ixfk1Il5YdGQjyr6Wzrk_LIYAOx9xWN9OfvHCIZAuy7mkuI_dxrVfkycp4GIhRtoJGGi72W63cOzNRD8Vc4OsUAK&__tn__=*NK-R) қаласы [#Алексеев](https://www.facebook.com/hashtag/%D0%B0%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B5%D0%B5%D0%B2?__cft__[0]=AZalYgCxtNmyadBc8nGhtH1bpcv2hTwPagLmBWoU_ujb1mcC3hiuo3zNI2KPPGw_ixfk1Il5YdGQjyr6Wzrk_LIYAOx9xWN9OfvHCIZAuy7mkuI_dxrVfkycp4GIhRtoJGGi72W63cOzNRD8Vc4OsUAK&__tn__=*NK-R) қонысы

---

Source: [https://yvision.kz/post/tarihymyz-tabanymyzdyn-astynda-zhatyr-1021112](https://yvision.kz/post/tarihymyz-tabanymyzdyn-astynda-zhatyr-1021112)