---
title: "ТАРИХИ КИНОНЫҢ ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛГЕНІН ҚАЛАР ЕДІҢІЗ?"
description: "«Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлға­ларына арналған кинолар т..."
author: "makala"
published: "2014-11-17T01:43:35+00:00"
modified: "2014-11-17T01:43:35+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tarihi-kinony-alay-t-sirilgenin-alar-edi-iz-440190"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tarihi-kinony-alay-t-sirilgenin-alar-edi-iz-440190/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТАРИХИ КИНОНЫҢ ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛГЕНІН ҚАЛАР ЕДІҢІЗ?

> «Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлға­ларына арналған кинолар т...

![2401](http://almaty-akshamy.kz/wp-content/uploads/2014/11/2401.jpg)

«Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлға­ларына арналған кинолар түсіру қажет». Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевпен кездесуінде осылай деді.

Кино – ұлттық нақышты бедерлеп, ұлттың бет-бейнесін көрсететін өнер. Демек, кино арқылы әлем бізді таниды деген сөз. Ұрпағы үшін түйенің қомында, аттың жалында жүріп, қазақтың жері мен елі үшін шайқасқан ата-бабаларымыздың ерлігі ересен. Әрине, бұл біздің тарихи кітаптардан түсінгеніміз. Шым-шытырық оқиғаға толы қазақтың тарихы шынымен де киноға сұранып тұр. Тұнған бір шежіре дерсіз. Демек, тарихи кинолардың дәуірі жүріп, елдің кешегі өміріне тереңдейтін кез алыс емес.

Сұлтан Қожықов түсірген «Қыз Жібектің» деңгейіне жететін, қанша көрсе де жалықпайтын, тарихтан сыр шертетін фильмнің экраннан жарқ ететін күні де жақын шығар, бәлкім. Біз осы орайда танымал тұлғалардан «Қазақтың тарихын кино тілінде сөйлете аламыз ба?» деген оймен «Тарихи киноның қалай түсірілгенін қалар едіңіз?» деген сауалнама жүргізіп көрген едік. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4312-tarihi-kinonin-kalai-tusirilgenin-kalarediniz))

---

Source: [https://yvision.kz/post/tarihi-kinony-alay-t-sirilgenin-alar-edi-iz-440190](https://yvision.kz/post/tarihi-kinony-alay-t-sirilgenin-alar-edi-iz-440190)